Астана қаласы
№ 64 мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктер дүниесінің құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, сайыс түрінде көбею жолдарымен таныстыру;
• Өсімдіктер тіршілігінің өзгерісімен таныстыру;
• Өсімдіктердің тірі табиғат екенін дәлелдеу,
Дамытушылық: ағаштар, бұталар және шөптердің айырмашылықтары туралы білімдерін тиянақтау;
Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға, баптауға үйрете отырып, экологиялық тәрбие беру
• Өздігінен ізденуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу,
• Сабақтың жабдығы: суреттер, топтық тапсырмалар, карта.
Типі: аралас сабақ
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, оқулық, бақылау күнделігімен жұмыс, ассоциация әдісі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты пысықтау:
- Балалар, біздің еліміз өз тәуелсіздігін алғанына 20 жыл толып отыр, Осыған орай көптеген жұмыстар жасалып, еліміз қол жеткізген жетістіктерін мақтаныш етіп отыр, Енді осы іске біз де өз үлесімізді қосуымыз керек. Ал, оны қалай жасаймыз?
- Білімімізбен қосамыз!
- Әрине, сондықтан да біз топтарға бөлініп тапсырмалар орындауға даярланып отырмыз!
- Сыныпта бес топ ұйымдастырылды. Олар: қызылдар, сарылар, жасылдар, көктер, күлгіндер деп аталады.
Олардың алдарында топ атына сәйкес гүлдер бар, Ал, тақтада дұрыс жауап берген сәтте, өз гүлін алып, Қазақстанның жерін гүлдендіруге рұқсат алады. Сабақтың соңында осы іске кім өз үлесін көп қосқандығы анықталып, жеңімпаздар атанады.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Өсімдіктердің көбеюі» деп аталады. Осы тақырыпқа көшпес бұрын алдымен, ауа райы, жыл мезгілі жайлы әңгімелесіп алайық!
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай. Денең мұздап тоңады.
Жерде сыз,
Өзенге қатты мұз
Қай жыл мезгілі, қазір?
Күз!!!
- Күздің қай айы?
- Қараша айы.
- Күз айларын атаңдаршы?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Бүгін ауа - райы қандай?
- Мына шартты белгілерді танимыз ба?
- Енді өткен тақырыпты еске түсірейік!
Балаларға топтық тапсырмалар беріледі.
Қызылдар тобы: Тірі және өлі табиғат заттарын ажыратып жапсырып беру.
Жасылдар тобы: Өсімдік топтарын ажыратып жапсырып беру.
Сарылар тобы: Өсімдік мүшелерінің атауларын өз орнына жапсырып беру.
Көктер тобы: Бақшаның достары мен зиянкестерін ажыратып беру.
Күлгіндер тобы: Жеміс, жидек, көкөністерді ажыратып жапсырып беру.
Оқушылар жұмыс барысында музыка тыңдап отырып орындайды. Соңында өз жұмыстарын қорғап айтып береді. Олар Қазақстанның жерін гүлдендіреді.
Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атып,
Түтін тіке шығады,
Қарлығаштар қанатын,
Самғап биік ұшады.
Қоюланып қара бұлт.
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақтың астына,
Тығылып қалды көбелек.
- Балалар, осы жаттығу кезінде біз қандай табиғат құбылыстарымен кездестік?
- Жел соқты, күн шықты, жаңбыр жауды.
- Ал, ендеше бүгінгі тақырыпқа көшейік! Осыдан бірнеше күн бұрын, біздің сыныптың оқушыларына зерттеу жұмыстары тапсырылған болатын. Сол жұмыстардың нәтижесін тыңдайық!
1)
2)
3)
Осыдан қандай қортынды шығарамыз! Өсімдіктердің бәрі өскіннен, тамырдан өседі.
- Балалар, Біздің мектептің ішінде гүл көппе? Сол гүлдерді кім өсіріп баптайды? Кім күнде еңбектенеді? Әрине Бибісара апай! Бүгін Бибісара апай бізде қонақта! Апай өсімдіктерді қалай көбейтеді? Соны тыңдап көрейік!
Өсімдіктің тағы бір көбею жолымен танысайық!
Ертегі:
Далада гүл өсіп тұр еді. Ол жаздай әдемі болып, жайқалып өсті. Күз келді. Өсімдіктер сарғайып, қурады. Қатты жел тұрды. Гүлдің қураған басы жерге салбырады. Сол кезде одан бірнеше тұқым жерге шашылды. Тұқымдар топырақпен араласып, жатты. Қыста оны қар басты. Көктемде қар еріп. Жер жылынғанша тұқым өніп одан өскін шықты. Қайтадан жаңа гүл өсті.
Оқулықпен жұмыс:
Енді оқулыққа қарап көрейік! Мәтінмен таныстыру
Жұмыс дәптерімен жұмыс:
Енді дәптермен жұмыс. Суреттерді сәйкестендіру.
Сабақты қорыту:
- Яғни, өсімдік тұқымнан, тамырдан, қалемшеден көбейеді екен.
Енді Қазақстанның картасына назар аударайықшы. Ол қандай болды? Әдемі, гүлді, әсем!!! Ал қай топ өз үлесін көбірек қосты екен! Гүлдерді санайықшы!
- Бүгін қандай тапсырмалар орындадық?
- Қай тапсырма қызықты болды?
Үй тапсырма: 54 - 55 бет. Оқу. Мазмұндау.
Бағалау:
Сабақтың соңында жеңімпаз топ анықталады.
Өсімдіктердің көбеюі
№ 64 мектеп - лицейі
2024年3月5日508 浏览

#өсімдіктердің көбеюі#ашық сабақ 1 сынып#өсімдіктер дүниесінің құпиясы мен қызығы
推荐阅读
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
8 分钟前
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
28 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

