ОҚО, Созақ ауданы,
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өтепов Талғат Рәзімханұлы
Алғы сөз
Бүгінгі заман талабы өнерлі, білімді, туған елінің озық мәдениетінен сусындаған жігерлі жастарды тәрбиелеу болып отыр. Қоғамның мәдениет деңгейі біліммен анықталары сөзсіз.
Сіздерге ұсынылып отырған «Мәдениет - біліммен» атты интеллектуалдық шоу бағдарламасының мақсаты да осында.
Мәдениеттің әр саласын қамтыған думанды сайыста оқушылар өнердің бес тармағы бойынша сайысқа түседі. Әдебиет, музыка, сурет, мүсін, театр өнері бойынша берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындауға күш салады.
«Мәдениетсіз ел - мәңгүрт ел, әдебиетсіз ел - әдепсіз ел, білімсіз ел - біліксіз ел, өнерсіз ел - өріссіз ел, ғылымсыз ел - жұлынсыз ел» деп түсінетін халық үшін дәл осындай тәрбиелік қасиеті мол бағдарламалардың маңызы зор.
Мәдениет - біліммен /интеллектуалдық шоу/
Мақсаты: Өнер әлемін, білім - ғылым дүниесін, мәдениетіміздің тарихын терең білуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру т. б.
Жүргізілу барысы:
1. Ұмтылыңыз қалыспай (топты таныстыру)
2. Әдебиет - сөз өнері (әдебиет саласы бойынша)
3. Ән - көңілдің ажары (ән және музыка саласы бойынша)
4. Бармағынан бал тамған (мүсін өнері бойынша)
5. Бейнелер сыры (Бейнелеу өнері бойынша)
6. Сахна - өмір (театр өнері бойынша)
/ Шоу өтетін орын безендіріледі. Жарысқа қатысатын топтардың аты («Болашақ», «Дәуір») жазылады. Топтың ұпайларын көрсетіп отыратын экран ілінеді. Шоу өтетін орынға екі үстел қойылып, үстіне қағаз, қаламдар алдын ала дайындалып қойылады. Әр топтан 5 - 6 оқушы қатысады. Айналаны безендіру үшін әр өнер саласына байланысты айтылған қанатты сөздер ілінеді:
Мәдениетті көтеру үшін мәдениет тарихын, адамзаттың барлық мәдени мұрасын білу керек.
М. И. Калинин
Білім – іштегі нұр,
Өнер - сыртқа салынған түр.
Т. Ізтілеуов
Мұралардың ең қымбаты - сөз, асыл сөз мәңгі жасайды
Ғ. Мұстафин
Ән - халық үні, оның шындығы, ойы мен сезімі.
Жамбыл
Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.
А. П. Чехов
Суретші - өз елінің сезімталы, оның құлағы, көзі мен жүрегі.
М. Горький
Театр негізі - драматургия.
Б. Нұрпейіс
Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Өздеріңізге белгілі, өз ертеңін, өз ұрпағын өркениет өрінен көргісі келер ел мәдениетіне төр ұсынады. Қоғамның мәдениет деңгейі біліммен анықталары сөзсіз. Білімді қоғам - мәдениетті қоғам.
Бүгін жалпы өнер әлемін жанындай сүйген оқушылар интеллектуалдық шоуға келіп отыр. Олай болса жоғары сынып оқушыларынан құралған екі топты ортаға шақырамыз. /Екі топ кезекпен шақырылады. Өз үстелдеріне жайғасады./
Жүргізуші: Біз бүгін мәдениеттің бес саласы бойынша тапсырмалар береміз. Әр сайыстан соң қазылар алқасы ұпай санын беріп отырады. Ұпайлары көрсетіліп, әр сайыстан соң қортындысы беріліп отырады. Олай болса, қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.
/Қазылар алқасының мүшелері таныстырылады. Құрамына мүмкіндігінше өнер саласынан хабары бар білікті мамандар алынады./
Жүргізуші: Сонымен сайысымыздың алғашқы түрі -«Ұмтылыңыз қалыспай» деп аталады./ Сайыстың әр түрі басталғанда, экраннан көрсетіп отырады. Екі топ өздерін таныстырып өтеді. Қазылар ұпайын береді./
Жүргізуші: Келесі сайыс түрлерінің әрқайсысында екі тапсырма беріледі. Теориялық және практикалық. Сонымен сайысымыздың келесі түрі «Әдебиет - сөз өнері». Алғашқы тапсырма сұраққа жауап беру.
Үстел үстіне бірнеше сұрақтар мен тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар қойылады. Топ мүшелері алған сұрағына 30 секунд ішінде ақылдасып, гонг ұрылған соң, топ мүшелерінің бірі жауап береді.
/ Сұрақтар үлгісі:
1. Әдебиеттің тектерін ата.
2. Жергілікті ақын, жазушылар, олардың еңбектері.
