Сынып: 8
Пәні: Биология
Тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы
Мақсаты: «Организмнің ішкі ортасы» тарауы бойынша алған білімі мен дағдысын тексеру, жүйелеу, ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, пәнге қызығуын арттыру, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс
Сабақтың типі: қайталау
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын, жұмбақ Көрнектілігі: суреттер, кестелер, интерактивті тақта, т. б.
Сабақтың жоспары: 1. «Орамал тастау» ойыны
2. «Тапқыр болсаң, тауып көр» тест
3. «Бәйге» ойыны
4. Биологиялық диктант
5. Жұмбақ шешу
6. «Кім тапқыр» ойыны
7. «Кім шапшаң» ойыны
8. Мақал - мәтел жарысы.
Сабақтың барысы: Жарыс сабақ болғандықтан сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өзінің ұран, мақсаттарымен таныстырады.
І топ – лейкоциттер.
ІІ топ – эритроциттер.
«Лейкоциттер» тобының ұраны:
«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз».
Мақсаты: «Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
«Эритроциттер» тобының ұраны: «Күш – білімде»
Мақсаты: «Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз».
1. Екі топтың арасында «Орамал тастау» ойыны ойналады. Мұнда әр тол мүшелері қарсы топқа сұрақтар қояды.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр»
(Тест шешу, ол екі нұсқамен беріледі.)
І нұсқа
1. Қанның сұйық бөлігі - бұл...
А. Су Ә. Плазма Б. Нысанды элементтер
2. Лимфа болатын ұлпалар - бұл...
А. Эритроциттер
Ә. Лимфоциттер
Б. Лейкоциттер
3. Қан ұлпаларының түзілетін жері - бұл...
А. Сүйек кеміршегі
Ә. Көкбауыр
Б. Бауыр
4. Қанның ұюы... иондарының қатысуымен жүзеге асады.
А. Калий
Ә. Натрий
Б. Кальций
5. Лимфа айналымы... аяқталады.
А. Оң жақ жүрекшеде
Ә. Сол жақ жүрекшеде
Б. Оң жақ қарында
ІІ - нұсқа
1. Қанның ұюын қамтамасыз ететін:
А. Эритроциттер
Ә. Лейкоциттер
Б. Лимфоциттер
2. Ақ қан түйіршіктері - бұл...
А. Эритроциттер
Ә. Тромбоциттер
Б. Лейкоциттер
3. Қанның ерімейтін нәруызы - бұл...
А. Фибрин
Ә. Фибриноген
Б. Гемоглобин
4. Бір тәулікте адамда түзілетін лимфаның мөлшері.
А. 2 л
Ә. 20 л
Б. 8 л
5. Лимфа... түзіледі.
А. Ұлпа сұйықтығынан
Ә. Қаннан
Б. Судан
3..«Бәйге» ойыны (Кім бірінші жауап береді?)
1. Плазма дегеніміз не?
2. Гемоглобин дегеніміз не?
3. Тромбоциттер дегеніміз не?
4. Лимфоциттер дегеніміз не?
5. Фагоциттер дегеніміз не?
6. Лимфа дегеніміз не?
7. Ұлпа дегеніміз не?
8. Иммунитет дегеніміз не?
9. Донор дегеніміз не?
10. Реципиент дегеніміз не?
4. Биологиялық диктант (Сәйкестендіру тесті)
1. Туа пайда болған иммунитет. А. Организмге емдік сарысуды енгізгеннен кейін пайда болады.
2. Жүре пайда болған иммунитет. Ә. Организмде антиденелер жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін түзіледі.
3. Белсенді жасанды иммунитет. Б. Организмге вакцина енгізгеннен кейін түзіледі.
4. Енжар жасанды иммунитет. В. Организмге ата - анадан тұқым қуалап беріледі.
Кілті: 1 — В, 2 — Ә, 3 — Б, 4 — А
5. Жұмбақты шеш.
«Қызыл теңізде» әрбір секунд сайын миллиондаған кеме апатқа ұшырап, су түбіне шөгеді. Ал миллиондаған кеме «тас айлақтардан» шығып, жүзеге аттанады. «Кемелер» «Тас айлақтар» деген не???
6. «Кім тапқыр?» ойыны.
Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырса, организмнің ішкі ортасының құрылыстарының аттары шығады.
1. Шаралауасж — жасушалар
2. Аенв — вена
3. Лалипкрыя — капилляры
4. Яртирае — артерия
5. Филма атымыры — лимфа тамыры
6. Сажуарақылша қйыұтысқ — жасушааралық сұйықтық
7. «Кім шапшаң?» ойыны.
(Қан тамырының дұрыс үйлесімділігін анықта)
І
ІІ
ІІІ
ІV
І, ІІ, ІІІ
ІІ, ІV
ІІ, ІІІ, ІV
І, ІІІ
8. Мақал - мәтелдер жарысы.
(Денсаулық туралы мақал - мәтелдерін айту)
Қазылар алқасы екі топтың жинаған ұпайлары бойынша қай топ жеңгенін анықтап, белсенді қатысқан оқушыларды атайды, марапаттайды!!!
Организмнің ішкі ортасы
Тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы
2024年3月5日696 浏览

#сайыс сабақ#биологиядан сабақ жоспары#организмнің ішкі ортасы#лейкоциттер#эритроциттер
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
14 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
34 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
54 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

