Сабақтың тақырыбы: «Жылқышы» әңгімесі С. Мұқанов.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға С. Мұқановтың «жылқы» әңгімесінің маз - мұнын түсіндіру. Жылқы малы туралы түсіндіру, «Жеті қазынаның бірі» жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін өз сөздерімен айтуға.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: «Жылқы» жануарына деген сезімдерін ояту қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, топтамалар, мақал - мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын пысықтау, бағалау.
Үйге не берілді?
Оспанхан Әубәкіров «Ара мен шыбын» әзіл өлеңі.
2. Сұраққа жауап.
1. Мәтінді шығарманың қай түріне жатқызасың? 2. Шығарма нелер жөнінде? 3. Шыбын араға қандай өтініш айтты? 4. Ара неліктен бірден келісе салмады?
5. Мысалдан көкейіңе не түйдің?
3. Шығарманы рөлге бөліп оқыту.
4. Автордың қорытынды ойы айтылған шумақты бөліп оқытып, түсіндіру.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе әңгіме ой қозғау.
Балалар! Біз жылқы туралы не білеміз?
2. Оның қандай пайдасы бар?
3. Жылқы қандай жануар?
4. Немен қоректенеді?
5. Қандай пайдасы бар?
Сүті, еті, көлік, төрт аяғы бар, жалы бар, жүйрік, батырлар мінген, өлең - жырлар, қоңыр, көкшіл, таза су ішеді. Қандай түрлері бар?
Тағы қандай пайдасы бар? Жылқышы деген кім? Жылқы қандай жануар? Жүйрігі, жорғасы, жүктартқыш, сүті өкпе ауруына ем. Жылқы сезімтал, жылқы малдың патшасы.
Балалар, бүгін біз С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқимыз. Жылқының ерекше қасиеттерімен, жылқышы мамандығының ерекшелігімен танысамыз.
Біз тақтаға не білгеніміз жайлы жаздық, енді не білгіміз келетіні жайлы жазайық.
2. 1). «Жылқы» әңгімесін мәнерлеп оқып беру. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
Жылқы – малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше болған. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалаған...
2). Жылқышы және оның жылқышы – ауыл шаруашылығында еңбегі ауыр еңбек. Жылқышының ең ауыр кезеңі – қыс кезеңі. Қыста олар қоста өткізеді. Жылқышы қосы – күнде көшіп жүретін баспана. Қымызы – шипалы, таптырмайтын сусын.
Қылы арқан, жіп, желі.
Еті - өте жоғары сапалы.
Қазысы – тағам, емдік қасиеті мол.
Терісі – жүген, үзеңгі бау, қамшы жасайды.
3. Дәптермен жұмыс.
4. Ел таңбамен таныстыру.
IV. Кітаппен жұмыс. Оқыту.
V. Сұрақ - жауап.
1. Жылқыны жасына қарай қалай атайды? (құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).
2. Жылқыны түсіне қарай қалай атайды? (торы, көк, жирен, күрең).
3. Жүйрік аттарды қалай атайды? (сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ).
4. Жылқыға байланысты қандай ойындар бар? (бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу).
Сыныпты үш топқа бөлеміз.
Ойын «Бәйге»
І топ тапсырмасы
І. 1. Жылқы туралы мақал.
ІІ. 2. Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.
ІІІ. 3. Жылқы жайлы эссе жазу (3 минут).
ІІ. Тіл өнер
1) «... – малдың патшасы»
2) «Аң патшасы -....
3) «Жылқының еңбегінің ауыр кезеңі -....»
ІІІ сайыс. Өлең шығару.
IV. Жорға ойыны.
І - топ. Жылқыны жасына қарай қалай атайды?
ІІ - топ. Жылқыны түріне қарай қалай атайды?
ІІІ - топ. Жүйрік аттарды қалай атайды?
1. Жылқыға байланысты ұлттық ойындар.
2. Жылқының пірі.
3. Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (шабандоз).
4. Жүйрік аттарды баптайтын адам? (бапкер)
5. Жылқыда не жоқ? (өт)
6. Жылқы қандай жануар? (сезімтал)
7. Жылқының сүтінің қандай пайдасы бар? (өкпе ауруына)
8. Жылқыға не жоламайды? (жылан)
V. 5 жолды өлең шығару.
1. Жылқы
2. Қара, жүйрік, жорға
3. Құлынына қымыз береді
4. Қымызын ішу үшін
5. Жылқы – жануар
Қорытындылау, балалар білімін бағалау.
Үйге: «Жылқы» әңгімесінің мазмұнын айту. Жылқы туралы мақал - мәтелдер жаттап келу.
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Сабақтың тақырыбы: «Жылқышы» әңгімесі С. Мұқанов.
2024年3月5日945 浏览

#төрт түлік#жылқышы әңгімесі сәбит мұқанов#қасиетті мал#жылқы малына байланысты ұлттық ойындар#жылқы бапкері
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
8 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
28 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

