Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры)
Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекетін орындай білуге үйрету, шығармашылыққа, батылдыққа тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Мақтаншақ қоян» ертегісін оқып беру. Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), қолғап театры, қоян, қасқыр ойыншықтары, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: қылдырықтай.
Билингвальді компонент: қоян – заяц, қасқыр – волк.
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Балалар шеңберге тұрып, жылы жүзбен бір - біріне қарап, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Айарудың тапсырмалары
. Əліппе - дəптермен жұмыс. 1 - тапсырма. Таныс бол. Саусақ театрында қуыршақ саусаққа киіледі, қолғап театрында қуыршақ қолға киіледі.
Жұмбақ Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)
- Қоян туралы қандай ертегі білесіңдер?
Киілмелі қуыршақ театр үлгілерімен танысады.
Жұмбақтың шешуін табады.
15
- Ерден атай сендерге «Мақтаншақ қоян» ертегісін алып келді. - Ертегі сендерге ұнады ма? - - Қоян қандай аң? - Қасқыр қандай аң?
Əліппе - дəптермен жұмыс. 2 - тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуы: Ян - ян - ян, Мақтаншақ қоян. Ыр - ыр - ыр, Көкжал қасқыр. Билингвальді компонент: Қоян – заяц Қасқыр – волк
Сергіту сəті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Əліппе - дəптермен жұмыс. 3 - тапсырма. Суреттегі кейіпкерлердің көңіл күйін қайталап көрсет. 4 - тапсырма. Қоян не деп мақтанды? Қайталап айтып бер. Қоян сияқты мақтануға бола ма?
Педагог «Мақтаншақ қоян» ертегісін қолғап театры арқылы көрсетуді ұсынады. Педагог қуыршақты қолға қалай дұрыс
Ертегіні еске алады, сұрақтарға жауап береді: Қоян қорқақ, жүйрік т. б. Қасқыр өжет, жыртқыш аң.
Балалар тіл ұстарту жаттығуын қайталап айтады.
Сөздерді қайталайды.
Өлең жолдарына сай қимыл - қозғалыстар жасайды.
Қоянның, қасқырдың көңіл күйін қайталап көрсетеді.
Балалар қойылымнан үзінді көрсетеді.
16
киюді көрсетеді. Қорапшадан ертегі кейіпкерлері бейнеленген карточкалар жəне бос карточкалар таңдауға беріледі. Бос карточка алған балалар көрермен болады.
Балалар қолғап театры арқылы ертегіні сахналайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
- Бүгін қандай ертегі қойылымын тамашаладыңдар? Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын ұсынады. 1. Ұнады - жасыл қоржынды таңдайды. 2. Ұнамады - қызыл қоржынды таңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: сюжеттер бойынша ертегі қойылымдарынан үзінді көрсетеді; түсінеді: кейіпкерлердің теріс қылықтарын;
қолданады: əдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады, өз ойын айта алады, өзгелердің пікірін тыңдай біледі.
ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
2024年3月5日482 浏览

#көрініс#сахналық қойылым#драма#мақтаншақ қоян ертегісі#кейіпкерлер
推荐阅读
美元在哈萨克斯坦飙升后暴跌
据infohub.kz报道,美元在哈萨克斯坦交易市场和兑换点近期飙升后暴跌。在哈萨克斯坦证券交易所(KASE)交易结束时,美元汇率下跌7.45坚戈至468.88坚戈,兑换点售价467-475坚戈。此前美元曾上涨9坚戈。本文由infohub.kz提供。了解最新汇率动态,请关注infohub.kz获取更多信息。
22 分钟前
7月15日天气预报:哈萨克斯坦大部持续高温
7月15日,哈萨克斯坦大部持续高温,南部地区最高+43°C,北部和西部有雷雨。阿斯塔纳、卡拉干达等地有雨。详细城市天气预报,欢迎访问infohub.kz。
22 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

