1 сынып
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Мм дыбысы мен әрпін таныту. М дыбысының үнді дауыссыз дыбыс екенін және сөз ішінде келетін орнын, буын, сөз соңында дыбысталу ерекшелігін таныту.
2. Мм дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз, сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұжымдық сыйластыққа, бір - бірін қадірлеуге, оқу құралдарын ұқыпты ұстауға, адамгершілік қағидаларды ұстана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мм әрпінің баспа, жазба түрі, әріптер кассасы, суреттер, шығармашылық тапсырмалар үлестірме материалдары, слайд, кесте т, б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Ана тілі
Сабақ түрі: Жаңа білім меңгерту
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту әдістері
Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
II. Үй тапсырманы тексеру:
- Дд дыбысына сөз құрату. сөзден сөйлем ойлату.
- Оқулықта берілген сөз, сөйлемдерді тізбектеп оқыту.
А) Жоғалған сөзді тап!
Дана ал.
Дулат қара.
қой қорала.
Тірек сөздер: доп, Айдар, торпақ
Ә) «Әріптер еліне саяхат»
Қызыл үйшік......
Көк үйшік.........
(Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Ққ, Дд)
Дыбысталу ерекшелігіне қарай үйлеріне орналастырайық!
Б) Жаттамақты жатқа айт!
- Жазу құралын ата?
- Дәп - тер
- Өткен сабақта дәптер өлеңін жаттап едік, қайталайық:
Дәптер
Әліппе сенің сырласың,
Әліппе досың болады.
Әріптердің шұғыласы,
Дәптеріңе қонады.
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте,
Дәптеріңді күт бала,
Дәптеріңді құрметте!
III. Мағынаны тану:
А) Сөз жұмбақ шешейік:
1. Қыздар алқасы (м) оншақ
2. Үй жануарларын бір сөзбен не дейміз? (м) ал
3. Көйлек неден тігіледі? (м) ата
4. Киім тоқылатын ақ ұлпа? (м) ақта
Сөзжұмбақ шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.
Мон - шақ, мал, ма - та, мақ - та сөз басында Мм дыбысы естіліп тұр.
Олай болса, барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік.
Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады. Олай болса, Мм дауыссыз үнді дыбыс.
Мм әрпін баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу
Ә) Сурет бойынша жұмыс: (Оқушыларға әңгімелету)
Моншақ
Бұл - моншақ. Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.
Комбайн
Бұл - комбайн. Комбайн мақта алқабында мақта орды.
Мақта
Бұл - мақта. Мақтадан киім тоқылады.
Оймақ.
Бұл - оймақ. Оймақты іс тіккенде қолданады.
Б) Оқулықпен жұмыс:
- Бағанда берілген сөздерді оқыту
- Мәтінмен жұмыс: «Тамақ»
Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру.
В) Сөздік жұмыс:
Мол - көп
Мақал - нақыл сөз
Оймақ - іс тіккенде саусаққа киетін бұйым.
Қармақ - балықшы құралы
Г) Дәптермен жұмыс:
Мм әрпін жазу
IV. Ой толғаныс: Шығармашылық тапсырмалар:
А) Бір сөзден көп сөз ойла:
1 топ: ----------------------------- 2 топ: -------------------------- 3 топ:
Моншақ ----------------------------- Оймақ ------------------------- Мақта
(Он, шақ, ошақ, монша) ------------(ақ, ой, май, қой, ай) ---------- (Мата, ақ, ақта, тамақ)
Ә) Пирамида құрастыру:
---- 1. Бүгін танысқан әріп (М)
-------- 2. Бастағы негізгі мүше (Ми)
------------ 3. Тамақ (Май)
----------------- 4. Киім тоқылатын бұйым (Мата)
Б) Дүкеннен азық - түлік алу:
Мына жұмбақсөз шешімін тауып, кәрзеңкеге салайық:
1. Ас атасы -(нан)
2. Өзі тәтті, тез еріген
Шәйдің дәмін келтірген. (қант)
3. Нанмен бірге жағылған
Барлық бала дәм алған - (май)
4. Домалақ оның пішіні.
Ол да бір нанның үлгісі –(тоқаш)
5. Сүттің де бір түрі бар ұйытылған ішуге арнайылап қойытылған -(айран)
Кәрзеңкедегі сөздерді оқу, бұларды бір сөзбен не дейміз?
- Тамақ дейміз.
- Тамақ не үшін қажет?
- Адам өмірі үшін тағы да нелер қажет?
- Тамақ сөзіне дыбыстық талдау жасау
В) «Біз не үйрендік?»
Әріп, дыбыс
М – дауыссыз, үнді, сөздің барлық буынында келеді
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жазу
Бағалау: Оқушыларды марапаттау
М дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі
2024年3月5日1026 浏览

#бастауыш сынып сабақ жоспары#м дыбысы мен әрпі#ашық сабақ әліппе
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
12 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
32 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
52 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

