Сыныптан тыс ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінде
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру.
Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа:
топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
музыка тыңдау және ән айту ережелерін еске түсіреді;
Оқыту технологиясы:
1. Ақпараттық технология
2. Ұжымдық оқыту технологиясы.
3. Ойын технологиясы.
4. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: сыныптан тыс ашық сабақ.
Сабақтың әдістері: кіріспе сұрақтары, үлестірмелі парақ, БҮҮ кестесі, бағалау сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютер, ән - күй таспа, маркерлік тақта, маркер, музыкалық аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар, тапсырмалар кестесі, бағалау кестесі;
Пәнаралық байланыс: ана тілі жаратылыс тану, тарих, бейнелеу өнері;
Күтілетін нәтиже: Балалардың жалпы музыкалық сауаттылығымен халық музыкасы және кәсіби музыка жайлы білімдерін тексеру, бағалау.
6. Кері әсер парағы. ( Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады, не ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...)
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
«Музыка әлемінде»
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
«Өнерлі өрге жүзер» атты «Өнер» бірлестігінің он күндігіне байланысты өтілейін деп отырған, 5 - 6 сыныптар арасындағы «Музыка әлемінде» атты саяхат сабағымызға қош келіпсіздер!
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі сайысымыз да «Музыка патшалығына» саяхат жасайтын боласыздар! Сіздер қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Сахнаға Музыка патшайымы шығады. Жан - жағына таңдана қарайды.
Музыка патшайымы: Сендер кімсіңдер, қайдан келдіңдер?
Жүргізуші: Біз Тараз қаласындағы №36 мектептен келдік, сіздердің патшалыққа саяхат жасауға болады ма?
Музыка патшайымы: Әрине болады, білгім келеді, көргім келеді, үйренгім келеді дегендерге әрдайым есігіміз ашық. Қош келіпсіңдер! Менің ханша қызым қайда, қонақтарды қарсы алмайсың ба?!
Ханша қыз: Құп болады! Ханша қыз ән орындап береді.
Қалия Сейітқалықызының әні - Алақай.
Музыка патшайымы: Сіздерге ұнады ма? Музыка патшалығына келгендер міндетті түрде, менің жеті тапсырмамды орындайды. Дайынсыңдар ма балалар?! Менің нөкерлерім қайдасыңдар?
Сахнаға жеті нота шығып, би билеп ән салады. «Көңілді ән»
Музыка патшайымы: Менің мына нөкерлерімді танисыңдар ма? Онда қане бәріміз бірге - до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Енді осы жеті нотаның тапсырмасын орындайсыңдар. Кімнің жеңгенін менің уәзірлерім анықтап, ұпай беріп отырады. Қай топтың жеңгенін, алған ұпайдың санына қарап анықтаймыз.
Әр топқа екі сандықша береміз. Осы сандықшаға ұпайларыңды саласыңдар.
Дайын болсаңдар, бірінші тапсырманы алып келіңдер!
До нотасы музыка әуенімен билеп келіп, ханшаға тапсырма салған конвертті береді.
Ханша қыз конвертті ашып, ішінен екі қағазды алады. Екі топтан екі оқушы шығып, тапсырманы таңдап алады.
1 - ші тапсырма - суреттегі ноталардың ұзақтығын атап, санап беру.
Музыка патшайымы өзінің уәзірлерімен ақылдасып, сандықшаларға ұпайларын салады.
2 - ші тапсырманы музыка әуенімен, би билеп, ре нотасы ханшаға конвертті береді.
2 - ші тапсырма «Музыкалық жұмбақ» Сурет бойынша, музыка тыңдап, шығарманың атын, авторын табу. Бұл тапсырма бойынша, «Күй сарайына» барамыз.
3 - ші тапсырманы ми нотасы ханшаға әкеліп береді.
3 - ші тапсырма: Әнді тыңдап, қай ән екенін тауып жатқа орындап береді. Бұл тапсырма бойынша «Ән сарайына» барасыңдар.
Айтылатын әндер: «Балбұлақ» Қалия Сейітқалыққызы, «Балдәурен» Ш. Сариев, Е. Следтинов.
4 - ші тапсырманы фа нотасы әкеледі.
