Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жонысова Бибігүл Ғизатқызы
Ашық сабақ
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
а) Ж дыбысын және әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
ә) Ж дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту. Оқу техникасын жетілдіру.
б) спортты жақсы көруге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, суретпен жұмыс, есте сақтау диктанты.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп, Ж әрпінің жазба түрі.
Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберін құру. Әр бала өздерінің жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады.
1. Мен денсаулық тілеймін.
2. Мен сәттілік тілеймін.
3. Мен бейбітшілік тілеймін.
4. Мен бақыт тілеймін.
5. Мен Отанымды сүйемін.
6. Қазақстаным гүлдей бер.
б) Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
• Балалар, бүгін бізде қонақта ұстаздарымыз. Қазақ халқы қонақжай, келген қонағымызға төрден орын беріп, құрмет көрсетеміз.
• Енді біз қалай құрмет көрсетеміз, білесіңдер.
• Партада әдемі, түзу отыру. Сабаққа жақсы қатысып, дұрыс жауап беру екен.
• Менің сұрағыма жауап беріңдерші.
• Қазір жылдың қай мезгілі, білесіңдер ме?
• Қазан, яғни күз айы.
• Олай болса осы қазан айының алғашқы аптасы ұстаздар күні (3 қазан) және қыркүйек айында (22 жұлдызы) тілдер күні деген атаулы күндер бар екен. Соған байланысты бізде апталық жүріп жатыр.
• Біздің Отанымыз қалай аталады?
• Қазақстан Республикасы
• Біздің Елбасымыз кім?
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
• Қазақстан Республикасының рәміздерін атайықшы: Әнұран, Елтаңба, Ту. Олай болса біздің өз тіліміз де бар екен. Ол қазақ тілі мемлекеттік тіл. Әр Қазақстан Республикасының азаматы қазақ тілінде сөйлеп, тілімізді құрметтеуді борышым деп есептейді.
II. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
Әліппе 69 - бет.
Жол – ба – рыс (3 буын), жа – пы – рақ (3).
Ж – дауыссыз дыбыс.
Буын сөздерді оқыту.
Жа – ға, жа – лау, жо – та, жан – тақ, жу – ан, жа – са, жа – сау, жу – а, жу – сан, жу – ас.
Жусан мәтінін оқыту.
Далада жусан бар (3). Жусанға мал жақсы жайылады (4). Жарас малды жусанға жайды (4). Мал тойынды (2).
Буын сөздерді оқыту:
Ол – жас, жыл – қы, шыр – ша, Жам – был, - 2 буынды.
Қу – ыр – шақ, жа – па – лақ, қар – лы – ғаш, жар – ға – нат – 3 буынды.
Жазу үлгі, әліппе дәптерлерін тесеру, ауызша мадақтау.
III. Жаңа сабақ. Ж дыбысы және әрпі.
Мақсатын хабарлау. Ж дыбысына байланысты сөздерді оқыту, суретпен жұмыс. «Ти» тізбегі арқылы жақсы, жаманды ажырату, тыйым сөздерді санамалап айтқызу.
Ж – қандай дыбыс? – дауыссыз дыбыс.
Айтылғанда еркін айтылмайды, кедергіге ұшырайды.
Жұмбақ.
Бос жер қалмай аспаннан
Түнде шашып тасталған
Моншақтың аты?
Қай әріптен басталған. (жұлдыз)
IV. Оқулықпен жұмыс.
Әліппенің 70 – бетіндегі баған сөздерді оқып, мағынасын меңгерту.
Жауын жарыс жылқы жарғанат
Жауап жарық жорға жапалақ
Суретпен жұмыс.
- Суретте кімдер? Суретте балалар.
- Балалар не істеді? Олар жарысқа қатысты.
- Жарыс қай кездерде болатынын білесіңдер ме?
- Ат жарысын көрдіңдер ме?
Олай болса жарыс деген мәтінмен танысамыз.
Ауылда ат жарысы болды. Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.
71 – беттегі баған сөздерді оқыту.
Жақсы жасыл Жамал Айжан
Жаман жайлау Жамбыл Олжас
«Ти» тізбегі – жақсы, жаман. (суретпен жұмыс).
Талды суару, күту, баптау – жақсы қасиет.
Талды сындыру, запқы жасау, құсты ату – жаман қасиет.
Құсқа ұя жасау – жақсы.
Тыйым сөздерді еске түсіру.
Мектепте, үйде, көшеде әдепті болу.
V. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше.
Еңкейемін қолым жерге жеткенше.
VI. Есте сақтау диктанты.
Отан, бала, тал, шар, алма, жусан, айран, Марат, шағала, мата.
VII. Жаңа білімді бекіту.
Ж – қандай дыбыс?
Өлең шумағын оқып беріп, Ж әрпі бар сөздерді атату.
Жағажай, жағажайдат Қамажай,
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
VIII. Үйге тапсырма:
Әліппе 70 – 71 – беттер.
Бағын сөздерді оқу. «Жарыс» мәтінін оқып, қанша сөйлемнен құралғанын білу.
Әліппе дәптермен жұмыс.
IX. Мадақтау.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Толық нұсқасын жүктеу
Ж дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
2024年3月5日651 浏览

#ашық сабақ#ж дыбысы мен әрпі#сауат ашу 1 сынып
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

