Махаббат – өмір нәрі
Сабақтың мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет тұтуға баулу.
Міндеттері: Махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы, оның тек қана адамға тән іңкәрлі сезім екенін білдіру; -
Адамды, табиғатты, өмірді сүйе білуге оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; -
Адамгершілікке, сенімділікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу; -
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Музыка қосылады.
Ыңғайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз денеңізді босатып тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, салдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл дем алудасыз, сіз күш қуатқа толысыз. Жер анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіп, қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
- Сендерді жақсы көретін адамдарға қалай жауап беріп жүрсіңдер.
- Ана мен баланың арасындағы қандай махаббат.
- Қызбен жігіт
- Туған жер, табиғат қандай сезім тудырады?
- Мөлдір махаббат, шынайы махаббат, ұғымдарына анықтама берер едіңдер.
Әңгімелесу:
Ей, перзентім, адамның табиғи сұлулығы(сыпайы, биязы мінезі) болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз. Табиғи сұлулық дегеніміз – оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез - құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады. Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, лажсыздан құмарлықтың құлы боласың.
Абай жолы( үзінді)
- Тоғжан сұлу етіп тұрған қандай күш?
- Махаббаттың адам өміріне, оның айналасындағыларға әсері қандай?
Дәйексөз:
«Өзіңе деген махаббат – тамаша нәрсе, өткені ол - адамның өз қабілетін сезінгеннің белгісі» (Т.Гоббас).
- Осы дәйексөз сөздің мағынасын қалай ашар едіңіз? «Өзіңе деген махаббат» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Туған жер табиғатқа деген махаббат, өзіңе деген махаббат, алғашқы махаббат тақырыптары бойынша әр топ пікірлерімен ашып қорғау.
Топпен ән айту: Алғашқы махаббат
Үй тапсырмасы:
1) Әр қайсымыз өзімізге, өз жүрегімізге тілек кемесі арқылы хат жазамыз, жссе жазу.
2) «Ғашықтық ғаламаты» мәтінің оқып келу.
Позитивті күйге келу: Баяу әуен қойылады.
Махаббат ол – үлкен құдіретті күш. Махаббат ол – сенімді дос, махаббат ол – шексіз бақыт.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.
Бүгінгі керемет сабақ үшін Сіздерге көп рахмет!!!!
Махаббат – өмір нәрі
Махаббат – өмір нәрі
2024年3月5日799 浏览
#өзін өзі тану пәнінен сабақ жоспары#махаббат өмір нәрі
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
8 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
28 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
48 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

