ҚАЗАҚ ТІЛІ 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Лексика тарауын қайталау
Мақсаты:
а) білімділік: лексика тарауын қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу
ә) тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсінуге, орынды қолдануға, диалог құруға үйрету
б) дамытушылық: оқушының шығармашылық қабілетін ояту, санада бар бейнелерін еске түсіру, оны көркем бейнемен түйіндеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, тіл дамыту
Сыни тұрғыдан ойлау, оқуды бағалау, АКТ
Сабақтың түрі: танымдық жинақтау
Көрнекілігі: слайд, тест түрлері, талдау, «Досыма көмек» ойыны.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Мұғалімнің сөзі: - Балалар, үйге лексика тарауын толық қайталап келу тапсырылған болатын.
Бүгінгі сабағымыз «Аптаның жеті күні» деген тақырыппен өтеді. Аптаның әр күніне тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындау арқылы лексика тарауын қайталаймыз.
Ендеше дүйсенбі күнгі тапсырмадан бастайық.
Лексика
Сөз әлеміне саяхат
Лексика ғылымы нені зерттейді?
Сөздің тура, ауыспалы мағыналары дегеніміз не?
Көп мағыналы сөздер қандай сөздер?
Омонимдер дегеніміз не?
Синонимдер нендей сөздер?
Антонимдер дегеніміз не?
Табу дегеніміз не?
Эфемизм, дисфемизм нендей сөздер?
Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
Көнерген сөздер, түрлері туралы айтыңдар?
Жалпылама лексика дегеніміз не?
Кірме сөздер, неологизмдер нендей сөздер?
Диалект, кәсіби сөздер дегеніміз не?
Терминдер дегеніміз не?
«Кім жылдам?»
Үзінділердегі асты сызылған сөздердің қандай сөздерге жататынын анықтаңдар.
1. Найзалары саптаулы,
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы
2. Бір шәй ішім мұрсат болмады,
Нән балық та құтырып
Суға сыймай сандалды.
3. Атам бір қайтты дүниеден,
Бес жасты жетім қалдырды.
4. Рахатсыз біткен мал
Ұйқыда көрген түс деген.
5. Хакімі әділ болмаса,
Бұқара, байтақ ел жетім.
Тест түрлеріне талдау
1. Жабық тест
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы...
а) сөздік құрам
ә) мәтін
б) лексика
2. Эвфемизімі бар сөздерді анықта.
а) ұрлық
*ә) қолды болды
б) ұрланды
3. Ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөзді тіл білімінде...
а) лексика
ә) көп мағыналы
*б) табу
4. Ойды бейнелеп әрі тұспалдап және ишара түрінде айтылған сөзді...
а) мақал
ә) сөздік қор
б) мәтел
5. Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер....
а) кірме сөздер
ә) жаңа сөздер
б) тіркес сөздер
6. Антонимді тап.
а) сулы – сусыз
ә) сулы – құрғақ
б) сулы - сулы емес
7. Мына сөздерден табуды тап.
а) шырайлым
ә) қайын сіңді
б) Ақмарал
8. Мына сөздерден тұрақты тіркесті анықта.
а) тас бауыр - мейірімсіз
ә) тас бауыр - тас бауыр емес
*б) тас бауыр - жүрек жұтқан
Сәйкестік тест
Антонимдік тұрақты тіркестердің сәйкес сыңарын табу
1. Бетінен оты шығу ------- Беті шімірікпеу
2. Ат ізін құрғатпау--------- Ат ізін салмау
3. Жүрегі мұздау ------------ Іші жылу
4. Құлақ аспау --------------- Құлақ қою
5. Көңіл тасу ----------------- Көңілі басылу
6. Жұлдызы жарасқан ----- Жұлдызы қарсы
7. Аты жер жару ------------ Ауызға ілінбеу
Балама (альтернативті) тест
1. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасын тура мағына дей ме?
2. Арық адам, су ішетін арық сөздері синоним бе?
3. Белгілі бір сөздердің жиынтығы мәтін бе?
4. Белгілі бір ойдың жиынтығы мәтін бе?
5. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын омоним дей ме?
6. Екі я одан да көп мағынаға ие болуын көп мағыналы дей ме?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді көп мағыналы дей ме?
8. Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік сөздері зат есімдерден болған синонимдерге жата ма?
9. Басқа тілден енген сөздерді тарихи сөздер дей ме?
10. Ұл балаға шырақ, мырза жігіт, төре жігіт деп ат қою антоним бе?
11. Жеделхат, ғарыш, зейнетақы сөздері мәтін бе?
Толықтыру тест
Берілген сөйлем, сөздерге көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою керек.
1. Көнерген сөздің ережесі.
Қол... ныс... н шы... п қал..., та... хи шы... ма... да ғ... н... кез... се... н, ма... н... ы кө... кі сө... дер... і кө... рге... сөз... р дей... з.
2. Мәтіннің ережесі.
Бел... лі б... р ой... ың жи... ты... ы.
Лексикалық талдау
Мына сөйлемдерге лексикалық талдау жүргізіңдер
Ардақ әкесін әдепті, жылы жүзбен қарсы алды.
Ата - қоныстармен үлкенді - кішілі үйлерді қатар орналастырды.
Сауаттылық - тіл қасиетін меңгерушілік
Өздік диктант
Абайдың «Қыс» өлеңінің екі шумағын жатқа жазыңдар.
Тіл дамыту
Мына тақырыптарға синоним сөздерді, тұрақты тіркестерді қатыстырып мәтін құраңдар.
1. Менің досым
2. Менің мектебім
3. Менің ата - анамның кәсібі
Демалу сәті
Есіңе сақта!
Сен аптаның алты күнінде мектепке келіп, ғылыммен айналысып жүрсің. Ғылым негізі мектептен басталады. Күнделікті сабағың - жаңа білім бетін ашу, жаңа термин сөздермен танысу.
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов
атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Болатбаева Мирамкүл
Лексика тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Лексика тарауын қайталау
2024年3月5日477 浏览

#лексика#балама#қазақ тілінен ашық сабақ жоспары#альтернативті тест#лексикалық#тұрақты тіркес
推荐阅读
7月15日天气预报:哈萨克斯坦大部持续高温
7月15日,哈萨克斯坦大部持续高温,南部地区最高+43°C,北部和西部有雷雨。阿斯塔纳、卡拉干达等地有雨。详细城市天气预报,欢迎访问infohub.kz。
6 分钟前
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
26 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

