Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
№7 "Балдырған" балабақшасы
Тәрбиеші: Ербозова Бақыт
Тобы: I - кіші топ
Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»
Мақсаты: Балаларды заттардың атын дұрыс атап, оған сипаттама бере білуге, түсті, пішіндерді дұрыс ажыратып айтуға үйрету. Балаларға дыбыстарды
дұрыс айтып, екі - үш сөзден сөйлем құрап айта білуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Түсіндіру, көрсету, жеке баламен жұмыс, бой сергіту.
Көрнекілік: Ойыншықтар.
Мотивациялық қозғаушы.
Ғажайып сәт. Жылы Күн шығады.
Тәрбиеші:- Балалар, қараңдаршы, тобымыз жап - жарық болып
кетіпті ғой. Алтын сәулесін таратып, көкке шуақ шашып тұрған нені көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Күн, Күн шықты!
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, Күн тобымызды жап - жарық етіп, көкке шуақ шашып тұр. Ал, балалар Күннің түсі қандай?
Балалар: - Сары.
Тәрбиеші: - Ал Күннің пішіні қандай?
Балалар: - Дөңгелек
Тәрбиеші: - Балалар Күн бізге алтын сәулесін таратып, күлімдеп тұр. Ендеше балалар, біз де қолымыздан ұстап, алақан жылуымызды беріп, қолымызды қысып ұстайық. Балалар бір - бірімізге алақан жылуымызды сыйладық.
- Қараңдаршы, қандай пішінге ұқсап тұрмыз?
- Иә, біз күннің бейнесін жасап дөңгеленіп тұрмыз.
Міне, біз достығымызды татулығымызды, достығымызды көрсете білдік.
- Балалар күннің екінші жартысында қызықты ойын ойнағанбыз. Осы ойынды еске түсірейікші. Балалар не көріп тұрсыңдар?
Балалар: - Қой, ешкі, сиыр, түйе.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Есімізге түсті ме? Бұлардың барлығын бір сөзбен үй жануарлары деп атаймыз. Осы ойынды толығымен еске түсірейік.
- Мынау не?
Балалар: - Сиыр
Тәрбиеші: - Балалар сиырдың түсі қандай?
Балалар: - Қара
Тәрбиеші: - Қандай дыбыс шығарады?
Балалар: - Мө - мө - мө.
Тәрбиеші: - Ал мынау не?
Балалар: - Ешкі
Тәрбиеші: - Ол қалай дыбыстайды?
Балалар: - Мә - мә - мә
Тәрбиеші: - Бұл не?
Балалар: - Түйе.
Тәрбиеші: - Түйе қалай дыбыстайды?
Балалар: - Бө - бө - бө
Тәрбиеші - Мынау не?
Балалар: - Жылқы
Тәрбиеші: - Жылқы қалай дыбыстайды?
Балалар: - Ио - ио - ио
Ұйымдастыру - іздестіру:
Тәрбиеші: - Бәрекелді балалар, үй жануарларының қалай дыбыстайтынын еске түсірдік. Жарайсыңдар! Балалар бүгін мен сендерге ерекше бір қызық көрсеткім келіп тұр. Мына менің қолымдағы таяқша жай таяқша емес сиқырлы таяқша. Осы таяқша арқылы кез келген жерге тигізсем таң ғажайып бір нәрсе көруімізге болады.
- Ой балалар, не деген көп ойыншықтар.
- Балалар, қараңдаршы, бұл қандай ойыншықтар?
Балалар: - Қуыршақ
Тәрбиеші: - Қуыршаққа ат қояйықшы. Кім деп қоямыз?
Балалар: - Айша.
Тәрбиеші: - Айша. Өте әдемі әсем. Көйлегінің түсі қызыл екен. Қане, барлығымыз қызыл деп айтайықшы.
Балалар: - Қызыл
Тәрбииеші: - Қуыршақпен кімдер ойнайды?
Балалар: - Қыз балалар
Тәрбиеші: - Балалар мынау не?
Балалар: - Доп
Тәрбиеші: - Доптың пішіні дөңгелек. Бәріміз бірге айтайық.
Балалар: - Дөңгелек
Тәрбиеші: - Доптың түсі қандай?
Балалар: - Көк
Тәрбиеші: - Балалар біз доппен не істейміз?
Балалар: - Ойнаймыз.
Тәрбиеші: - Доппен ойнаған көңілді. Сендерге де доппен ойнаған ұнайма?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: - Ал балалар доп туралы тақпақ білеміз бе?
Балалар: - Білеміз.
Тәрбиеші: - Нұрсая сен айта қойшы.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Балшыққа сен жолама,
Жек көремін оныңды.
Бүлдіресің үстіңді.
Бәрекелді, жарайсың!
Тәрбиеші: - Мынау не балалар?
Балалар: - Аю
Тәрбиеші: - Аю нені жақсы көреді?
Балалар: - Балды.
Тәрбиеші: - Аю қайда тіршілік етеді?
Балалар: - Орманда.
Тәрбиеші: - Барлығымыз тұрып аюдың жүрісін салып көрсетейік. Аю қорбаң - қорбаң етіп жүреді. Ендеше бәріміз аю туралы тақпақ айтайық.
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Жарайсыңдар балалалар, бойымызды бір сергітіп алдық. Қане, балалар орнымызға отырайық.
- Мынау не?
Балалар: - Көлік
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасың. Көліктің дөңгелектері болады. Көлік сол дөңгелектер арқылы жүреді. Көлікті кім жүргізеді?
Балалар: - Ағаларымыз, әпкелеріміз.
Тәрбиеші: - Ерасыл көлік туралы тақпақ білесің бе? Қане, айтып берші.
- Бип, бип, бип дейді,
Жолдан былай кет дейді.
Күшікті, күшікті басуға,
Болмайды, болмайды машина.
- Бұл ойыншықты қалай атаймыз?
Балалар: - Сылдырмақ
- Біз сылдырмақпен ойнаймыз. Ол сылдыр - сылдыр етіп дыбыс шығарады. Сылдырмақ туралы тақпағымызды еске түсірейікші.
Сылдыр, сылдыр, сылдырмақ,
Шақырады сылдырлап.
Қарайды қуыршақ,
Қарайды құлыншақ.
Рефлексивті түзетуші:
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар. Балалар үстел үстіне қараңдаршы.
- Мынау не?
Балалар: - Қуыршақ, көлік, сылдырмақ, аю, доп.
- Балалар мұның барлығын ойыншықтар деп атаймыз. Біз сиқырлы таяқшаның көмегімен көптеген ойыншықтардың атын атап, олар туралы тақпақ айтып үйрендік. Балалар, осы ойыншықтардың барлығымен ойнаймыз және ойнағанды ұнатамыз. Ойыншықтар - мен ойнағанда сындырмай, ұқыпты ойнаған дұрыс және ойнап болған соң сөрелерге жинап қою керек. Осыны әрдайым естеріңде сақтаңдар. Балалар бүгінгі
ойынға бәрің де жақсы қатыстыңдар, тақпақты жақсы айта білдіңдер. Әсіресе, Нұрсаяның, Ерасылдың тақпақтары ұнады. Балалар сүйікті ойыншықтарымызға арнап әдемі ән айтып берейік.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ойыншықтардың атын атап, олар туралы тақпақтарды біледі.
Игереді: Түстерді, пішіндерді ажырата алады.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
2024年3月5日669 浏览
#үй жануарлары#балабақшаға арналған#менің сүйікті ойыншықтарым
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
9 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
29 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
49 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

