Тақырыбы: Кім күшті, епті?
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Құрметті ата аналар мен балалар, бүгінгі «Спорт өмір көркі»сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа 2 топтың яғни, «Аққу»және «Гүлдер» тобының балалары қатысады. Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашанда мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
- Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ - қазылар өз бағасын береді.
- Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Салауатты өмір салтын сақтаңыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаңыз.
Бала бақша балалары
Парасатты, айбынды,
Болыңыз сіз сегіз қырлы, бір қырлы.
Топпен танысу
-«Аққу» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулық пен қоштас.
-«Гүлдер» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін.
- Жарайсыңдар балалар, олай болса жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырайық, сендерді ортаға дене қыздыру жаттығуына шақырамын.
- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! Сайысымызды бастаймыз.
1. Кезең. «Қос аяқпен секіру»
Шарты: Қос аяқпен берілген бес шеңбер ішіне секіріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тап солай тапсырманы орындау. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау. Баланы қолға алып секіру.
2. Кезең. «Ирелендеп жүру»
Шартты: Сызылған сызық бойымен ирелендеп жүріп барып, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау. Баланы арқасына отырғызып жүгіру.
3. Кезең. «Үйректер сайысы»
Шарты: балаларды арқасына отырғызып, үйрек секілді жүру. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
4. Кезең. «Кім жылдам?»
Шарты: балалар өздеріне берілген геометриялық пішін, яғни төртбұрыш пен шеңбер үстімен жүріп, белгіленген конусты айналып, кері қарай тік жүгіріп қайтады. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
5. Кезең. «Жас спортшылар»Балалар белгіленген доғаның астымен өтіп, кері қарай қайталайды. Эстафетаны келесі ойыншыға беру, ойынды бірінші болып бітірген топ жеңімпаз болып есептелінеді. Бағалау.
Көрсетті міне өз өнерін балалар
Сайыстың да соңы келіп таянар
Жеңімпазды анықтайық қанекей.
Әділ - қазы сайысты әділ бағалар,- деп сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділ - қазы алқаларына беріледі.
Спорт - көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,- демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Қоғалы ауылы, «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі
Ибраева Арайлым Какармановна
Кім күшті, епті?
Тақырыбы: Кім күшті, епті?
2024年3月5日669 浏览

#епті#салауатты өмір салтын ұстану#кім күшті#спорттық ойын түрлері#эстафеталық ойын
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
10 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
30 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
30 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

