Жайық өзеніне саяхат
Саяхаттың мақсаты:
Білімділігі: Өз қаласының табиғи ерекшеліктері туралы мағұлмат беру, Ақжайық өзенінің орналасуы, басты байлығы, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін жетілдіру. Жол қауіпсіздік ережелері туралы ескертпе жасау. Өзенге дейінгі жүру кезіндегі көшемен жүру ережесін міндетті айтып естеріне салу.
Дамытушылық: Айналаны қабылдауын қалыптастыру, көзімен көре отырып, өз ойын жеткізе салуға бағыт беру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, жаңа сөздермен сөздік қорын толықтыру, тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілігін ояту, оның байлығын қорғай білуге шақыру, суды таза ұстауға үнемдеуге үйрету. Жайығымызды мақтан тұтуға, патриотизмге тәрбиелеу.
Билингвальды компонет:
«Ақжайық» өзеніне арналған саяхат балабақшадан бастап қатарға тұрумен басталады.
Тәрбиеші:- Балалар бүгін біз Жайық өзеніне саяхатқа барамыз. Балабақшамыздан тіке жол болмауына байланысты көшеге шығамыз. Көшеде автотранспортқа арналған жолдар бар, сондықтан жол жиегімен шашырамай жүруіміз керек. Жайық өзеніне жеткенше дейін тәрбиешілер Жайық өзені қаламызды бүкіл әлемдік екі материкке бөліп ағып жатқан туралы айтылды. 1) Европа, 2) Азия бөлігіне. Жайық өзені Урал тауларынан басталады. Каспий теңізіне құяды. Суы тұщы болғандықтан қатады. Жайық өзенінде балықтар, су жәндіктері тіршілік етеді. Мынадай балық түрлері бар. Олар Қызыл кітапқа енгендер: Бекіре тұқымдастар, қызыл балық, ақмарқа. Ал уылдырық біздің байлығымыз. Ол шетелдерге экспортқа шығарылады. Ол үшін бізге көп ақша береді. Жай балықтар жайын, көксерке, табан, сазан қаракөз балықтары. Жайық өзені болғандықтан бізде балық шаруашылығы дамыған. Балық өнімдері өңделіп дүкендерге сатылады. Балықтың адам организмі үшін пайдасы зор. Жеңіл, құрамында калцииі көп.
Ал, жайық өзеніне де келіп жеттік. Қандай болып тұр, балалар?
- Су болып ағып жатыр.
Ал, жағасында кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балық аулап отырған адамдарды көріп отырмыз.
Ал, қыста мұзды тесіп ортасына қарай барып балық аулауға болады екен.
Қазір неге су болып ағып жатыр?
- Өйткені көктем келіп күн жылынғанда мұз ери бастайды, су болып ағады.
Жайықтың ластанудан сақтау керек. Қоқыс тастамауымыз керек. Жүзіп білмесең суға түсуге болмайды.
Жайық өзенінің атымен қаламызда «Ақжайық» қонақ үйі, танымал «Ақжайық» газеті бар. Жайық өзені жағалаулары біздің қаламыздың көрікті жерлері, жазда адамдар демалады, балық аулауға шығады. Жайық өзені туралы көп ақындар өлең жазған. Қазір сіздерге оқып берейін.
Ғапу Қайырбеков. «Ақ жайық»
Ақ жайық асыл өзен, дария суым.
Шертілер сенен бөлек барма суым.
Ман өстім толқыныңды аунап сенің,
Жағаңда жатып тыңдап орман шуын.
Күміс өзен күмбірлеп
Сыр құясың жаныма,
Сіңгендейсің бір - бірлеп
Туысымдай қаныма.
Су туралы тиым сөздер айту:
Суға түкірме.
Суды лайлама.
Су шашып ойнама, араз боларсың.
Суға дәрет сындырма.
Міне, балалар су қасиетті екен. Суды қадірлеу керек. Оны үнемдеу керек. Тіршіліктің бәрі сумен өмір сүреді. Ал Жайықтың суын тірі табиғаттың бәрі пайдаланады. Ауыз суы үшін арнайы қондырғылармен тазартады. Мал суарады. Өсімдік, бау - бақша, егін өнімдерін суарады. Жайықтың біз үшін маңызы өте зор. Суды қастерлейік, бәріміз.
Тәрбиеші осылайша саяхатты қорытындылайды.
Атырау қаласы,
№25 «Еркемай» балабақшасы
Умбеталиева Лайлим Маханбетовна
Ортаңғы топ тәрбиешісі
Жайық өзеніне саяхат
Жайық өзеніне саяхат
2024年3月5日785 浏览

#өзен#көл#суды қадірлеу#балабақшаға арналған сабақтар#жайық өзеніне саяхат
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
23 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
23 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

