4 класс
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Сабақ мақсаты:
Тәрбиелік: оқушылардың санасына қазақстандық патриотизм сезімдерін қалыптастыру; болашақта мемлекетіміздің өркендеуіне білімді адам керек екендігін ұғындыру; бейнелеу өнері мәдениеттілігін таныстыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс бейнелей білуге тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, шеберлігін, деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Логикалық ой өрісін, қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: танымдық сабақ ( білім мен іскерлік дағдыны жетілдіру)
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, практикалық, ізденушілік жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Информатика, тарих, география, бейнелеу өнері.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.
Үй жұмысын тексеру.
Сабақ барысы: Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған. Жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни, біздер үшін!
Казіргі кезде біздер ашық аспан аясында, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алып осы еліміздің үлкен азаматы болып, болашақта елімізге үлкен үлес қосатын қайраткері болу сендердің қолдарыңда, оқушылар.
Біздің мемлекеттің жерінің аумағы жағынан әлемдегі 10 мемлекеттер қатарына енеді. Мемлекетіміздің картасына қарайықшы, картада қалалар кішкене нүкте сияқты. Ең үлкен қалалар Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты т. б жерлер белгіленіп көрсетілген. Осы біздің елімізді билеп отырған президентіміз: Н. Ә. Назарбаев (суреті). Одан кейінгі бетте біздің мемлекеттік рәміздер суреті.
Біздің Отанымыздың астанасы – Астана, ең көрікті де әдемі сәулет туындыларымен жайнаған және бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен Қазақстанды танытып тұрған қала. Астана туралы суреттер ең әдемі жерлерінің. Елбасы отыратын ақ орда суреті. Келесі слайд бетінде имандылық пен парасаттылық белгісі Астана мешіті суреті. Аспанмен таласқан қазағымның асқақ арманын көкке жеткізер бәйтерек суреті. Одан кейінгі бетте бейбітшілік пен келісім сарайы пирамида суреті. Келесі суретте хан шатыры суретін көреміз, әдемі аспанмен таласқан сарай. Келесі беттерде қала көшелерінің суреттері. Түнгі Астана суреті.
Сабақ барысында жұмбақтар шешеміз сурет құрастырамыз.
Сөйлеуді ол білмейді, бірақ «тоқта, жүр» дейді. (бағдаршам)
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
Биікте алтын алманы, ешкім ала алмады. (күн)
Түтін түсті, қанатсыз ұшты. (бұлт)
Күн мен гүлді салам, қолыма алып... (қалам)
Аспандай түтін шығады, көзінің жасын сығады. (жауын)
Оқушылардың алдарына Қазақстан шекарасы көрсетілген карта беріледі, соның бетіне тақтаға көрсетіп жалау, күн, бәйтерек, гүлшоғы суреттері бекітеміз, осы құрастырылған суретті оқушылар сурет дәптерлеріне салады. Сурет салып отырған оқушылардың арасынан аралап жүріп, қателеріне ескерту беру, бояу дұрыс қолданып жатқандарын қарау. Суретті әдемі ерекше бітірген оқушыларға «өте жақсы» бағасын қою.
Үйге тапсырма: «Менің туған өлкем» суретін салу. Өзіміздің туған жеріміз Ойыл өңірі туралы суреттер салып келу.
Менің Қазақстаным
Сабақ тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
2024年3月5日712 浏览

#менің қазақстаным тәрбие сағаты#саяхат сабақ бастауыш сынып
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
6 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
26 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

