Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
МКҚ кәсіпорын тәрбиеші: Нуржанова Жадыра Жанболатқызы
Технологиялық карта.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Айгөлек» тобында
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс - әрекет түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды жеміс түрлерін айыра білуге үйрету, жеміс - жидектреде кездесетін дәрумендерімен таныстыру.
Дамытушылық: Балаларға жемістер мен саңырауқұлақтарды құрастыра отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға өсімдіктерді жұлмауға дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен слайд, жеміс - жидектер мен саңырауқұлақтар.
Билгингвалды компанент: Жеміс - фрукт, алма - яблоко, алмұрт - груша, жүзім - виноград, құлпынай - клубника.
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып қонақтармен амандасып шаттық шеңберін орындады.
Шаттық шеңбер.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Біз бақытты баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде.
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем, сәлем, сәлем!
Іздену - ұйымдастырушы Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
(Слайдпен күз мезгілінің суреттерін көрсету)
Мына суретке назар аударайық, жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Балалар не істеп жатыр?
Ия балалар күз мезгілінде сонымен жеміс - жидектер пісіп, адамдар жеміс - жидектерді жинайды.
Міне мына суретке қараңдаршы балалар жемістер теріп жатыр солай ма?
Балалар біздің бүгінгі оқу іс - әрекетіміз экология негіздері «Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз». Жемістермен саңырауқұлақтармен танысатын боламыз. Жеміс – жидектер деп теректе өсетін жемістерді айтамыз. Олардың түрлері көп: Алма, банан, құлпынай, алмұрт, жүзім т. б. Олардың түстері мен пішіндері әртүрлі болады. Жемістер тек ағашта өседі, жүзім пішіні қандай? Бұл жемістер дара өспейді, көптеп өседі. Жүзімнің түсі қандай? Жүзімнің басқада түрлері болады. Қызыл және қара жүзім болады. Бананның пішіні қандай сопақша, түсі сары болады. Бұл жемістер дәрумендерге бай. Жемісті жеген уақытта міндетті түрде жуып жеу керек. Ал саңырауқұлақтар жерде өседі. Саңырауқұлақтардың екі түрі болады, бірі – жеуге болатын, бірі - жеуге болмайтын түрі. Саңырауқұлақтар жаңбырдан кейін көптеп шығады.
Балалар менімен бірге саяхатқа барасыңдар ма жеміс - жидектер бағына? Ендеше барлығымыз көзімізд3 жұмып, көз алдымызға жүзім және банан ағашын елестетейік. Енді көзімізді ашайық. Бұл жемістер дара өспейді, көптеп өседі. Жүзімнің түсі қандай? Жүзімнің басқада түрлері болады. Қызыл және қара жүзім болады. Бананның пішіні қандай сопақша, түсі сары болады.
Саңырауқұлақтың пішіні жанынан қарағанда жарты шеңберге ұқсайды, ал жоғарыдан қарасақ дөңгелекке ұқсайды, ал түсі әртүрлі болады. Ал мына саңырауқұлақтың түсі қоңыр.
Орталыққа бөлу.
І Таным. Құрастыру.
Саңырауқұлақтарды қағаздан құрастыру.
ІІ Шығармашылық. Мүсіндеу.
Саңырауқұлақтарды қамырдан мүсіндеуміз.
Сергіту сәті.
Ойын: Жеміс - жидектер мен саңырауқұлақтар құрастыру. (Компьютермен жұмыс)
Орнымызға отырайық.
Балалар біз қайда бардық?
Онда не көрдіңдер?
Жеміс - жидектерді атап беріңдер?
Рефлексивті коррекциялаушы Балалар сендерге орталықпен жұмыстанған ұнады ма?
Нені мүсіндедің, құрастырдыңдар?
Енді балалар ойын ойнаймыз яғни мына жеміс бөліктерінің жартысын тауып тақтаға магниттің көмегімен құрастырамыз.
Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар рахмет!
Толық нұсқасын жүктеу
Жемістер мен саңырауқұлақтар теруге орманға барамыз
Батыс Қазақстан облысы,
2024年3月5日547 浏览

#жемістер#балабақша#саңырауқұлақтар#орманға саяхат
推荐阅读
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
12 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
32 分钟前
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
52 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

