Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Күнді іздеген достар (сахналау)
Мақсаты: ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау, кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс - əрекеттерін, əсерлі көңіл күйлерін білдіре сезіндіріп көрсету, рөлдерін дұрыс орындауын қадағалау, ертегідегі кейіпкерлердің сөз мəнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету, сөздерді анық, дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа, сүйіспеншілікке тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Күнді іздеген достар» ертегісін оқу, ойын - жаттығулар қарастыру, көрнекіліктер дайындау, сахна алаңын безендіру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), айналар, сюжетті суреттер, атрибуттар, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: бұлт торлап, күрт салқындап.
Билингвальді компонент: əтеш - петух, балапан - цыпленок, мысық - кошка.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар шеңберге тұрып, жылы жүзбен бір - біріне қарап, өлең жолдарын
айтады. Балалар, бізге Ерден атайдан хат келді. Келіңдер, бірге оқиық.
жиналады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Айару бізден көмек сұрап хат жазыпты. Ертегі əлеміндегі жан - жануарлар, құстардың бəрі сөйлемейтін, күлмейтін, тіпті жүрмейтін болыпты. Олардың бəрі сиқырланып қалыпты, не істесек болады?
- Дұрыс айтасыңдар, біз оларға көмектесуіміз керек. Ол үшін тапсырмалар орындайық.
1 - тапсырма. Артикуляциялық жаттығуды қайтала.
«Тəтті тосап». Біз тəтті тосапты жақсы көреміз, Тосап ернімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады.
«Сағат». Көңілді тіл күнде ертемен далаға шығып, жан - жағына амандасады. Тілді
сыртқа шығарып, ырғақпен оңға - солға, солға - оңға қозғайды.
«Түтікше». Ернімізді дөңгелетіп, алдыға қарай түтікше тəріздес ұстап тұру.
Педагог сиқырлы таяқшамен əр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдыратынын айтады. Сиқырлы таяқшаны кез келген
баланың басына қойып, бір аңды, немесе құсты айтады. Ол қай ертегіде кездескен кейіпкер екенін табады. Балалар жануарлар мен құстарға аяушылық танытады.
Біз оларға көмектесеміз, жануарлар мен құстарды сиқырдан құтқарамыз.
Жаттығуларды айнаға қарап 3 - 4 рет қайталайды.
Балалар білетін ертегілерін естеріне түсіреді. Ойларын жинақтайды.
Кейіпкер бейнесіне еніп, түрлі қимылдар жасайды,
Педагог сол ертегіден үзінді айтуын сұрайды.
Сергіту сəті. «Шөжелерім» əуеніне ырғақты қимылдар жасау.
2 - тапсырма. Өлеңді əртүрлі эмоциялық екпінде қайтала
(ұрысу, қуану, жылау).
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты,
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер аңдарды сиқырданқұтқардыңдар.
Педагог «Күнді іздеген достар» ертегісін еске түсіруді сұрайды.
Педагог ертегіні суреттерді кезекпен көрсете отырып баяндайды.
- Ертегіде не туралы айтылды?
- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?
- Балапан неден қорықты?
- Оған кім көмектесті?
Ертегі біздің қиялымызға қанат бітіреді. Ертегі сендерді жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді.
Сөздік жұмыс: бұлт торлап, күрт салқындап. ертегі кезеңдерінен үзінді
айтады. Балалар музыка ырғағына қимылдар жасап,
«Шөжелерім» биін билейді. Балалар өлеңді түрлі екпінде айтуға тырысады.
Суреттер бойынша ертегі мазмұнын еске түсіреді. Сұрақтарға жауап береді.
Кішкентай балапан туралы.
Əтеш, балапан, мысық, түлкі, қоян.
Аспанды бұлт торлады,
күннің көзі жоғалып кетті.
Айналаны қараңғы басты.
Балапан қатты қорықты.
Билингвальді компонент:
əтеш – петух балапан – цыпленок мысық - кошка
3 - тапсырма. Ертегіні есіңе түсір, суретте ертегінің қай кезеңдері бейнеленген?
Балапан жəне оның достарының көңіл күйі қандай? Салып көрсет.
Педагог аталған ертегініт театрланған ойын арқылы сахналауды ұсынады.
Педагог қоржынынан театр бетперделерін шығарады. Сөздерді қайталайды.
Суреттерге қарап, балапаның көңіл күйін айтады. Ым - ишара арқылы балапаның
көңіл күйін көрсетеді.(Балапан сияқты қорқу, жылау, қуану.) Балалар текшедегі кейіпкерлердің суреттеріне қарап рөлдерге бөлінеді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
- Балалар бүгінгі сомдаған театр сендерге ұнады ма?
- Саған қай кейіпкерді сомдаған ұнайды?
Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады.
1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды.
2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Əр бала өзі ойнаған кейіпкерлерінің іс - əрекеті жайлы əңгімелейді.
Балалар алған əсерлерін қоржындарды таңдау арқылы білдіреді.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: өзінің əрекетін музыка ырғағына сəйкестендіріп қимыл жасайды;
түсінеді: сахнада өзінің ойын серіктесінің ойымен үйлестіруді түсінеді;
қолданады: ертегідегі кейіпкерлердің сөз мəнерін, түрлі дауыс күштерін.
ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
Күнді іздеген достар (сахналау)
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
2024年3月5日500 浏览

#сахналық қойылым#балабақшаға арналған жоспар#сахналау#күнді іздеген достар
推荐阅读
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
17 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
17 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
37 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

