Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»
Оқу қызметінің тақырыбы: Көңілді саяхат
Мақсаты: түс туралы білімін, үлкен», кіші», ұзын», қысқа» ұғымдарын бекіту, оны атай білу, сұрақтарға жауап беру, көркем сөз айту арқылы сөйлеуін, тілін дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру, көңіл - күйлерін көтеру, көмектесе білуге тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: ұзын - қысқа жолдар, түрлі - түсті асықтар, әженің үйі, күннің суреті, қыстырғыштар, үлкен - кіші гүлдер, дөңгелек сары қақпақ (бала санына), үшбұрыш пішіндер ламинатталған.
Билингвалды сыңары: Күн - солнышко, ұзын жол - длинная дорога, қысқа жол - короткая дорога, қызыл - красный, көк - синий, әже – бабушка.
Мотивациялық - қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Сәлем, сәлем басым
Сәлем, сәлем көзім
Сәлем, сәлем құлағым Сәлем, сәлем қолым
Сәлем, сәлем аяғым
Сәлем, сәлем досым!
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік:
Қонақтармен амандасайық:
Сәлеметсіздер ме?
- Балалар, әжеге барғыларың келе ме?
Ендеше саяхатқа шығайық. Қараңдаршы Күнге, бәріміз Күнге шуақ жасап берейікші. Сонда Күншуақ бізге саяхатымыз көңілді болуға көмектеседі.
Алдыларыңа қараңдаршы,
қызыл және көк жол жатыр.
- Қызыл жол ұзын ба, қысқа ма?
Көк жол қандай?
- Дұрыс. Біз қызыл ұзын жолмен саяхаттаймыз.
Балалар жолда гүлдер өсіп тұр екен. Қандай әдемі, гүлдерді кімге сыйлайды?
- Дұрыс.
- Гүлдердің түсі қандай?
Әжеге гүл сыйлайық - деп, балаларға бір - бірден үлкен гүлдерді ғана жинату.
Тосын сәт: Айя қызды жолда кездестіру (асықтарды жинап жүреді) Балалар амандасады, Айяға асықты түсіне қарай қорапқа салуға көмектеседі. Балалар Айямен сергіту сәтін орындайды.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Дөңгелекті баспаймыз.
Алға секіреміз
Артқа секіреміз.
Дөңгелек - біздің көлік.
Жаңбыр жауса - қолшатыр
Дөңгелекпен ойнадық
Қане енді жинайық.
Айямен бірге Әжеге келу: (әже қарсы алады, амандасу, тақпақ айту
1. Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Әжеге, анаға
Біз гүлдерді сыйлаймыз.
2. Әжем менің әжетай,
Немереңмін кішкентай.
Айтқан тілді аламын
Ақылды бала боламын.
Әже:
- Айналайын, шырақтарым көөөп рахмееет! Өздеріңді көріп, тақпақтарыңды тыңдап сағынышымды бастыңдар. Әжелеріңе қалай жеттіңдер, әңгіме болсын, айта қойыңдар.
- Сендерге не көмектесті?
Тәрбиеші:- Қәне балалар әжеге құрастырып көрсетейік
Жеке жұмыс: Күншуақ құрастыру
Рефлексивті - түзетушілк:
Әже алғысын білдіріп, балаларға бауырсақ сыйлайды.
Балалар әжеге рахмет айтып, балабақшаға қысқа көк жолмен қайту, қоштасу.
Күтілетін нәтиже
Біледі: ұзын - қысқа жолды, үлкен - кіш гүлдіі, қызыл - сары түсті,
Меңгереді: ойын - жаттығуларды орындайды.
Жасай алады: күннің шуағын құрастырады.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Масатбаева Шарапат Сабырқызы
Көңілді саяхат жүктеу
Көңілді саяхат
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»
2024年3月5日875 浏览

#ұзын қысқа ұғымдары#түс туралы білім#үлкен кіші#көңілді саяхат сабақ жоспары
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

