Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
№30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі
Дербисова Жадыра Саниязовна
Менің педагогикалық ұстаныным
«Бүгінгі күн - талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты». (Н. Ә. Назарбаев)
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында білім саласына аса назар аударылады. Жолдауда бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру - білім берудің ең маңызды бағыты болып саналады. Балабақша қабырғасынан ел болашағы - жастарымыз заманға сай білімнің бастауын алады. Балабақша жұмысымен бала жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға - педагог болғандықтан, сол педагог заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді жан - жақты, білікті болуды талап етеді.
Әрбір адам баласы бұл дүниеге келген соң білім алып, болашағын жоспарлап, алдына үлкен мақсаттар қояры сөзсіз. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етеді. Осы секілді менің де бала күннен армандап, жүрек қалауымен таңдаған мамандығым - ұстаз болу. Бәлкім, бала күнімде ұстаздықтың қыр - сырын түсінбей, жәй ғана армандаған шығармын. Бүгінгі таңда осы арманым орындалып, Ақтөбе гуманитарлық колледжін аяқтап, балабақшада тәрбиеші болып еңбек жолымды бастадым. Осы сәттен бастап, педагог болу бала күнгі арманың жетегімен келе салу емес, әрбір баланың жүрегінен жол таба білу, оның бойына білім нәрін құю, қоғамға биім, тәрбиелі де ізгі жүректі бала тәрбиелеу екенін ұғындым. Бұл дегеніміз - адам бағдарын жасаушы. Демек педагог қауымына жүктелетін жүктің жеңіл еместігін, үлкен жауапкершілікті талап ететін ұғындым.
Менің өмірдегі бақытым - мамандығым. Мен педагогпын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен бұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Өмір атты сан қалтарыстан тұратын үлкен жолда педагогтан тәлім алмаған жан кемде кем шығар. Тәрбиеші әрбір баланы алғаш балабақша табалдырығын аттаған сәттен бастап тәрбие мен білім айдынына жетелейді.
Ұрпақ тәрбиесі оңай шаруа емес ол орасан мейірімділікті, жас буынға деген жанашырлық пен шексіз махаббатты қажет етеді. Бүгінгі таңда болашақ ұрпақты қазіргі жаңа заман талаптарына сай етіп тәрбиелеу үшін, әрбір тәрбиеші үлкен ізденіс үстінде жүруі керек деп есептеймін. К. Д. Ушинскийдің «мұғалім өзінің білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ол оқуды, ізденуді тоқтатқаннан кейін оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзді менің ұстаздық ұстанымым десем болады. Тәрбиешінің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Бұл сатының баспалдағы ретінде мен әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімді ізденіспен, жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізуге тырысамын.
Жастар - еліміздің болашағы. Осы болашағымыз жарқын, еліміздің ірге тасы мығым, өміріміздің әрлі болуы үшін аянбай еңбек етуді, ізденуді, білімімді жетілдіріп, көтеріп отыруды алдыма үлкен мақсат етіп қоямын.
Әрбір адам - туысың, досың, жұрағат,
Әрбір сабақ - ұғыну, үйрену, ұлағат.
Әрбір сөздің - шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір ісің - тірлік, тілек, адамдық,- деп,
Ы. Алтынсарин айтқандай балаға берген әрбір тәрбием - ұлағат боп, әр сөзім - шындық пен адалдыққа, әр ісім - тірлік пен адамдыққа бастап отырса, еңбегімнің жемісін әрқашанда көремін деген ниеттемін.
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
2024年3月5日662 浏览

#жастар#эссе#ұрпақ тәрбиесі#менің педагогикалық ұстаныным#мамандығым ұстаз болу
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
7 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
27 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

