Сабақтың тақырыбы: Отбасы және неке.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Отбасы ұғымымен, неке түрлерімен таныстыру. Отбасындағы неке рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: слайд пен суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме, балалар.
- Отырыңыздар
- Бүгін кезекші кім? Оқушыларды журнал бойынша түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау: (слайд арқылы көрсету)
1) Әкімшілік жазалаудың мақсаттарын ата:
- әкімшілік нормаларында көрсетілген іс - қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
- құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу;
- әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту.
2) Жазалаудың қандай түрлері бар?
- ескерту;
- әкімшілік айыппұл;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған заттың өтемін төлетіп алу;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаларды және бағалы қағаздарды тәркілеу;
- арнайы құқықтан айыру;
- лицензиядан, арнайы құқықтан, біліктілік аттестатынан айыру немесе оның қолданылуын белгілі бір қызметке немесе белгілі бір іс - әрекеттердің ( іс – қимылдардың) жасалуын тоқтата тұру;
- өз бетінше тұрғызып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ықтиярсыз бұзу;
- әкімшілік қамауға алу;
- шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
3) Әкімшілік айыппұл дегенді қалай түсінесің? әкімшілік жазалау әкімшілік құқық бұзушылық мезетінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің сомасына сәйкес болатын мөлшерде төленетін ақшалай жаза.
4) Тәркілеу дегеніміз не?
әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды, сондай – ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасау нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаларды және бағалы қағаздарды мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде ақысыз айналдыру.
5) «Арнаулы құқықтан айыру» дегеніміз не? өрескел түрде, немесе әлсін - әлсін осы құқықты қолдану тәртібін бұзғаны үшін нақты тұлғаға қолданылады.
6) Әкімшілік қамауға қандай жағдайдағы адамдар алынбайды?
Жүкті әйелдер және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, кәмелеттік жасқа толмағандар, І және ІІ топтағы мүгедектер, 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ерлер алынбайды.
7) Әкімшілік жаза азаматқа қандай түрде тағайындалуы мүмкін?
- әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан кешіктірмей;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей;
- салық салу саласындағы құқық бұзушылықты жеке тұлға жасаған болса – жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал заңды тұлға үшін – жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;
- созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық үшін оны анықтаған мезеттен бастап екі айдан кешіктірмей.
Дәптермен жұмыс: Дәптерді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.
ІІ Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ түсіндіру. (мұғалімнің түсіндіруі арқылы баяндау).
«Отан отбасынан басталады» - дегендей бүгінгі сабағымызда отбасы, неке, туыстық қатынас туралы танысамыз.
Отбасы дегеніміз - туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР – ның « Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. (1999 ж.)
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі.
Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстықтың екі тармағы болады → тікелей
→ жанама
Тікелей тармақ туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді.
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделеді.
Туыстық → жоғары
→ төменгі тармаққа ажыратылады.
Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әке, шеше, атаға, атаның атасына).
Туыстықтың төменгі тармағы – арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге).
Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына құқығы жоқ. Мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.
Толық туыстар – бір ортақ ата – анадан тарайтын аға – іні, апа – қарындастар.
Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні – қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен таралғандар деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Өгей әке – шешесі және өгей ер бала мен қызы да сүйек жақындар деп есептелінеді.
Отбасы → толық
→ толық емес деп екі түрге бөлінеді.
Толық отбасында ата – анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата – анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады → юрисдикциялық
→ бейюрисдикциялық
Біріншіден – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамқорлық орғандары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады.
Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Сонымен қатар 10 жастағы баланың шешімін сот тыңдап, ата – аналарының қайсымен қалады соны өзі шешеді.
Қорытынды: Сабақты бекіту.
Бүгінгі өткен тақырып бойынша тест орындау 4 сұрақтан тұратын.
І нұсқа
1. Өгей әке – шешесі және өгей балалары қандай жақындар болып есептелінеді?
а) туыстық
в) сүйек
с) қандас
2. Туыстық неше тармаққа бөлінеді?
а) 3 тармаққа
в) 2 тармаққа
с) 4 тармаққа
3. Ата – аналар балаларына немесе мемлекетке қалдыратын мүлікті қалай деп атайды?
а) парыз
в) өсиет
с) жинақ
4. Отбасының неше түрі бар?
а) 4
в) 5
с) 2
ІІ нұсқа.
1. Неке жасы неше жас?
а) 18 жас
в) 13 жас
с) 20 жас
2. Заңды түрде некеге тұру үшін алдымен қайда барады?
а) АХАТ – қа
в) сотқа
с) мешітке
3. АХАТ қандай мағынаны білдіреді?
а) азаматтық хал актілерін тіркеу
в) қамқорлық органы
с) неке сарайы
4. Ата – аналары ажырасқан кезде сот неше жасқа толған баланың шешімін тыңдауға міндетті?
а) 10 жастағы
в) 7 жастағы
с) 6 жастағы
Оқушылар тесті алмастырып тексереді. Тестінің жауабын тақтадан көрсетем.
«Мың бір мақал» ойынын ойнап жіберейік. Бірінші топ отбасы, бала тәрбиесі туралы мақал – мәтел, өсиет сөздердің бір бөлігін бастап берсе, екінші топ мақалдың екінші бөлігін жалғастырып, мазмұнын ашады. Мысалы, «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ержеткендігі даналығын тыйдым деңіз» (Руссо) десе, «балаға көп тыйым салуға, сәби кезінен қаталдықпен тәрбиелеуге болмайтындығы туралы айтылған»деп өсиет сөздің мазмұнын ашады. «Балалы үй базар» десе, «баласыз үй – қу мазар» деп жауап беріп мазмұнын ашады.
Бүгінгі сабақтан не алдым, не білдім, не түйдім? (тұжырым жасау.)
Бүгінгі сабақтан:
Не алдым?
Не білдім?
Не түйдім?
Бағалау: Үй тапсырмасын айтып, сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 17 оқып келу.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.
Отбасы және неке
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және неке.
2024年3月5日754 浏览

#экономика#ашық сабақ#құқық пәні#отбасы және неке#құқық негіздері
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
18 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
38 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
58 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

