Сабақтың тақырыбы: Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
Білімділік мақсаты: Өткен сабақты пысықтай отырып жаңа сабақпен таныстыру. Күзгі орман тіршілігінен түсініктер беру, орман тіршілік иелерінің тірлігі туралы білімін кеңейту, орманның байлық екенін меңгерту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, аялауға және адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетімен жұмыс жасауға баулу. Ойын, қиялын, тілін дамыту, зейінін тұрақтату, шығармашылық қабілетін жетілдіру, шыңдау.
Сабақтың түрі: серуен сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Армысың, күн, емендер мен кең дала!
Армысың, тау, ормандар мен теңіздер!
Армысың, өсімдіктер, гүлдермен!
Армысың, әлемде өмір сүргендер!
- Балалар, біз бүгін сондай тамаша әрі қуаныш пен ізгілікке толы қоршаған ортаға сәлем береміз. Қане, мына жайдары да жарқын күзгі күнге, мына мейірімді самал желге күлімсірейікші, бір - бірімізге жымия қарап табыс тілейік.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Терезе сыртында күз.
- Ол сендерге өзінің алтын жапырақтарын сыйлайды.
2. Үй жұмысын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кім айтады? (4 – 5 баладан сұрау)
3. Жаңа сабақ.
- Күздің бізге берері әлі де көп. Бүгінгі жаңа сабағымызда Елемес Салықов ағамыздың «Күзгі орманның көріністері» әңгімесімен танысамыз.
Мақсатымыз: мәтіннің мазмұнымен танысып, орман тіршілігі туралы ұғым алу, табиғатты аялауға, қорғауға үйрену.
Елемес Салықов ағамыз жазушы. Ол өздеріңдей балаға арнап көп әңгімелер жазған.
Дәптермен жұмыс.
- Жазайық.
- Балалар, орманға барып көргендерің бар ма?
- Орман иесі бүгін бізбен бірге. Ол өзінің орманын жамандықтан қорғап жүреді, өсімдік, құстар, жануарына қамқоршы бола біледі екен. Бізді бүгін орман иесі Бөрене атай серуендетпекші. Өзінің орманын аралатып жүріп, ормандағы тиін, борсық, қоянмен таныстырады.
Кітаппен жұмыс.
Мәтінді оқу.
Дауыстап оқу.
Шынжырлап оқу.
Тренинг.
Сергіп, жұмбақ шешіп көрейік.
Мол өнім бізге береді
Барлығы жеміс тереді (күз)
Жүні үлпілдеген
Бұтақтан бұтаққа секірген. (тиін)
Бір жылда екі тон киген
Ешкімге өзі тимеген. (қоян)
Жаңа сабақты бекіту.
- Балалар, Бөрене атайдың сіздерге берер тапсырмасы да бар екен. Ол орман жапырақтарынан орман жануарының бейнесін құрастыру екен. Жапырақтарда сұрақтар бар.
- Кім жауап береді?
1. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?
2. Мәтіндегі танысқан тіршілік иелері нелер еді?.
3. Жануарлардың қыс мезгіліне дайындығы қалай??
4. «Орман – байлығымыз» дегенді қалай түсіндіресің?
5. Дос - сыныптастарыңа орманды қорғауда не айтар едің?
4. Қорытынды.
- Сабақ ұнады ма?
- Олай болса, көңіл - күйлеріңізді білдіретін күндей сары жапырақты көрсетіңдерші.
- Мен де ризамын.
- Орман табиғи байлығымыз. Табиғат бізден бар жақсылығын аямайды. Сондықтан да табиғатты қорғап, аялай білейік!
5. Үйге тапсырма.
Мазмұндау, сөзжұмбақты шешу.
Күзгі орманның көріністері
Сабақтың тақырыбы: Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
2024年3月5日1080 浏览

#күзгі орманның көріністері#салықов#күзгі орман#күз туралы ашық сабақ жоспары
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
18 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
18 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
38 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

