Класы: 8
Сабақтың тақырыбы: " Графиктік процедуралар"
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.
2. Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
3. Оқушылардың зейінін Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру
3. Сабақтың мақсатын айту
ІІ. Топтастыру (Психогеометриялық сараптама) (Оқушыларды таңдаған фигуралары бойынша топтастырып, өздерінің алған фигуралары бойынша мінездеме беру).
Квадрат. Еңбекқорлық, бір бастаған ісін соңына дейін жеткізу. Оның негізгі қасиеттері: шыдамдылық, байыптылық, ол әрбір нәрсе өз орнында болғанын, қатаң тәртіпті қалайды. Өмірде кездесетін өзгерістерді сүймейді, ол үшін барлығы жоспарланған күйде жүзеге асуы тиіс.
Үшбұрыш. Бұл лидерліктің белгісі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. Үшбұрыштың ең басты қасиеті өзіне сенімділік. Ол әрдайым жоғары жетістікке жетуді көздейді.
Шеңбер. Барлық фигуралардың ішінде ең жақсы қарым қатынасқа түсуші және тыңдаушы. Оған тән қасиеттердің бірі жоғары эмпатиясының дамығандығы мен сезімталдық. Шеңбер тума психолог, адамның жан дүниесін жақсы таниды, басқалардың қуанышы мен қайғысы өзінің басынан кешкендей сезінеді. Сондықтан айналасындағылар шеңберге жақын тартылады.
Зигзаг. Шығармашылық белгісі. Оларға әр түрлі бір бірімен келіспейтін идеяларды араластырып, жаңа ерекше көзқарас қалыптастыру ұнайды. Ойына өте қызықты және жаңа идеялар түссе жер бетіндегілердің бәріне жеткізуге даяр.
ІІІ. «ИНСЕРТ» кестесін толтырыңыздар
.........
Оқушылар «Білдім» және «Білгім келеді» бағандарын толтырады, сабақтың соңында үшінші «Үйрендім» бағанын толтырады.
«Кім жылдам?» сұрақ - жауап (бұл бөлімде топтарға сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қолын көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіндік бар.)
1. Паскаль бағдарламасында графикалық мүмкіндікті қолдануға бола ма?
2. Графикалық режимде неше түс бар?
3. Графикалық режимдегі координаталар жазықтығындағы бірінші Х координатасы мен екінші У координатасы қалай өзгеріп отырады?
4. Координатаның басы қай нүктеден басталады?
5. Экран фонының және фигура жиегінің түсін білдіретін процедураларды ата.
6. Шеңбер салу процедурасына сипаттама бер
7. Тіктөртбұрыш салу процедурасына сипаттама бер.
8. Тұйық облысты бояу процедурасы қалай аталады?
9. Тұйық облыс дұрыс боялуы үшін нені ескеруіміз керек?
10. Графикалық драйвер, графикалық режим қалай іске қосылады?
11. Боялған нүкте салу процедурасы қалай аталады?
12. Түзу салу процедурасы қалай жазылады?
ІV. «Миға шабуыл». Кестедегі «Жазылу үлгісі», «Атқаратын қызметі» бағандарын толтырыңыздар.
Графикалық процедуралар ---------- Жазылу үлгісі --------------- Атқаратын қызметтері
LINE
RECTANGLE
BAR
CIRCLE
ELLIPSE
ARC
FLOODFILL
PUTPIXEL
OUTTEXT
OUTTEXTXY
SETTEXTSTYLE
SETUSERSIZE
SETBKCOLOR
SETCOLOR
V. Ақпараттық диктант. Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде), сауатты жазыңдар.
1. Түс, 2. Боялған нүкте, 3. Түзу (сызық), 4. Тіктөртбұрыш, 5. Іші боялған тіктөртбұрыш, 6. Шеңбер, 7. Экранның фонының түсі, 8. Фигура жиегінің түсі, 9. Тұйық облыстың үшін бояу, 10. Эллипс, 11. Доға, 12. Берілген орнынан (позициядан) бастап экранға мәтін жолын шығаратын процедура.
(Color, PutPixel, Line, Rectangle, Bar, Circle, SetBkColor, SetColor, FloodFill, Ellipse, Arc, Outtext)
VI. Практикалық жұмыс.
№1 тапсырма. Тек бір геометриялық фигураны пайдаланып сурет салыңыз; графигін құрып, оның программасын жазыңдар.
1-топ – төртбұрыш;
2-топ – шеңбер;
3-топ – түзу (сызық);
4-топ – эллипс және доға.
№2. Жаңа жылдық шыршаның суретін салыңыздар. Шыршаға түрлі - түсті ойыншықтар орналастырып, жанып - сөніп тұратын шамдармен безендіріңдер.
VІI. Сабақты бекіту.
1. Инсерт кестесінің 3 - ші бағаны («Үйрендім») толтырылады.
Білдім Білгім келеді Үйрендім
2. Координаталары (0; 0), (- 1; 1), (- 3; 1), (- 2; 3), (- 4; 6), (0, 8), (2; 11), (6; 10), (3; 9), (4; 5); (2; 5), (3; 0), (2; 0), (3;- 8), (1;- 7), (0; 8), (0, 0) нүктелерді салып, шыққан нүктелерді қосыңыздар. Не пайда болды? (Шыққан нүктелерді тізбектей қосқанда түйеқұстың бейнесі шығады).
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үй тапсырмасы: «Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар» тақырыбын оқу. Мәтіні бар сурет салып, программасын жазу.
ХІ. Сабақты аяқтау.
Графиктік процедуралар
Сабақтың тақырыбы: " Графиктік процедуралар"
2024年3月5日889 浏览

#информатикадан ашық сабақ#графиктік процедуралар
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
18 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
18 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
38 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

