Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математика сабағында алған білімдерін тексеру және тереңдету.
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой - өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеме, кеспе сандар, кестелер, суреттер, үлестірмелер, слайдтармен жұмыс.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ, жарыс сабақ, сырттай саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Слайдтар №1 - 3
Психологиялық дайындық.(Слайд№4)
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Қасиетті жұма күні,
Сәттілікке толсын. Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз қазір мына кемеге отырып, білім теңізі арқылы «математика» еліне саяхатқа шығамыз!. Іске сәт! Бір - бірімізге мейірім, сәттілік тілейік.
Ал, кәнекей, балалар, Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты, Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға, Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін, Мұқиятпен табайық.
Біз өте бақыттымыз, қазір үлкен кеменің ішінде ашық теңізде кетіп барамыз. Алдымен 3 топқа бөлініп, каютаға жайғасып отырып алайық.
(Слайд№5)
1 - топ. «Алғырлар».
2 - топ. «Ойшылдар».
3 - топ. «Талаптылар».
2. Ауызша есептеу. (Слайд№6)
1. Бір қолыңда неше саусақ.
2. Біп аптада неше күн бар?
3. 7 мен 9 - дың арасында қандай сан?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. 1 - қосылғыш - 7, екінші қосылғыш - 2, қосындысының мәні неше?
6. 1 жылда неше ай бар?
7. Азайғыш 8, азайтқыш 3 айырманың мәні?
8. 10 - ның алдында қандай сан?
9. Ең үлкен 1 таңбалы сан?
10. Ең кіші 1 таңбалы сан?
11. 10+5, 11+3, 8+8, 6+5, 4+8, 10+0, 7+7, 12 - 4, 16 - 6, 15 - 8.
Қорытынды. Тексерейік, қол шапалақтау арқылы. Жауаптары: 5, 7, 8, 42, 9, 12, 5, 9, 9, 1.
3. Дәптермен жұмыс.(слайд№7) Білім теңізінде жарысып көрелік. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу минуты 5 санын жазамыз.
4. Оқулықпен жұмыс. (Слайд№8 - 9)
5. «Кім жылдам?»Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.(Слайд№10)
Үш топтың оқушыларына №3 - 54 бет.
Қорытындысын шығарамыз. Жылдам тапқан топқа жетон беремін.
6 - кезең. Ойлан, тап. Ребус шешу.(Слайд№11)
7 - кезең. Сергіту сәті (Слайд№12).
8 - кезең. Ойтолғау. (Слайд№13)
Балалар, біз қандай геометриялық фигуралармен таныстық? - Өте жақсы, енді әр топ берілген кесінді сызады.
9 - кезең. Ой қозғау. (Слайд№14 - 15)
Балалар, мына тақтадағы берілген сандық деректерді толтырып көрелік.
10 - кезең Семантикалық картаны толтыру.(Слайд№16)
11 - кезең. Логикалық тапсырма.(Слайд№17)
12 - кезең. Үйге тапсырма: (Слайд№18) Сандардың құрамын қайталау. №6 - 55 б
Қорыту: (Слайд№19 - 20) Бағалау парағы (Слайд№21)
Дұрыс және тез жауап берген оқушылардың жетондарын санау. Ал енді үстелден келіп сан және әріп жазылған парақтарды алып, оқушылар тақтаның алдына қолдарындағы сандардың кему ретімен тұрыңдар.
11 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
Ж А Р А Й С Ы Ң Д А Р!
Оқушылардың білім теңізінде көрсеткен, дәлелденген білімдерін бағалайық. Мұғалім: «1» дегенім жаман баға,
Алады оны нашар бала.
«2» дегенім нашар баға,
Алады оны жаман бала.
Ал, сен нашарлама,
«3» дегенім орта ғана,
Сапасы да орта ғана.
«4» дегенім» жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«5» тек үздік баға
Оқимыз тек үздік қана!
Өте жақсы, ендеше білім теңізіне «Математика» еліне саяхатымызды аяқтайық. Барлығыңа көп рахмет. Сабақ аяқталды.
Өткенді пысықтау (математика)
Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
2024年3月5日666 浏览

#бастауыш сынып#математикадан сабақ жоспары#өткенді пысықтау
推荐阅读
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
15 分钟前
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
35 分钟前
阿拉木图托米里斯小区发生大火 消防员正在扑救
哈萨克斯坦紧急情况部正在扑灭阿拉木图市阿拉套区托米里斯小区一栋行政大楼的大火,火灾已升级为高级别响应。现场设立行动指挥部,消防员正排查被困人员并破拆屋顶。消防人员兵分两路,一路扑灭主要火点,另一路保护邻近建筑,并从所有可用的露天水源取水确保供水。目前火势已得到控制,暂无人员伤亡报告,消防部门仍在现场处置。
35 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

