Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу, талдау жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу;
2. Тәрбиелік: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу;
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың әдіс - тәсілі: практикалық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қалау рай 108 - 111 беттерді оқу.
2. 177 - жаттығу
3. Мақал – мәтелдерді жаттау.
III. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.
ІV. Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау. Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып, еске түсіру. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топтарға райлардың атын беру.
Топ аттары тапсырмалар бойынша өзгеріп отырады, топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, уақтылы бағалап отырады.
V. Дамыту кезеңі.
Оқулықпен жұмыс
178 - жаттығу
Етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын. (Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі).
Алдымызда үлкен адыр көрінеді. Сол адырдың төбесіне немістер бекінген. Биік адырды немістер толық пайдаланды. Олар біздің бекінісімізді бақылап отыратын болды. Қимылдасақ, атқылап дамыл бермеді. Немістер жатқан адырға біз де бет қойдық. Айғай – шусыз жылдамдата басып келеміз. Осы кезде біздің артиллерия жауды гүрсілдетіп атқылай бастады. Жер солқылдап, ауа жаңғырып жатты. Жаудың тікен сымды шебінен өттік. Оның әр жерінен есік ашылыпты. Пулеметтен оқты қарша бораттық.
«Шартты рай» тобына төмендегідей сөйлемдер берілді:
«Жылаған шешемен бірге жыласа, жігіттің жігіт болғаны қайсы, өйтсе, кісі уәдеден шыға ала ма? Жылаған шешемен бірге жылап, жігіт үйден ұзақ уақытқа алыс жерге кетсе, баласының жылағанын көрген соң, үйде қалған ананың көзінен жас кете ме, көкірегінен сағыныш қасіреті кете ме?».
180 - жаттығу.
а) Қалау рай, ашық рай, бұйрық райлы сөйлемді теріп жазуға әр топтан тақтаға бір-бір оқушы шықты. Мәтінде шартты рай болмағандықтан ол топқа басқа сөйлемдер берілді: «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Не ексең, соны орасың».
Бақыт
Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:
- Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін. Менің бақытты көргім келді. Шал қара көлеңкеде үйреншікті жолменен кетіп бара жататын. Мен біраз қарап тұратынмын, содан соң жылдам басып үйге келетінмін. Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпейтін, даусы құлағымда тұратын. (С. Ерубаев)
Оқушыларға жеке, жұптық, топтық тапсырмалар берілді.
«Ашық рай» тобына:
«Шалқар – адалдық пен адамдықтың, кісіліктің алдында тік тұратын, қыздарын қыз деп қойып қалмай, қыз бала деп сыйлайтын, екіжүзділікті өлімнен де жаман деп қабылдайтын жандары таза халқы бар қалашық». «Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды», «Машинаның қарасы көрінбей кетісімен Маржан үстіне өзіне ұнайтын ұсақ ақ гүлдері бар көйлегін киіп, шашын төбесіне түйіп, есікті кілттеп далаға шықты».
Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдыру.
«Шартты рай» тобына:
«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам, атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса, жасы жеткен болар,
Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдыр.
«Бұйрық рай» тобына:
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!»
«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт-түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».
Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұлын
Өзі билеп тұрса игі.
Мәтіндерден қалау райлы етістіктерді тауып, шартты райға айналдыру.
«Қызымыр» ойыны. Әр топтан бір оқушы тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа барлық жауап бере алады.
Етістіктің райлары дегеніміз не?
Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?
Етістік райларының қандай түрлері бар?
Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?
Бұйрық райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
Шартты райдың мағыналары қандай және қалай жасалады?
Шартты райлы етістіктердің сөйлемде қолданылу ерекшеліктері қандай?
Қалау рай дегеніміз не?
Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?
Қалау райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
IV. Үйге тапсырма беру:
1. 99 - 112 беттерді оқу
2. 179 - жаттығуды орындау
3. 112 - беттегі тапсырманы орындау
V. Бағалау.
Жаттығу талдау жұмыстары
Оңтүстік Қазақстан облысы,
2024年3月5日780 浏览

#қазақ тілі#жаттығу#ашық сабақ#бұйрық рай#шартты рай#қалау рай#етістіктің категориялары#райлары
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
21 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
41 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