3. Көркем шығармаларға байланысты қандай фильмдер түсірілген?
4. М. Әуезов жайлы естелік айт.
5. С. Сейфуллиннің қандай әндері бар.
6. Көрермен сұрағы /көрермендер қояды/ т. б./
Жүргізуші: Енді сайыстың осы түрінен екінші тапсырма беріледі. Ол - берілген ұйқасқа өлең шығару.
/ Үлгісі:
................................................................. күнім,
................................................................. үнің,
..........................................................................
................................................................. тілің./
Жүргізуші: Сайысымыздың 3 - түрі - «Ән - көңілдің ажары». Алғашқы тапсырмамыз - сұраққа жауап беру.
/Сұрақ үлгісі:
1. Қазақтың алғашқы бұлбұл әншілері.
2. Әлемдік ән байқауларының қазақстандық жеңімпаздары
3. Шәмшінің бір әнін орындау
4. Суреттегі кім? /әнші, композиторлардың
суреті беріледі/
5. Дауыстың қандай түрлері бар?
6. Көрермен сұрағы т. б. /
Жүргізуші: Осы сайысымыздың практикалық тапсырмасы - қазақ әншілеріне пародия жасау. /Тапсырма алдын ала үйге беріліп қойылады.
Сайыстың бұл түрінің де қорытындысы айтылып, ұпайлары экранда көрсетіледі./
Жүргізуші: Сайысымыздың 4 - түрі -«Бармағынан бал тамған». Алғашқы тапсырма – сұрақтар мен тапсырмалар.
/Үлгісі: 1. Қазақтың атақты мүсіншілері.
2. Еліміздегі сәулетті ғимараттарды ата.
3. Домбыраның құрылысын айтып бер.
4. Мына мүсін қай жерде, кімге арналып соғылған?/суреттер беріледі/
5. Композиция деген не?
6. Көрермен сұрағы т. б./
Жүргізуші: Екінші тапсырмамыз – «Төрт түлік» тақырыбында қағаз, ермексаз т. б. материалдарды қатыстырып композиция жасау. Өздері жасаған мүсінді түсіндіреді, қорғайды.
/Тақырып алдын ала үйге беріледі. Сұлбаларын үйден жасап келіп, осы жерде құрастырады. Оқушылар композициямен айналысқанда, уақытты босқа өткізбес үшін көрермендерге түрлі сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар ұсынылады./
Жүргізуші: Сайыстың келесі түрі - «Бейнелер сыры». Алғашқы тапсырма - сұрақтарға жауап беру.
/Сұрақ үлгісі: 1. Қазақстанның Туы мен Елтаңбасын сипаттап бер.
2. Живопись, натюрморт дегеніміз не?
3. Графика дегеніміз не?
4. Қазақтың халық суретшілерін ата.
5. Ауданымызда қандай суретшілер бар?
6. Көрермен сұрағы т. б./
Жүргізуші: Осы сала бойынша екінші тапсырма - мектеп өміріне әзіл сурет салу. Сурет салуға топ мүшелері түгел қатысады. 5 минут уақыт беріледі. Салған суреттерін түсіндіреді. қорғайды./Ұпайы беріледі/
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың соңғы түрі - «Сахна - өмір».
Алғашқы тапсырмамыз – пікірталас. Қазір «Әртіс болудың пайдалы жақтары», «Әртіс болудың зиянды жақтары» деген тақырыптар ұсынылады. Екі топ таңдап алған тақырыптары төңірегінде пікірталастырады. Топ мүшелерінің тақырыпты қорғаудағы сөз шеберліктері, ой - өрістері т. б. бағаланады.
Жүргізуші: Соңғы сайыстың екінші тапсырмасы - мектеп өмірінен шағын сахналық қойылым көрсету.
/Екі топтың қорытынды ұпайы айтылып, сыйлықтар тапсырылады. Соңында екі топтың да мүшелері бірігіп, шоуға арналып жазылған «Мәдениет - біліммен» атты әнді орындайды. Бұл ән «Қазақы дастарқаным» әнімен орындалады.
Ән мәтіні:
Шарықтап өнерімен,
Жасайды елдігіміз.
Тасытып кемерінен,
Жалғайтын біз боламыз
Мәдениет - білімменен
Көркейер қолымызда.
қ/сы Мәдениет - күнім менің
Нұр шашар жолымызға.
Мәдениет ошақтарын
Ұсындық төрімізге.
Құшаққа алсақ бәрін,
Құт болар бәрімізге
Мектебім - алтын ұям
Білімнің нәрін берген.
Ойымда сан мың қиял
Өзіңсің тәлім берген
/соңы/
Мәдениет-біліммен
«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің
2024年3月5日712 浏览

#мәдениет#интеллектуалдық ойын#ойын сабақ#зияткерлік сайыс сабақ
推荐阅读
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
15 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
15 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
35 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

