Тақырыбы: Жемістер
Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстер мен пішіндерін ажыратуға. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру. Үш орталыққа бөлу арқылы берілген тапсырманы мұқият орындай білуге үйрете отырып, «Денсаулық - зор байлық», «Дені саудың - жаны сау» деген қағиданы балалар бойына сіңіруге үйрету.
Керекті құралдар: слайдтар, мақал - мәтелдер, көкөністер мен жемістердің суреті, қылқалам, жемістердің таспасы, гуашь бояуы, сүлгі, жеміс - жидектер, тақтайша, салатқа ыдыс.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету, түсінік беру, интерактивті тақта.
Билингвалдық компонент: Жемістер – фрукты, алма - яблоко, алмұрт - груша, банан - банан, өрік - персик, дәрумендер - витамины.
Шаттық шеңбер.
Үлкенге сіз,
Кішіге сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Балалар қонақтармен амандасып шеңбер бойына жиналып, «Шаттық шеңберге» тұрып, сөздерін қайталап, қимыл - қозғалыстарын жасайды.
Шаттық шеңберін құру:
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық,
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық,
Күннен шуақ алайық.
Алақанға салайық.
Күншуағын апайларға сыйлайық
(Алақандарын үрлейді)
Іздену - ұйымдастырушы.
Оқу іс - әрекетін сұрақ қоюдан бастаймын
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Күзде неше ай бар?
- Күзде үш ай бар
- Атаңдаршы
- Қыркүйек, қазан, қараша
- Күздің соңғы айын атайықшы
- Қараша айы
- Күзде нелер піседі?
- Күзде жеміс - жидектер, көкөністер піседі.
- Бүгін сендермен «Жемістер» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін өтеміз. Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
«Ең басты байлық - денсаулық»
- Деніміз сау, ауырмасақ қана бақытты өмір сүреміз. Ал, ауырмау үшін дәрумендерге бай тағамдарды көп жеуіміз керек.
- Көп дәрумендер кездесетін тағамдардың денсаулыққа пайдасы көп. Біз жемістерді көп жесек, ауырмай, үлкен болып өсеміз.
Балалар интерактивті слайдты мұқият қарайды.
Билингвалдық компонент: Жемістер – фрукты, алма - яблоко, алмұрт - груша, банан - банан, өрік - персик, дәрумендер - витамины.
(Слайд бойынша көрсетіп, түсіндіру)
Балабақша медбикесі - Жадыра апай айтып түсіндіріп берсін.
А дәрумені - ағзаның өсуіне, көздің жақсы, сүйек, тіс, шашты нығайтады.
В1, В2, В 12 дәрумені - дене жарақатының тез жазылуына септігін тигізеді. Қан құрамына, қан аздыққа әсеретеді.
С дәрумені – зат алмасу үрдісіне иммунитетті көруге көмектеседі.
Д дәрумені – сүйек, бұлшық еттің дұрыс дамуына әсер етеді.
Е дәрумен – жүрек қызметін жақсартады.
Сонымен қатар «С» дәруменіне бай жемістер мен көкөністер (көкбұрыш, орамжапырақ, қызанақ, шалқан. с. с) және «Д» дәрумені кездесетін тағамдар (балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық, май) тіс ауруына ұшырамауына, қатты және сау болып өсуіне көмектеседі.
Балалар жеміс - жидектер туралы тақпақ айтады.
Балалар жемістер туралы тақпақтар мәнерлеп, жатқа айтады.
Алмұрт – Айдар: Мен алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың,
Жүзім - Айсана: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып үзілдім
Өрік – Жұлдыз: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Алма - Аңсаған: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай қалар бар дәмім.
Дайындаған: Немзорова С. А.
Жемістер. жүктеу
Жемістер
Білім беру саласы: Коммуникация. Сөйлеуді дамыту
2024年3月5日1425 浏览

#жемістер
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
10 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
30 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
30 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

