Байқоңыр қаласы,
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің
I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Тақырыбы: Мінез – көңіл айнасы
Мақсаты: а) оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.
б) мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
в) жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: медиапроектор, слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Барысы: 1. Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін өнер атаулының ішіндегі құдіреттісінің бірі – ән тыңдауға шақырамын.
2. Ойланайық, пікірлесейік
Ал енді ән тыңдап көңіліміз көтерілсе тақырып мағынасын ашу үшін мына ойынды ойнап жіберейік. «Мағынаны тану» ойыны.
• Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?
3. Мәтінмен жұмыс
Абайдың өлең жолдарын оқыта отырып, талдату.
Абай айтқан адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
4. Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, ойыңды ортаға сал.
1. Адам бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер болады?
2. Өз мінезің туралы не айтар едің?
Іскерлік ойын – «Өзімді бағалаймын» таратылған парақтарды толтыру
Жағымды қасиеттерім Жағымсыз қасиеттерім Мақсаты
5. Назар аударайық
«Сұлулықтың» қандай түрі бар (ассоциация)
Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі – істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту.
6. Ойын: «Мен қандаймын..? Ол қандай..?»
«Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін отырған оқушының бойындағы жақсыф қасиеттерін айтып беру.
7. Дәйексөз
Кісіге екі дүниеде пайдалы –
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.
Ж. Баласағұни
8. Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И. Гете
Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.
К.Д.Ушинский
Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б.М.Теплов
9. Шығармашылық жұмыс
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе
10. Үйге тапсырма
Сурет салу.
1 топ «Адамгершілігі мол адам»
2 топ «Мейірімді адам»
11. Қорытынды
Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді.
Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатымиа жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.
12. Жүректен-жүрекке
Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,
Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық.
Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ,
Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.
Мінез-көңіл айнасы
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің
2024年3月4日990 浏览

#тәрбие сағаты#мінез көңіл айнасы#жаман мінезді қалай түзеуге болады
推荐阅读
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
5 分钟前
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
25 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
25 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

