Павлодар облысы,
Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі мектебі
Математика мен физика пән мұғалімі
Идрисова Дана Темирбаевна
Тақырыбы: Күш
Мақсаты:
1. Күнделікті тіршіліктен тәжірибе келтіре отырып күш туралы түсінік, анықтамасын, шамасын белгіленуін, өлшем бірлігін, ерекшелігін менгерту.
2. Тәжірибе арқылы бақылау көз жеткізу, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды физикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл тиянақты айта білуге үйрету, тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Тәжірибе, сұрақ жауап, топпен жұмыс.
Типі: Жана сабақ.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен тақырыпты пысықтау
III. 1. Сыныпты үш топқа бөліп өткен тақырыптар бойынша тапсырма беру, топ басшысын сайлау.
I топ Күш - білімде
II топ Күш - атасын танымас
III топ Көптің күші бірлікте
Мақал - мәтел:
“ Білімі күшті бірді - жығады, білімі күшті мыңды жығады”
“Көптің күші - бірлікте”
I топ:
1. Денелерді өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
2. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Формуласын жазыңдар.
II топ:
1. Инерция деп нені атайды?
2. Тығыздығы мен көлемі бойынша денің массасын қалай есептейміз.
III топ:
1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз. Формуласын жазыңдар.
2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
Жауап:
I топ
1. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз – денелердің бір – біріне әрекет етуі.
Өзара әрекеттесу күрделі құбылыс, мысал келтіру
2. Қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішінде орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек.
м\с V=L/t V=S/t
II топ
1. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады( латынша инерция – қозғалыста емес әрекетсіздік)
2. Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгерту дәрежесін анықтайтын физикалық шама масса деп аталады. Массаны m белгілейді. m = p * v, өлшем бірлігі кг
III топ
1. Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндей массасына тең физикалық шаманы айтады. S=m/υ кг/м
2. Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйінде болады, немесе Жермен салыстырғанда түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Өзгермейді.
2. Деңгейлік тапсырма. Оқушыларға жеке тапсырма беру. Топты бағалау үшін сұраққа берілген жауап бойынша ұяшыққа ұпайын салып отыру.
1. Демонстрациялап көрсетемін. Жай қағаз, умаждалған қағаздың түсуі. Арбаны итеріп жүргізу. Арбаны итермелеп қозғалтуға болады. Бұл жағдайда арба ненің әсерінен қозғалады, яғни арбаның жылдамдығы адам қолымен әсер еткендіктен өзгереді. Әсер етуші дене адамның қолы, яғни денеге күш әсер етеді, немесе денеге күш түсірілген делінеді. Тақырыпты ашу.
3. Үш топқа тапсырма беру.
I топ. Тақтаға шығады бір - бірін итереді
II топ. Машина суреті.
III топ. Доп беремін.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жауап береді. Күш туралы классир жасап анықтама беру.
4. Дәптермен жұмыс. Күш ережесін жазып, күштің бағытын көрсетіп, белгілеуін жазу.
Күш - қозғалыс жылдамдығын өзгертуші. Күш физикалық шама. F; F
Күш сандық мәнімен ( модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.
5. Реферат оқытып, күштің тарихи мәлімет беріп күштің өлшем бірлігін айту яғни (H) Ньютон, яғни Н тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде Килоньютон (кН)
6. Суретпен жұмыс.
7. Топпен жұмыс.
I топ
1. Бір дененің екінші денеге әсер еткен неден білінеді?
2. Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?
II топ
1. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
2. Күш немен сипатталады?
III топ
1. Дененің жылдамдығы оған басқа дене әсер ету салдарынан өзгеретінің көрсететін мысалдар келтіру
2. Күш бірлігі ретінде не қабылданған.
IV. Рефлексия.
V. Сабақтың қорытынды.
VI. Үйге тапсырма
Күш
Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі мектебі
2024年3月5日644 浏览

#күш#физикалық шама#заттың тығыздығы#масса#заттың көлем бірлігі
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
5 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
25 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
25 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

