Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Күзгі орман
Мақсаты: Балаларды санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндер жайлы білім деңгейін анықтау. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялын шыңдау. Қисынды есептер шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру. Балаларды әдептілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Саяхат, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойындар
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, орман көрінісі, үйшіктер, ленталар, ертегі кейіпкерлері, үнтаспа.
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Әлемдегі барлық адамға,
Тек жақсылық тілейміз.
- Балалар, сендер серуендегенді ұнатасыңдар ма?
- Иә, ұнатамыз.
- Онда бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз. Мен сендерге жыл мезгілінің ерекшелігін сипаттайын, сендер қай жыл мезгілі екенін табасыңдар.
Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай....
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
- Күзде болады
- Күз мезгілінің айларын атаңдаршы
- Қыркүйек, қазан, қараша.
Осы кезде ішке Қызыл телпек кіреді (музыкамен)
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім? Қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Қызыл телпек
Қызыл телпек: Дұрыс айтасыңдар, мен Қызыл телпекпін. Сіздер қайда бара жатырсыздар?
Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа шыққалы жатырмыз.
Қызыл телпек: Міне, керемет, маған серік болатын болдыңыздар. Анашым сүйікті әжеме бәліш апарып бер деген. Орманда қасқыр бар дейді, ал мен қасқырдан қорқамын.
Тәрбиеші: Балалар, ендеше біз Қызыл телпекті әжесінің үйіне жеткізіп салайық.
Қызыл телпек: Алақай, қандай жақсы болды! Әжем де қуанып қалатын болды.
Тәрбиеші: Ендеше жолға шығайық. Орманда алдымыздан талай - талай қызықтар кездесер. Балалар, қараңдаршы, мұнда қоян жүр. Өзі сондай көңілсіз.. Қоян саған не болды?
Қоян: Бізді түлкі үйімізден қуып шықты, енді тұратын жеріміз жоқ.
Тәрбиеші: Енді не істейміз, балалар?
Балалар: Қояндарға үй салып беруіміз керек.
Тәрбиеші: Қоян мұңайма, саған балалар көмектеседі. Қане балалар, қандай пішіндермен үйді тұрғызуға болады?
Балалар: Төртбұрышты аламыз
Тәрбиеші: Ал төбесін қандай пішінмен?
Балалар: Үшбұрыш
Тәрбиеші: Терезесін қандай пішінмен жасауға болады?
Балалар: Дөңгелек, төртбұрыш
Тәрбиеші: Қандай әдемі үй пайда болды. Келе ғой қоян үйіңе кір.
Қоян: Рахмет, балалар. Сендер бізге көп көмек көрсеттіңдер.
Тәрбиеші: Қоян, Қызыл телпектің әжесінің үйін көрсетесін бе?
Қоян: Ол орманның шетінде.
Тәрбиеші: Балалар, қоян қайда мекендейді? Немен қоректенеді?
Балалар: Қоян орманда мекендейді, олар шөппен, сәбізбен қоректенеді.
Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Қасқырдың ізін көреді.
Қасқыр: Қызыл телпек сұлу қыз! Қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжеме барамын.
Қасқыр: Мен сені жібермеймін, әуелі менің тапсырмамды орында.
Қызыл телпек: Балалар, маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Қасқыр: Қараңдар, лентаның ұзындығы әр түрлі. Қай лента ұзын, қайсысы қысқа?
Балалар: Қызыл лента ұзын, жасыл лента қысқа.
Қасқыр: Дұрыс, жарайсыңдар. Санамақ білесіңдер ме?
Санамақ айту. Бір дегенім – бесік,
Шықтым одан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уакыт.
Қасқыр: Жарайсыңдар, балалар, жолдарың болсын!
Тәрбиеші: Саяхатты одан әрі жалғастырайық.
Балалар ізбен жүріп апанға кезігеді.
Тәрбиеші: Біреу жылап отыр, кім екен?
Балалар: Бұл қорбаңбай аю ғой
Тәрбиеші: Не болды саған қорбаңбай аю?
Аю: Мен достарым тұрған үйшікті сындырып алдым, енді жаңа үйшік сала алмай отырмын.
Тәрбиеші: Балалар аюға көмектесейік, ол үшін мына берілген есептерді шығаруымыз керек.
1 + 2 = 3
1 + 1 = 2
3 – 2 = 1
Аю: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге.
Дидактикалық ойын: «Соқыр теке»
Мақсаты: балаларға пішіндерді қолымен сипап, сезу арқылы анықтау.
Соқыр теке бақ – бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң, қанекей,
Пішіндерді тап – тап.
Міне, балалар, әжейдің үйіне келіп қалыппыз. Әжей шығады.
Әжей: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қалайсың, Қызыл телпегім? Сендерді көргеніме қуаныштымын. Менің немеремді жеткізіп салғандарыңа рахмет.
Тәрбиеші: Балалар, балабақшамызға қайтайық. Сендерге саяхат ұнады ма? Не көрдіңдер?
Қандай жануарларға көмектестік?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші: Сендер өте тамаша балаларсыңдар, сондықтан мен сендерге езулеріңнен күлкі кетпесін деп күлкі қуанышын сыйлаймын.
Күзгі орман
Білім беру саласы: Таным
2024年3月5日697 浏览

推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
16 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
16 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

