Сабақтың тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
Сабақтың мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ғасыр ақына атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Зерттеу шеберханасы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері бейнеленген слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті оқушылар, бүгін ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың туған күні.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М. Мақатаев 82 жасқа толып отыр.
Халықтың рухани бай әдеби мұрасына күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға.
Сабақтың эпиграфы.
Ақ қырау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың.
Есіңе мені алғайсың! – міне ақын рухын еске алып ұрпақтары ақын шығармаларын жаттап өсіп келеді.
Зерттеу шеберханасы.
І – топ. Зерттеу тобы «Ақынның жұмбақ әлемі»
- Біз бұрында ақынның тұрған жерін өскен ортасын білеміз. Біз білмейтін тұстары да көп. Сондықтан біз білмейтін жұмбақ сырларына үңілесіздер.
♦ Ақиық ақын жырларында біздерге қалдырған зор қазынасын зерттеуді, түсінуді аманат етеді.
♦ Қысқа ғана өмірде артына ғасырдан – ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын М. Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңіліп, оның жырларының әулиелік, көріпкелдік, данышпандық керемет бір қасиеті бар.
♦ Әулие ақын өзінің қайтыс болар күнінде дәл болжап жазған екен.
♦ Ауруханада жазылған «Арманым» атты өлеңін інісі Тоқтарбайға ұсынған.
ІІ – топ. Суреттеу тобы «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
- Ақын өмірді жырлары арқылы суреттесе, сіздер ақын жырларын суретпен бейнелеп өз ойларыңызды ортаға саласыздар.
ІІІ – топ. Сұхбат тобы «Сен мені білесің бе?»
- «Сен мені білесің бе?» айдарымен жұмыс жасайсыздар. Бұдан бұрынғы сабағымызда әлеуметпен ақын өміріне қатысты сұхбат алған болатынсыздар. Сол сұхбат алған жауаптарыңызды ортаға саласыздар.
Қойылған сұрақтар:
● Сіз Мұқағалиды білесіз бе?
● «Есіңе мені алғайсың» өлеңі сізге қалай әсер етеді?
● Мұқағалиды тірісінде бағалай алдық па?
● Мұқағали ақынды неліктен көріпкел ақын дейміз?
● Ақиық ақын Мұқағалидың сары уайымға салынып, қапаланған кездері болды ма?
ІҮ топ. Қойылым тобы «Аққулар ұйықтағанда»
- Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді ала отырып «Көлдің сәні - аққулар» айдарымен көрініс көрсетесіздер.
- Сіздерге жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны.
- Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз.
Біздің халықта «Өлі риза болмай, тірі байымайды»- деген сөз бар. Біз бүгін Мұқағали ағаны еске түсірдік, ақынның аруағы бір аунап түскен шығар. Орнымыздан тұрып бір сәт еске алайық. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.
Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Ия, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ.
«Есіңе мені алғайсың» әнінің бейнеклипі.
Хор: «Есіңе мені алғайсың»
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
2024年3月5日783 浏览

#мұқағали мақатаев#ашық сабақ#қазақ әдебиетінен сабақ жоспары
推荐阅读
阿斯塔纳公园巡查:警方联合社会人士整顿秩序
阿斯塔纳启动公园联合巡查,警方、社会活动人士及官员检查植物园秩序。已有超700人因违反环境整治规定被追责,另有300余人因违规摆摊被罚,一名外国公民因在草坪便溺被拘15天。
6 分钟前
伊朗宣布取消与美国和平协议
伊朗外交部副部长卡泽姆·加里巴巴迪称,因美国违反承诺并恢复军事行动,伊朗与美国签署的谅解备忘录已被取消。该备忘录于6月18日签署,规定立即停火并解封霍尔木兹海峡。美国7月13日通知国会恢复作战,14日凌晨发动打击,持续五小时,目标为伊朗军事基础设施。伊朗反击,袭击了美国在巴林、科威特和约旦的基地,并击伤阿联酋油轮。来源:infohub.kz
26 分钟前
别墅不再是种土豆:哈萨克斯坦六分地多少钱?
哈萨克斯坦别墅市场分析:从种土豆到郊外住宅。阿拉木图、阿斯塔纳和科纳耶夫的六分地价格、需求、问题及专家预测。详实数据与建议。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

