Тақырыбы: «Күз береке - күз мереке»
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Күзгі табиғат ерекшеліктерін таныстыра отырып, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой - өрістерін кеңейту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Балалар әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Ән: «Күз жомарт»
Ойын: «Күз ерекшеліктері»
Балаларға табиғат құбылыстары мен күз мезгіліне байланысты өзгерістер айтылады. Күз мезгілі туралы болса қолдарын шапалақтайды, ал басқа жыл мезгіліне байланысты құбылыс болса аяқ тарын топылдатады.
Мыс: Күн суыта бастайды, аспанды бұлт қаптайды жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жиі жауады, егін орады, жемістер мен көкөністер піседі (Күз мезгіліне байланысты). Күн қатты ыстық, адамдар жеңіл киінеді, жапырақтар жап - жасыл, балалар көбелекті қуады, қар ериді(жыл мезгіліне байланысты).
Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той
Қуаныш күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды қатты - қатты соғып қой.
- Балалар, кәне бәріміз бірге қайталайық.
Келші, келші Алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап – күлші Алтын күз.
Залға қолында сыйлығы бар күз ханшайымы кіреді.
Күз: Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Ал менің кім екенімді білгілерің келсе, мен сендерге өзім туралы жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал - терек
Жапырағын жұлғызып
Бұлттар төніп, жерге төніп
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып
Дала сұры қашады
Ойнай алмай, денең мұздап тоңады
Айтыңдаршы, бөбектерім бұл қай кезде болады?
Күз: Дұрыс айтасыңдар, мен алтын күз боламын.
Жүргізуші: Өнерлі ғой балалар
Көңілдері пәк жайсаң
Тақпақ айтып берейік
Алтын күзге біз арнап
Балалардың тақпақтары:
«Күз»: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба?
Ойын: «Көкөністі кім тез жинайды?»
Ойын шарты: Екі жақтан 3 баладан шыға қойсын. 1 - бала көкөністі егеді, екіншісі суарады, үшіншісі себетке жинайды. Ойынды екі рет қайталату.
Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілді,
Ақ жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Би: «Жапырақтар» Күз ханшайымымен бірге.
Жүргізуші: Күзім - ау, күзім - ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Тұрғаның қызық - ау
Жеке ән: «Жау, жау жаңбыр»
Әуенмен залға түлкі кіреді
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, достарым сендер не істеп жатырсыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, түлкі біз «Алтын күз» тойлап жатырмыз.
Түлкі: Сендерге күз неге керек?
Жүргізуші: Енді жаз мезгілінен кейін күз мезгілі келмей ме?
Түлкі: Күздің келгеніне неге қуанасыңдар? Күн салқын, жапырақтар түсіп жатыр, жаңбыр жауып тұр. Осыған қуану керек пе?
Жүргізуші: Сен олай айтпа, әр жыл мезгілінің өзінің табиғат ерекшелігі бар. Әр жыл мезгілі өзінше әдемі. Күзде табиғат ерекше түстерге боялады.
Түлкі: Күз әдемі, оның несі бар? Күзсіз өмір сүре аламыз.
Жүргізуші: Сенікі түлкі дұрыс емес. Күз мезгіліне байланысты біздің балалардың қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі тақпақтарын тыңдап көрші.
Балалардың тақпақтары
Би: «Саңырауқұлақтар биі». (ер балалардың орындауында)
Түлкі: ой балалар, сендер өнерлі екенсіңдер, ал мына күз мезгілі сыйлықтарымен не істейсіңдер?
Жүргізуші: Бұлардың адам денсаулығына маңызы зор дәрумендер бар. Дәрумендер денсаулыққа пайдалы. Біз оларды жейміз.
Түлкі: себетке үңіле қарап, ал мыналарды қалай айырасыңдар, қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс.
Жүргізуші: біздің балалар айырып бере алады.
Ойын: «Айырып сал»
Түлкі: Ал жақсы өте жақсы біледі екенсіңдер, ал жаңбыр жауғанда несіне қуанасыңдар?
Жүргізуші: Жаңбыр жауғанда табиғат ана қуанады, ал біз жаңбырды бақылауды жақсы көреміз. Ал жаңбырдан біз қолшатырмен қорғанамыз.
Түлкі: Қол шатыр дегеніміз не?
Жүргізуші: ендеше қыздарымыздың орындауында «қолшатыр биін» тамашала, сонда түсінесің.
Би: «Қолшатыр биі»
Түлкі: Енді түсіндім. Балалар. Мен бір ойын ойлап таптым, соны ойнап көреміз бе?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Ойынның жүру барысы: Үш түрлі түсті қолшатыр болады. «Жаңбыр» жауған кезде жүргізуші қолшатырдың түсін айтады, соның астына балалар тығылу керек. Ойын қайталану барысында түстерді алмастырып айтады.
Түлкі: маған сендермен ойнаған ұнады. Қолшатырларың әдемі екен.
Күз: Сыйлыққа саған бір қолшатыр берейік, аласың ба?
Түлкі: Ой, рахмет, аламын. Өзіне ұнаған қолшатырды алады.
Жүргізуші: Алтын күз, түлкі сіздерге үлкен рахмет! Біздің балалардың көңілдерін бір көтеріп тастадыңдар.
Күз: Достарым, бүгін сендер «Алтын күз» мерекесін тамашаладыңдар. Көңіл көтеріп, күзгі байлығымызды тердік. Еңбектеріңнің жемісін көріңдер. Мен сендерге құр келмей, мына жеміске толы себеттерді сендерге ала келгем. Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болды. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Сау болыңдар!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы - жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі «Күз береке - күз мереке» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан - жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз.
«Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,
Келгенше жыл айналып».
Атырау қаласының
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Аманиязова Заря Сисенғалиқызы
Күз береке - күз мереке
Тақырыбы: «Күз береке - күз мереке»
2024年3月5日625 浏览

#күз мереке#күз туралы сценарий#күз береке#алтын күз ертеңгілік
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
22 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
22 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

