Сабақтың тақырыбы: Көксерек - табиғаттың перзенті
Сабақтың мақсаты:
а) шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету;
ә) оқушыларды адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға, әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу;
б) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету, іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: сот сабақ
Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, айтыс, дәлелдеу т. б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, бүктеме, сот киімін, қасқыр «киімін» киген оқушылар
Пәнаралық байланыс: тарих, жануартану
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
2. «Көксерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
3. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1 Көксерек Қарадыр аулында.
2. Көксерек - түз тағысы
3. Жекпе жек.
«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті, осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ..
Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.
Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды, осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.
Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін, олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін, оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін, яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы, өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді, ол далада, тау - таста өмір сүру керек, бұл - табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы, өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол - қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.
Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін, қалай тамақтандырып, қалай күткенін, сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп, оны өзінің қасына алып жатқанын, ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып, Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.
Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол - тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы, Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп, жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.
«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ - қорқ асайды», «қылқ - қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт - кірт сындырады», «дүр - дүр еткізіп келеді» - бұл оның арланға тән қимылдары.
Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы, долы, ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ, суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді. Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:
1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді;
2) ата - анама туған күн маған да туып, адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;
3) өзім адам оғына тап болдым, күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым
Екі куәгердің сөздері.
Ақтаушылардың қорытынды сөздері: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып, иесі болса да Құрмашты өлтірді.
Адам, жануар – табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін өлтіру - адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай, арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе, бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген - адамдардан көрген жәбір - жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата - баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.
Бағалау. Қорытынды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін аяқтадық. Жазушының «Көксерегі» - оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.
Үйге тапсырма: «Адамның ең асыл қасиеті - жақсылық» тақырыбына эссе жазып келу.
Көксерек-табиғаттың перзенті
Сабақтың тақырыбы: Көксерек - табиғаттың перзенті
2024年3月5日780 浏览

#қазақ әдебиеті#пікірталас#көксерек табиғаттың перзенті
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
14 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
34 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
54 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

