Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: «Менің апам - дәрігер»
Мақсаты: Мәтінді түсіндіру, оны сын тұрғысынан ойлау арқылы меңгерту.
Білімділігі: Оқушыларға жаңа мәтін туралы түсінік беру, өз ойларын ашық айта білуге төселдіру. Өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
Дамытушылығы: Ауылдағы мекемелер, шаруа, маман, көлік түрлері туралы өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Тіл байлықтарын арттыру.Ауыл тұрмыс-тіршілігі жайында ойларын тереңірек білуге ұмтылдыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын ояту, оны сүйе білуге тәрбиелеу.Адал, абыройлы оқушы болуға жетелеу.
Түрі:Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, сөздік жұмыс, венн диаграммасы, топтастыру, ойын түрлері, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі:көшпелі тақта, суреттер салынған плакаттар, суреттер, үлестірмелі таяқшалар, т.б.
Жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бағалау
1) Көктемгі көрініс бейнеленген сурет тақтаға ілінеді.Сурет арқылы «гүл теру»ойыны ойналып, сұраққа жауап алынады.
2) Ауыл көрінісі бейнеленген суреттерін тексеру, мадақтау.
ІІІ.Жаңа сабақ
«Менің апам дәрігер»
Алдын-ала дайындалып келген оқушыларды анықтау.
1.«Кім болам?» ойыны ойналады
Оқушылардың болашақта, азамат болғанда кім болатындары туралы пікір алысады.
«Дәрігер». Дәрігер адамдарды емдейді.
- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің апам –дәрігер».
2.Түсіндірме жұмыс
- Оқушыларға жаңа сабақты сурет арқылы түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Жеке-жеке жүргізіп оқыту.
Жаңа сабақты игерту:Үйдегі көмек
4. Сергіту сәті «Апам үшін күнде де.»
5. Тапсырмалар
1) Ауылды жерде қандай мекемелер барын байқа.
Балабақша, Аурухана, Тәртіп сақтау бөлімшесі, Мектеп, Кітапхана, Мәдениет үйі, Теміржол бекеті, Спорт мектеб,і Дәріхана.
Мәтіндегі мекемелер: балабақша, аурухана, мектеп.
2) Ауылдағы шаруа түрлерін теріп оқу. «Жасалған жұмыс түрлері».
- Сиыр сауады, тамақ дайындайды, ауруларды емдейді, ағаш жарады, малға жем береді, малды
ауылды аралайды.
- Үйге жиылған отбасы мүшелері не істейді?
- Әркім өзінің атқарған шаруасы жайында әңгімелейді, пікірлеседі.
3) Ауылда қандай мамандар жұмыс жасайды?
- Мәтіндегі мамандар:дәрігер, мал дәрігері.
- Маман түрлері:мұғалім, теміржолшы, күзетші, құрылысшы, жүргізуші, жөндеуші, су айдаушы,
малшы, есепші, бақылаушы, суретші, мүсіндеуші, тәрбиеші, т.б.
4) Көліктің қандай түрлерін білесің? «Венн диаграммасы»
Қала мен ауыл
Ауыл Қала
5.Дәптермен жұмыс «Сөздік жұмыс»
Салт атты - атқа мінген адам.
Ат-арба - атқа жегілген арба.
IY.Қорытындылау «Өзін-өзі жетілдіру»
Жаңа білімді бекіту: Мұғалімге қояр сауал, ой толықтыру, жеткен нәтиже (мазмұнын немесе өзінің жаңа
сабақ бойынша түсінігін әңгімелеу).
-Үйден алдын-ала дайындық жұмысын жүргізген екі оқушы.
1.Сағынғали Амангүл
2.Жұбандық Әсемгүл
Алдын-ала оқу Үйдегі көмек Мұғалімге қояр сауал Ой толықтыру Жеткен нәтиже
1.Мәтінді үйден бес рет оқыдым.
Мазмұнын айтуға дайындалдым.
«Дәрігер» туралы сұрадым.
Олардың атқаратын жұмыстарын білдім.
Мәтін не себепті дәрігер туралы айтылған?
Мәтін туралы мағлұмат алдым.
Маман, мекемелерді ажырата білдім.
Үйдегі дайындығымның арқасында қиындықсыз ойлаған мақсатыма жеттім.
2.Мәтінді түсініп оқыдым.Тапсырмаларға көз жүгірттім.
Мәтіндегі мамандардан басқа қандай маман иелері барын сұрап білдім.
Тапсырмаларды қызыға отырып орындауға тырыстым.
Мұғалімнің көмегімен жаңа сабақты игердім.
Y.Үйге тапсырма:мәтіннің мазмұнын айту
YІ.Өзін-өзі бағалау
Менің апам-дәрігер
Тақырыбы: «Менің апам - дәрігер»
2024年3月4日739 浏览

#бастауыш#ашық сабақ#тәрбие сағаты#дүниетану#менің апам дәрігер
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
18 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
18 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
38 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

