Сынып сағаты 3 - сынып
Тақырыбы: Келісім түбі - жарастық
Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Келісім, жарастық туралы түсінік беру;
2. Достыққа бейімділік сапаларын дамыту;
3. Өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Жүру барысы:
І. Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып, «Достық» әнін шырқайды.
- Бүгін қандай тақырыпта әңгімелесеміз деп ойлайсыңдар?
ІІ. Жағдаяттармен жұмыс
1. Тілек Бекарысты байқамай қағып кетті....
2. Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып қалды...
3. Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп қалды...
Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?
ІІІ. Мәтінмен жұмыс.
«Піл мен Маймыл» ертегісін тыңдату.
• Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
• Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
• Қандай көңіл күйде боласыңдар?
IV. Жаттығу «Достық нұры»
- Балалар арасында ренжіскен сәттеріңде бір - біріңді түсінбей қалып, сол уақытта келісімге келгісі келмесе де уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататындар болады. Ал біз сондай көңілсіз сәттерді болдырмау үшін бір - бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым - қатынаста болу керектігін білеміз. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін. Бұл шапақтан жан - жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді ашып оқып,»нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық, бірлік, келісім, сыйластық,
жарастық, достық деп жазылған. Балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.
- Мінеки, балалар, осы қасиеттер бойымызда болса, аталған әрекеттерді жасай алсақ, бір - бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.
V. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, дәптерімізге өзіміздің достарымызға арнап «Достық хатымызды» жазайық.
Оқушылар жазған хаттарын оқыды.
VІ. Қорытынды
- Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер?
• Сыныпта тату болу.
• Сабақты жақсы оқу.
• Бір - бірін тыңдамау.
• Мұғалімді сыйлау.
• Сыныптағы заттарды күту.
• Келіскен уақыттан кешігу.
Назар аударайық
Келісім:
• Басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға көмектеседі;
• Адамдарды бір - бірін жете тани білуге үйретеді;
• Басқалардың көңіл - күйін сезіне білуге үйретеді;
VІІ. Жүректен жүрекке
Шеңберге тұрып, оқушылар «Ізгі тілек» өлеңін айтады.
Келісім түбі - жарастық
Сынып сағаты 3 - сынып
2024年3月5日742 浏览

#тәрбие сағаты#бастауыш сынып#сынып сағаты келісім түбі жарастық#кешірімді болу
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
6 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
26 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

