Тақырыбы: Жұлдызқұрт
Мақсаты: Балаларды бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды үйрету. Жәндіктердің тіршілігі мен түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жіп, қалампыр, спагетти, қамыр, таяқшалар, майлықтар, түрлі түсті қамыр.
Білу: қамырдың құрамы – су, тұз, ұн, май. Бояу. Мүсіндеудің түрлері – алақан арасына салып жаю қимылдарын түсіндіру.
Игеру: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды. Мүсінделген дөңгелек бөлшектердің үлкенінен кішісіне дейін, қосымша материалды қажеттілігінше қолдануды.
Меңгеру: Жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәлелдеу. Ояту.
Амандасу рәсімі. Бүгінгі сабаққа көптеген қонақтар келіпті енді кісілермен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Мені мен бөл жақсылығыңды,
Толқынмен кетеді ауруың.
Қайғы күндер болмасын,
Жарқырасын ниетін
Ғажайып сәт:
- Балалар қараңдаршы мынау не?
- Бұл жәй жіп емес, сиқырлы жіп.
- Қайда жіп домалап бара жатыр екен байқайықшы?
- Жіп домалап ағаштың түбіне жетеді, ар жағынан сыбдыр мен дыбыс естіледі. Кәне тыңдайықшы, бұл не екен?
Қорапша жапырақтар, ал ішінде жұлдызқұрт. Біреудің жалынышты дауысы естіледі. Жұлдызқұрт маған бірдеңе айтқысы келіп тұр. Ол жалғыз қайда менің аға - апаларым, достарым қайда?
Тыңдашы Альмира, тыңдашы Ләззат.
- Ох - ох - ох?
- Жұлдызқұртқа көмектесеміз бе? Оған арнап достарын мүсіндеп береміз бе?
Мүсіндеуді біз қамырдан бастаймыз, жай қамыр емес түрлі - түсті. Үстел үстінде ыдыстарда ұн, тұз, май, су, бояу.
- Жарайсыңдар!
- Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық.
Саусақ жаттығуы:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнат.
- Үстел үстіндегі заттарды қараңдаршы не бар екен?
Жасалу жолдарын түсіндіру:
- Балалар қамырды алақанның арасына салып жұмсартамыз.
- Қамырды екіге бөлеміз. Қамырдың бөлінген бөлігін алып тағы да екіге бөлеміз. Бұл бөлшектерден домалатып дөңгелек жасаймыз. Жұп - жұмыр болғанша дейін домалатамыз. Ең үлкен дөңгелекті таңдап алып, бұл басы. Ортаншысы денесі, ал ең кішкентайы құйрығы.
- Жұлдызқұртта неше көз?
- Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын салайық. Балалар жұлдызқұрттарымызды жапыраққа салып апарайық.
- Нұрадин сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Дариға ал, сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?
- Маған да ұнады.
- Балалар сендер ойын ойнағыларын келе ме?
Ойын:
«Қоңыздар мен өрмекшілер»
Ойынның шартын түсіндіру: 1, 2, 3 деп санағаннан кейін мына сиқыр матаның астында қоңыздар мен өрмекшілерге айналасыңдар. Кейін қайтадан астына кіріп балаларға айналасыңдар.
Қорытынды
(Достық шеңберге тұрайық)
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Неге көмек бердік?
- Неден мүсіндедік?
Жұлдызқұрт жасау
Тақырыбы: Жұлдызқұрт
2024年3月5日773 浏览
#сабақ жоспары#мектепалды даярлық тобы
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
11 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
31 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
51 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