4 - ші тапсырма: «Музыкалық аспаптар» сарайына барып, аспаптардың үнін естіп, қай аспап екенін табу.
5 - ші тапсырманы соль нотасы алып келеді.
5 - ші тапсырма: берілген ноталарды нота сызығындағы өз орнына орналастыру.
6 – шы тапсырманы ля нотасы ханшаға әкеліп береді.
6 - шы тапсырма: Композитордың суретіне қарап, кім және қандай шығармаларын бар екенін топтастыру әдістері бойынша топтастырады.
Арасындағы үзілісте Музыка патшайымы ән орындайды.
7 - ші тапсырманы си нотасы әкеледі.
7 - ші тапсырма: Қазақ жалқының салт дәстүрлерімен ұлттық ойындары туралы суретке қарап атайды. Салт - дәстүр мен ұлттық ойынның ішінен таңдап, ойнап көрсетеді. Мысылы: бесікке салу, жар - жар, асық ойнау, қыз қуу т. б.
Музыка патшайымы: Осымен біздің тапсырмамыз аяқталды. Сендер менің барлық тапсырмамды орындадыңдар. Сандықшаларды ашып, ұпайларыңды санаймыз, екі топта менің ойымнан шықты. Мынау сендердің мақтау қағаздарың мен сыйлықтарың! Мақтау қағаздар мен сыйлықтарды тапсырады.
Сендерге «Музыка патшалығының» есігі әрдайым ашық. Кез келген уақытта сендерді қуана қарсы алуға дайынмын. Өз халықтарыңның музыкасын, өнерін қастерлеп, сақтап жүріңдер. Қазақ халқының музыкасы сендердей ұрпағы барда мәңгі жасай береді!
Жүргізуші: Осымен «Музыка әлемінде» саяхат сабағымыз аяқталды.
Музыка сабағынан алған білімдеріңді саяхат барысында жақсы көрсете білдіңдер. Музыка біздің өмірімізде өте маңызды роль атқарады. Сондықтан да тек музыка сабағында ғана ән айтып, музыка тыңдамай, кез келген уақытта ән айтып, күй тыңдап жүрсеңдер, үнемі көңілді, шаршамай жүріп, өмірде кездесетін кез келген қиындықты жеңетіндеріңе кәміл сенемін!
Бүгінгі сабағымызды халқымыздың мынадай дана сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Ақылың болса ән тыңда!»
Музыка әлемінде
Сыныптан тыс ашық сабақ
2024年3月5日1058 浏览

#музыкадан сабақ жоспары#сыныптан тыс ашық сабақ музыка
推荐阅读
土耳其法院对以色列总理发出国际逮捕令
伊斯坦布尔高等刑事法院通过国际刑警组织对以色列总理内塔尼亚胡发出国际逮捕令,原因是以色列拦截前往加沙的人道主义船队。土耳其指控包括内塔尼亚胡、国防部长卡茨等35人犯有危害人类罪、种族灭绝罪等重罪,要求终身监禁。以色列否认指控。法院已将其列为特别危险罪犯。此案源于4月公诉,土耳其总统埃尔多安此前威胁内塔尼亚胡将受教训。
28 分钟前
俄罗斯公民非法使用哈萨克斯坦证件:6人被驱逐
据网站infohub.kz报道,东哈萨克斯坦州自今年年初以来已有450人丧失哈萨克斯坦国籍,其中24人未按规定报告获得外国护照,另有7人继续使用哈萨克斯坦证件,最终6名外国人被法院判决驱逐出境。东哈萨克斯坦州警察局提醒相关公民须在30天内通知内务部门并交出证件,违反将承担行政责任。此前一名被驱逐外国人再次被拘留。
28 分钟前
俄罗斯请求哈萨克斯坦协助恢复乌拉尔河
俄罗斯自然资源部副部长与哈萨克斯坦生态部副部长会晤后宣布,两国将联合实施2027-2032年乌拉尔河生态恢复计划,奥伦堡州邀请哈方专家参与,重点包括共享水质数据、建设污水处理设施。此前水文学家表示,调西伯利亚河水至中亚成本极高。谈判将继续进行。该计划旨在改善乌拉尔河生态系统。双方同意加强合作,共同应对水危机。
48 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

