Ана тілі. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіру, өлеңді оқып, мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтауға көмектесу
2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндіріп айта білуге ықпал жасау;
3. Зиялы адамдар өмірімен таныстыра отырып, оқуға, білім алуға құштарлыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: А. Байтұрсыновтың портреті, кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары
Әдісі: СТО, түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу
Сөзі - дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.(Кітап )
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
1 - топ «Мектеп» Ұраны: Мектеп - кеме,
Білім - теңіз»
2 - топ «Кітап» Ұраны: Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
3 - топ «Білім» Ұраны: Күш - білімде,
Білім - кітапта
«Миға шабуыл»
- Өмірде осы атаулар керек пе?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
«Әліппенің атасы» мәтінінің мазмұнын сұрау
Кітаптағы суреттер сыры неде?
Жаңа сабақ. а) Кіріспе Мағынаны ашу.
- Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің?
«Пікірлер ағашын» толтыр
ғалым, ақын, ағартушы, Әліппе жазған
Өмірі, Шығармалары, Атқарған қызметтері
1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангельдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
1909 жылы «Қырық мысал» 1911 жылы «Маса»
1913 - 1918жж. «Қазақ газетінің» бас редакторы.
1920ж. Қазревком мүшесі.
1920 - 21жж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары.
1922 - 25жж. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы.
1921 - 25жж. Орынбордағы, 1926 - 28жж. Ташкент халық ағарту институтының қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихынан сабақ берді.
1 - топ Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстырады, қалған топтар толықтырады.
2 - топ Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларымен таныстырады, қалған топтар толықтырады.
3 - топ Ахмет Байтұрсынұлының атқарған қызметтерімен таныстырады, қалған топтар толықтырады.
2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу. Өлеңді төмендегі бөлімдерге бөліп оқу
1 - топ Оқуға шақыру
2 - топ Еңбек – іс - әрекеті.
3 - топ Даналық
3. Дәптермен жұмыс (түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп жазып, түсіндіру)
4. Сөздік жұмыс жүргізу
Іздеп тауып алалық - бұл жерде: үйрену, оқу, іздену.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау:
5. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балаларды неге шақырады? Өлеңге сүйеніп сызбаны өз сөзіңмен түсіндіріп көр.
Ү. Қорыту:
Ой толғаныс.
3 минуттық эссе. Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, ғалым, «Алаш» зиялысы.
1. Даналық, оқу, білім, т. б. сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?
2. « Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесің? Сызба арқылы көрсете аласың ба?
Даналық ------- білім -------- байлық
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап алу, «Даналық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Бағалау.
Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
Сабақтың тақырыбы: Оқуға шақыру. Ахмет Байтұрсынұлы
2024年3月5日856 浏览

#ахмет байтұрсынұлы#оқуға шақыру#ашық сабақтар бастауыш сыныпқа#ана тілінен
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
21 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
41 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

