Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.
Мақсаты: Білімділік Көмектес септік туралы түсінік беру, көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру, жалғауларын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту, оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: септіктер кестесі, суреттер, графопроектор, слайд.
Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару.
ә) Топқа бөлу
Сабақты бастамас бұрын мынадай бір өлең шумағын тыңдасақ.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс жауап шешімін,
Мұқиятпен табайық
- Балалар, қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейікші
- Қазір қазақ тілі сабағы.
- Жарайсыңдар, балалар! Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ, өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.
- Балалар, көк туымыз әрдайым биіктен көріну үшін, біз сабағымызды «өте жақсы» деген бағаға оқып, Тәуелсіздікке біз де өз үлесімізді қосуымыз керек.
Олай болса сабағымызды бастайық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқушылардың септік туралы алған білімдерін кеңейту; көмектес септігі туралы түсінік беру, көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру, жалғауларын меңгерту, көмектес септіктегі сөздердің жалғауын ажырата алуын түсіндіру, бекіту.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Керекті сөздер: Терезе, гүлге, қайшының, аяздан, Айдарды, күресте, таудан, орманда, қаланың, Асқарға, кітап, шелекті.
ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру.
1) Шығыс септіктегі сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
2) Шығыс септік жалғауларын атаңдар?
- Өте дұрыс балалар, өткен сабақты жақсы меңгеріппіз.
1. Қызығушылығын ояту. «Пікір алысу»
Балалар, қазір қай мезгіл?- қыс.
Қыста ауа - райы қалай болады?- суық, боран, қар жауады
Қыста қандай спортпен шұғылданасыңдар немесе қысқы спорттың қандай түрлерін білесіңдер?- шаңғы, коньки, хоккей ойындары, шана.
Дұрыс балалар, енді күнделікті теледидардан естіп жүрсіңдер, жақында қандай дүниежүзілік жарыс басталады? Кім біледі?
Қысқы Универсиада.
Иә, дұрыс XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда. Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш - қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды. Бәріміз осы жарыста қазақстандықтарға жанкүйер болайық!
Иә, боламыз.
Ендеше «жанкүйер», «жеңіс», «жарыс» деген сөздерді ІІІ топ септейікші.
А. с. жанкүйер
І. с. жанкүйердің
Б. с. жанкүйерге
Т. с. жанкүйерді
Ж. с. жанкүйерде
Ш. с. жанкүйерден
Ү. Жаңа материалды түсіндіру.
1.«Ой қозғау»
- Балалар, «Жәрдемдес, Қол ұшын бер» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?
- КӨМЕКТЕС
Дұрыс айтасыңдар, көмектес дейді. Яғни, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы не екен?
Көмектес септігі.
Иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көмектес септігі» екен.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Көмектес септіктегі сөздер кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді.
Көмектес септігі атау септікке – мен,- бен,- пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.
ә) Балалар, енді шағын ертегімен танысайық. Топ бойынша ертегіні тыңдаңдар, не туралы екенін түсінейік. Соңынан септік жалғаулары бар сөздерді табайық. Қай топ көп сөз табады, ұпайды көп жинайды екен көрейік. Топтар айтқан сөздерді санау, мадақтау, бағалау.
Ертегі « Септіктің жеті ұлы».
Ерте, ерте, ертеде қазақ тілі жерінде, зат есімнің елінде септік деген қария болыпты. Оның жеті ұлы болыпты: Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес.
Бір күні қария балаларын шақырып алып былай депті:
Балаларым сендер талабы бар ертеңін ойлар ұлымсыңдар, сондықтан бір апта уақыт беремін, жан - жақты бақылап өмірге керек құралдарыңды тауып келіңдер.
Уақыт жетіп балалар оралыпты.
- Қане олжаларыңды көрсетіңдер – депті әкесі.
Атау кім? не?
Ілік кімнің? ненің?
Барыс кімге? неге?
Табыс кімді? нені?
Жатыс кімде? Неде?
Шығыс кімнен? неден?
Көмектес кіммен? немен?
Енді осы әкелгендеріңе сүйеніш тауып келіңдер?
Ілік септік - ның,- нің,- дың,- дің,- тың,- тің
Барыс септік - ға,- ге,- қа,- ке
Табыс септік - ны,- ні,- ды,- ді,- ты
Жатыс септік - да,- де,- та,- те
Шығыс септік - нан,- нен,- дан,- ден,- тан,- тен
Көмектес септік - мен,- бен,- пен.
Басы салбырап Атау келді?
Неге кешіктің? – дейді – әкесі.
Ештеңе таппадым.
Септік 6 баласына: «Сыннан жақсы өттіңдер».
Атауды кешіріңдер, ағаларың ғой. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», бәрің бірлесіп еңбек етіп, қандай қиындық болса да жеңесіңдер деп ойлаймын.
Септік атай дұрыс айтады «Бірлік бар жерде, тірлік бар». Ендеше бүгінгі сабақта да бірлесе отырып, келесі тапсырмаларды орындайық.
Б) Дәптермен жұмыс. Көркем жазу
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жаланаш ауылы, Ж. Ермегияев атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Қуатбекова Асылхан Турсынқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Көмектес септік
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік.
2024年3月5日968 浏览

#көмектес септік#көмектес септігіне қойылатын сұрақтар#жалғауларын үйрену
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
14 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
14 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

