Алматы облысы, Іле ауданы,
«№20 орта мектебі» МКМ - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оманова Гүлзат Төребекқызы
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай шығармаларындағы еңбек тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, суреттер, Алтынсарин шығармалары
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, еңбек, география.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Оқу құралдарын түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау
«Ы. Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді. Ол қараңғы, көшпелі өз халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» - деп жазды орыс достары.
«Оренбурский листок» газеті
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
«Деректер сөйлейді»
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі.
1857 - Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859 - Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н. Н. Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1881 – Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
1883 – Торғайда қолөнер мектебі ашылды.
1887 – Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды.
1889 – Қайтыс болған жылы
ІІІ. Жаңа сабақ
- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады.
Еңбекті сүю, қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі тақырыптардың бірі. Мұнда Отанын қадірлеуге, сондай - ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді.
Жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы өлеңдері мен әңгімелері
1 Білімге шақырған өлеңдері
«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер, білім бар жұрттар».
2. Әлеуметтік теңсіздік:
«Залым төреге», «Әй, жігіттер»,
3. Табиғат тақырыбында
«Жаз», «Өзен»
4. Ел ішіндегі теңсіздік, келеңсіздіктерді жырлайды.
«Азған елдің билері, хандары, байлары», «Залым төреге».
5. Өз еңбегіңмен күн көрге шақырады
«Әй, достарым!»
6. Адал еңбекті, шындықты жырлайды
«Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» өлеңі
7. Орыс жазушыларының аудармалары:
К.. Д. Ушинскийдің «Үнді» әңгімесін, “Сауысқан мен қарға”, “Теке мен түлкі” мысалдарын,
Л. Н. Толстойдан “Мұңсыз адам”,”Данышпан қазы”.”Үш ұры” ертегілерін,
И. А. Крыловтың “Қарға мен түлкі” мысалы
8. Еңбек тақырыбында: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады?», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Мейірімді бала», «Шеше мен бала» т. б. әңгімелері бар.
«Әке мен бала», «Жаман жолдас» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
▪ Әке
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді
▪ Бала
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ
▪ Жақсы
Ауру жігіт
Жерге құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді
▪ Жаман
Сау бала
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады
Мақалды талдау
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»
- Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталас
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Фонетикалық талдау (қазақ тілімен байланыстыру, математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. «Таза бұлақ» әңгімесі.
Ү. Қорытынды.
Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылыми Академиясы жұмыс жасайды. Ы. Алтынсарин атында медаль бар.
«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің соңғы шумағымен сабақты аяқтаймыз.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
«Өнер – жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ы. Алтынсарин әңгімелерін оқу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу.
Ыбырай шығармаларындағы еңбек тақырыбы
Алматы облысы, Іле ауданы,
2024年3月5日583 浏览

#Ыбырай Алтынсарин#қазақ әдебиеті 10 сынып#ыбырай шығармалары
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
8 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
28 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

