Сабақтың тақырыбы: “Крест жорықтары”
Білімділік: оқушыларға шіркеу мен феодалдардың жаңа жерлер басып алып, байыған үстіне байи түсуді көздеген басқыншылық саясатын ашып көрсету
○ Дамытушылық: жалпы сабақтың мазмұнын ашу, кресшілердің дін жолындағы күресін әңгімелеу, білімдерін толықтыру.
○ Тәрбиелік: Кресшілердің шығыс елдерінің мәдениеттері мен салт - дәстүрлерін, сауданың дамуы, шаруашылықтарын білуіне оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: хронологиялық кесте, үлестірмелі карточкалармен жұмыс, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: карта, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. сұрақ - жауап
2. тест жұмысы
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Үй тапсырмасын беру
VІ. Бағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кім жылдам?
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
Кім жылдам?
1. Батыс пен Шығыс Рим қай жылы бөлінді?
2. Рим папасымен Константинополь қатынасы үзілген жылы?
3. Екі шіркеу қай жылы біржола бөлініп кетті?
4. Нешінші ғасырда папа билігі әлсіреді.
5. VІІ Григорий қай жылы папа болып сайланған?
6. ІІІ Инокентий билік құрған жылы?
7. Никея қаласында христиан діндердің қысқаша қабылданған жылы.?
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс
Сабақ жоспары
1. Крест жорықтарының себептері.
2. Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы.
3. Кедейлердің шығысқа жорығы.
4. Бірінші крест жорықтары.
5. Екінші крест жорықтары.
6. Үшінші крест жорықтары.
7. Төртінші крест жорықтары
8. Балалар жорығы.
9. Соңғы крест жорықтары.
10. Крест жорықтарының салдары.
Кресшілердің қару - жарақтары:
Дулыға, сауыт, тізелік, аяқ киімі, қолғап, қалқан, қылыш, себет көйлек, шоқпар, бүркеме киім.
Крест жорығының басталуы
1095ж. Клермон қаласында Рим папасы ІІ Урбан халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа қатысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді.
Кедейлер жорығы.
1096ж. көктемінде Франция мен Германиядан ондаған мың кедей шаруалар мен серілер «қажылық жорыққа» аттанды. Олар нашар қаруланған және қосымша азық – түліктері болған жоқ.
Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып жергілікті халықтарды тонаушылыққа ұшыратады. Император оларды Кіші
Азияға шығарып салады. Салжұқ түріктер кресшілерді толық дерлік қырып жібереді.
Бірінші крест жорығы.
Ұзақ қанды шайқастан кейін кресшілер Антиохияны басып алады, ол жерде кресшілердің өз кінәздігі құрылады. Тағы бір көсемі тағы бір мемлекеті - Эдесса графтығының негізі қаланды. 1099 ж. шілде айында кескілес - кен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Бұл жорыққа кресшілер жағынан 100 - мың﴾ 60 мың﴿13 мың атты әскер﴾10мың атты әскер﴿қатысқан. Кресшілер қаланы қырғынға ұшыратып, әйел - еркек, бала - шаға,
Кемпір - шал демей қала халқын шетінен қыра бастайды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауына өз мемлекеттерін құрды. Олардың Ең бастысы Иерусалим королдікі болды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.
Екінші крест жорығы.
Палестина мен Сирия халықтары басқыншы кресшілерді жек көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп басқыншылар өздеріне жау елінде үнемі қауіп - қатерде өмір сүрді. Франциядағы Клерво манастырыны аббаты Бернар христиандарды қолына қару алып, қайтадан Палестинаға аттануға шақырды. Бұл шақыруды француз королі VІІ Людавик пен неміс императоры ІІІ Конрад қабыл алып, 1147 жылы екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші Азияда Салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты.
Үшінші крест жорығы.
1187 жылы Египет сұлтаны Салах - ад - Дин кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол астына көшті.
Төрінші крест жорығы.
1204 ж. төртіші крест жорығын ІІІ Инокентий папа ұйымдастырады. Кресшілер қасиетті жерге теңіз арқылы бармақ болып, Венеция кемелерін жалдады. Серілер Ирусалимге барған жоқ, Венеция әміршісінің Византияны басып алуға кресшілерді көндіреді. Константинополь қаласын басып алып, тонап, өз мемлекеттерін Латын империясы деп аталып, 1261ж. д. өмір сүрді ал 1267ж Византия империясы қалпына келтірілді.
Балалар жорығы.
1212 ж. кресшілер жалғастыру мақсатында дінбасылардың уағызымен балалар топ құрып, олар өздерін «құдай елшісі» деп жариялаған балалар басқарды. Олар құдай мүрдесін күнәға Батпаған балалар азат ете алады деп жариялады. Жас кресшілердің біразы жолда аштық пен аурудан қаза тапты, аман қалғандары жағасындағы Генуя және Марсель қалаларына жеткен соң көпестер балаларды құлдыққа Египетке сатып жібереді
Крест жорықтарының соңы.
Палестина иеліктерінің жерінің азаюына байланысты ауыл шаруашылығымен айналысу серілерге тиімді болды. Соғысқаннан гөрі өздерінің поместьлерін құрды.
Жалдамалы әскерде болу көп табыс әкелді. Шаруалар өнімсіздіктен аз жапа шекті және шығысқа баруы азайды.
● Соңғы крест жорықтары.
● Қасиетті жерді азат етеміз деген кресшілер алғаш басып алған жерлерінен біртіндеп айырыла береді. Папалар мен корольдер 1217 - 1221 жылдары бесінші, 1228 - 1229 жылдары - алтыншы, 1248 - 1254 жылдары жорықтар ұйымдастырды. Барған сайын ол жорықтарға тілек білдірушілер азая берді.
Кедейлер де, феодалдарда да шығысқа енді ұмтыла қоймады. Мұсылмандармен соғысудың оңай емес екендігіне олардың көздері жетті.
Крест жорықтарының салдары
Крест жорықтары Батыс Еуропа елдері тарапына әділетсіздік, басқыншылық соғыстар болды. Жорықтар Еуропа елдерінде ғана емес, шығыстағы мұсылман елдерінің де шаруашылығына, мәдениетіне орны толмас зиян әкелді. Дегенмен бұл жорықтар Батыс Еуропа елдері үшін біраз пайдалы жақтары да болды. Біріншіден, Жерорта теңіздегі сауданың қыза түсуіне ықпал етті. Екіншіден кресшілер шығыс елдерінен: тамақ алдында жууды,
Моншаға түсуді, іш - киімдерін, төсек - орындарын ауыстырып тұруды, әдемі киінуді, ас ішкенде шанышқыны пайдалануды үйренді.
Үшіншіден, еуропалықтар шығыстан жаңа егіс дақылдарын көріп, Еуропада күріш, лимон, өрік, қарбыз, өсіре бастады және жібек мата тоқуды, айна жасауды, металды сапалы металды өндеуді үйренді.
Бекіту:
● Кестені толтыру.
● Жылдар
Үй тапсырмасын беру
● §24 Крест жорықтары
● Тақырып бойынша хабарлама дайындау.
Бағалау.
Крест жорықтары
Сабақтың тақырыбы: “Крест жорықтары”
2024年3月5日918 浏览

#дүние жүзі тарихы#крест жорықтары
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
14 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
14 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

