Блогер әрі әзілкеш Қанат Тасхан Мейрамбек Бесбаев жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оның айтуынша, әнші дастархан басында видеоға түсуді ұнатпайды.
«Мейрамбек аға өте сақ адам. Оны өте көп жерлерде қонақ қылады. Біреу телефон алған бойда дастарханды тоқтатып, телефонды алып: "Қәне, не түсіріп жатырсың?" деп сұрайды. Түсірген адамды ығыр қылады. Телефонды дастархан жайған адамға береді. "Қандай адамдарды жинадың? Мені масқаралау үшін шақырдың ба? Біз мұнда еркін сөйлесіп отырмыз" дейді. Ол жай отырмайды — бәрін байқап отырады. Қазір видеолар тарап жатыр», — деді әзілкеш.
Желі қолданушылары әртүрлі пікірлер қалдыруда.
«Бұл дұрыс, біз танымал болмасақ та, бізді түсіргенді ұнатпаймыз. Әркімнің жеке өмірі бар, жеке өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Сондықтан жеке шекараны сақтау — өте дұрыс», «Демек, жасыратын нәрсесі бар», «Егер өзің намысыңды түсіретін іс жасамасаң, неден қорқасың?», «Күйеге жағылсаң, өзің де күйе боларсың», — деп жазды оқырмандар.


