«Өнер әлеміне саяхат» тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Өнер әлеміне саяхат»
Мақсаты: оқушыларға «өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру және эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу;
Түрі: саяхат сабақ.
Әдіс – тәсілі: жекелей, топтық жұмыс, эвристикалық, Мюнстернберг әдістемесі.
Көрнекілік, құрал - жабдықтар: слайдтық көрсетілім, буклет, «Чупа – чупс» кәмпиттері, қималар, шашу, ата – аналар әзірлеген қолөнер бұйымдар,
/сынып сабаққа дайын, слайдтық көрсетілім қосылады, домбыраның сүйемелдеуімен күй орындалады/
Сынып жетекші:
- Бүгінгі «Өнер әлеміне саяхат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
«Блиц - турнир» ширату сауалдары:
1. Өнерлі дегеніміз кімдер?
2. Өнердің түрлері бар ма?
3. Ауылымызда өнер адамдары барма?
Сынып жетекші:
- Рахмет, ал, енді біз бүгін саяхатқа шығамыз. Саяхатымызды бастамас бұрын мына менің сөздерімнен не туралы айтқанымды табуларыңыз керек. Онда ертедегі көне заттар бар. Біз сол заттар арқылы өткен тарихымызды білетін боламыз. Сендер қызықты көп нәрселерді көре аласыңдар. Қане кім айтады? Мен қандай мәдени орын туралы айтып тұрмын?» /Жауап: мұражай/
- Иә, балалар дұрыс таптыңдар мұражай біз үшін өте құнды мәдени орын. Ендеше мектебіміздің мұражайына саяхат жасап өтейік
- Қандай саз аспаптарын білеміз?
/жауап: домбыра, шертер, жетіген, қобыз, сыбызғы, үскірік, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, дабыл, асатаяқ /
«Жалғасын тап» ойыны
- 6 балаға чупа – чупстың басына жапсырылған мақал – мәтелдердің жартысы ғана жазылған қызыл, жасыл түсті қималар таратады, қызыл алғандар бір топ, жасыл алғандар бір топ болып тұра қалады да мақалдарды жалғастырып айтып береді/
1. Өнерлі... /өрге жүзер/
2. Өнер алды... /қызыл тіл/
3. Өнерлінің... /өрісі кең/
4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/
5. Өнер... /киелі/
6. Жігітке жеті... /өнер де аз/
Сынып жетекші:
- Өте жақсы! Жарайсыңдар! Тамаша! Енді, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Ол үшін тағы менің жұмбақ сөзімнің шешуін табыңдар. Ішінде әншілер, ақындар, бишілер, күйшілер, т. б өнерпаздар және өнер көрсететін сахнасы бар үлкен үй. Онда жақсы - жақсы мерекелер, концерттер өткізіледі. Ол қандай мәдени орын?
/Жауап: мәдениет сарайы/
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің ауданымызда, ауылымызда мәдениет сарайы бар ма? /балалар жауап береді, мәдениет үйлерінің суреттерінен тұратын буклет көрсетіледі/
- Осы мәдениет сарайының үлкен сахнасында өнер көрсететін өнерпаздың бірі күй, бірі шығарма, бірі ән, енді бірі сырнай, сыбызғы, қобыз, терме айтады, би билейді. Солай емес пе?
- Сахна – киелі орын. Ал, өнер дегеніміз – адам бойындағы атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған ерекше қасиет. Ән айту, күй шерту, сурет салу, қолөнер дегеніміз, яғни тоқыма тоқу, құрақ тігу, ағаштан, темірден бұйымдар жасау, ою ою, тігін тігу т. б. Бүгін бізде қонақта, ортамызда ауылымыздың тума таланты, Мәдениет қайраткері, лауреат көптеген сахналарда өнер көрсетіп жүрген Қыдырмолдин Есмұрат ағаларың. Ендеше, ағамыздың өнерін тамашалап, баршамыз әнге қосылайық!
/«Тарбағатай таулары» әні орындалып, басында шашу шашылып, ортасында ата – аналар өздері әзірлеген қолөнер бұйымдарын арнайы әзірленген үстелге кезекпен әкеліп қояды, әннің соңғы куплетінде қазақ киімін киген 3 оқушы ортаға шығады/
1 – оқушы:
Ән мен күйді төгілтіп
Інжу - маржан шашайық!
Қонақтарды тамсандырып.
Өнерден шашу шашайық.
2 – оқушы:
Домбыраны қолға алып,
Терме айтамын толғанып.
Қобыз да аспап киелі,
Оны бәрі сүйеді.
3 – оқушы:
Сыбызғыны үрлейміз,
Жалқаулықты білмейміз.
Сал күйіңді домбыра,
Атадан қалған бұл мұра.
Домбыра дастан, жыр дастан,
Енді алайын қолыма.
Өнерді сүйген жасынан,
Біз осындай Жас Ұлан!
Сынып жетекші:
- Ал, кәнеки, біздің концертіміз бүгінгі білімдеріңізді байқау болып табылады! /Мюнстернберг әдісі бойынша слайдтан тізбек шығады да қонақтар шатысқан әріптер ішінен өнерге қатысты атауларды атап айту керек, дұрыс тапқандарға сувенирлер, киіз үй, домбыра, тақия т. с. с беріледі/
хлвәнрпакнлфпекиноалыоимбиымпбюлсуретымюбьяыкүйэжрашсөзщкцнй
/қонақтарға төмендегі сөздер жазылған, оқушылардың суреті салынған, өздері жасаған открыткалар таратылады/
Сынып жетекші: ---------------------------- Қонақтар, оқушылар хормен айтады:
Ұғымды, ойлы ететін... ------------------- зерде – зейінің /екі қолмен бастарын ұстап/
Сені өрге сүйрейтін... --------------------- өнер – өрісің /айналып/
Тек ілгері бастайтын... -------------------- талабың /төмен қарай қолдарын жайып/
Ешқашан алдамайтын... ------------------ тапқырлығың /қолдарын алдыға созып, жайып/
Қиындықта сыналатын... ----------------- қайратың /қолдарын жоғары көтеріп/
Бәрінен де күшті... ------------------- тәртібің мен білімің
/әсем күй ойналады/
Сынып жетекші: Қымбатты қонақтар біздің ата – аналарымыздың баласы үшін үй тапсырмасы ретінде орындап келген қолөнер бұйымдарын тамашалаңыздар!
Талай – талай баспалдақты аттармыз,
Ата – ананың үмітін де ақтармыз.
Ұстаздардан алған өнер, білімді,
Жадымызда өмір – бақи сақтаймыз.
Бұл өмірдің лаулаған жалындары,
Бойында өнер оты жалындады.
Үлкен өнерпаз боп болашақта.
Болыңдар еліміздің дарындары.
Тәртіпті, білімді болайық!
Өнермен бал – бұл жанайық!
Келесі тәрбие сағатымызға дейін аман – сау болайық!!!
Өнер әлеміне саяхат (тәрбие сағаты)
«Өнер әлеміне саяхат» тәрбие сағаты
2024年3月5日765 浏览

#байқау#тәрбие сағаты#сайыс#атты ашық тәрбие сағаты#өнер әлеміне саяхат
推荐阅读
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
23 分钟前
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
43 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

