(1-4 сыныптар)
Тақырыбы: «Кішкентай жұлдыздар» байқауы 2012 оқу жылы
Мақсаты: 1)Талантты оқушыларды таңдау;
2) Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау;
3) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;
Байқаудың барысы:
- Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әл.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады.
Армысыздар ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар! Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрермендерге жалынды сәлем!!!
Бұл әні мен сәні, күйі мен биі үйлескен «Кішкентай жұлдыздар» байқауы!
Ендеше біз бастаймыз !
Ал, халайық ықыласпен демейік,
Жұлдыздардың өнерлерін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдіупен бағаларын берейік.
«Кішкентай жұлдыздар» байқауының әділқазыларын ортаға шақырамыз.
1. Бастауыш сыныптар бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Масалова Гүлназ Ғаділбекқызы.
2. Музыка және Орыс тілі пәнінің мұғалімі
Жиенғазиева Нұрғаным Сұрамысқызы
3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сүндетова Гүлмира Ерболатқызы
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, күйші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді – деп алғашқы ән кезегіне жол берейік.
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса биік гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Ән: Бала тілегі
Орындайтын: 1 «а» сыныбының оқушысы: Абдрахманова Айкүміс
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Аңыз боп ертегіден бізге жеткен,
Әншіміз Саягүлді қарсы алайық.
Ән: «ертегілер елінде»
Орындайтын: 1 «д» сыныбының оқушысы Сағынғалиева Гүлнұр
Мектебіміздің жұлдыздары өнері асқан,
Билейді мың бұралып бала жастан.
Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,
Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.
Би:Қара жорға
1 «д» сыныбының оқушысы Құспанова Арманай
Би: «Тауыс»
1 «а» сыныбының бишілері: Қайырлинева Гүлнұр
Бисенбиева Мерует
Сән үлгісі:
Ай секілді өздері,
Сыңғыр-сыңғыр сөздері
Адам көркі шүберек,
Келеді міне үлбіреп.
Кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Шағын орталық тобының сән үлгісі.
Мад тобының сән үлгісі.
1 «а» сыныбының сән үлгісі
1 «б» сыныбының сән үлгісі
1 «д» сыныбының сән үлгісі
- Жез таңдай, күміс көмей, дана уыз,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың бал дәуренін өткізіп,
Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз.
Ән: «Балдаурен»
Орындайтын 2 «а» сынып оқушысы Жәдігерова Дана
- Ал, оқушы ұстаздар,
Ортаға назар салыңдар.
Дильназ шығып келеді
Қол соғып қарсы алыңдар
Ән: «Ах, самара, городок»
Орындайтын: 2 «б» сынып оқушысы Ерғалиева Дильназ
О, туған жер, қадіріңді кім білген.
Мен қырыңды теруші едім бүлдірген.
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Ән: «Атамекен»
Орындайтын: 2 «д» сынып оқушысы Жұмагелдеиев Әділет
- Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талап пен анықтадың .
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаным.
Би: «Жұмыр қылыш» күйіне қойылған би
2 «а» сынып оқушысы Сабыржанова Жаннұр
Жүсіпбекова Дильназ
Би: Доп
Орындайтын: 2 «б» сынып оқушылары: Саягүл Саттығұлыва
Жұлдыз Бақытғалиева
Би: Орындайтын:2 «д» сынып оқушылары: Жұмабекқызы Тұнық
Мейрамбекова Арай
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім – менде бірге өсемін,
Өшсе тілім – менде бірге өшемін.
«Көркем сөз» жанры бойынша ортаға 2 «а» сыныбының оқушысы Кенжебаев Жалғасты шақырамын.
Өтебай Тұрманжанов «Туған жер» оқитын 2 «б» сыныбының оқушысы Мұратова Майра
Ермек Өтетілеуұлы «Отан»
Ән айтып, би билейміз біздер әлі,
«Домбыра» қазағымның тамаша әні.
Көрермен қол соғыңыз қошеметтеп,
Аружан айтса әнді жарасады.
Ән: «Домбырасыз ән қайда»
Орындайтын: 3 «А» сынып оқушысы Ғазизова Аружан
Ән салса әншілерім таң қаларсың,
Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды, Жалындатып шарықтағын әр дайым.
Би: Испан биі
4 «А» сынып оқушысы Мүсілімова Динара
Би: Түрік биі
4 «Д» сыныбының бишілері Хайрлиева Райгүл
Сисенбаева Дана
Кім өнерлі, бұл кеште үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ қазы алқасы атыңды ақта
Жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай
Күн сайын өркендейміз өзгереміз
Ұл-қызың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділ-қазы қонаққа сөз береміз.
Марапаттау
Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,
Тілектер мен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осы мен аяқталды байқауымыз.
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!
Кішкентай жұлдыздар байқауы
Тақырыбы: «Кішкентай жұлдыздар» байқауы 2012 оқу жылы
2024年3月5日737 浏览

#ән#би#байқау#сайыс#көркем сөз оқу байқауы#кішкентай жұлдыздар
推荐阅读
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
16 分钟前
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
36 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

