Бейнелеу өнері пәнінен өткен ашық сабақ жоспары
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Портрет түрлері. Салтанатты портрет.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды портрет түрлерімен таныстырып және олар туралы мәлімет беру. Оны бейнелей білуге үйрету.
Дамытушылық: Портрет түрлерін ажырата білуге, суретшінің айтайын деген ойын, модульге көз қарасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне, сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ, білік, дағды қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, портретті бейнелеу.
Көрнекілік: Оқулықтағы иллюстрациялар, белгілі суретшілер жұмыстарынан әр түрлі портреттердің репродукциялары, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың бөлігі:
І Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ
ІV Оқулықпен жұмыс
V Сергіту сәті
VI Сарамандық жұмыс.
VII Сабақты қорыту.
VIII Үйге тапсырма.
IХ Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу, түгендеу, дайындық, назарларын жаңа сабаққа
аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
- Балалар, біз бүгін «Портреттер әлемі» атты көрмеге саяхатқа барамыз.
- Осы көрмеге барғыларыңыз келе ме?
- Ия.
- Қарайықшы көрме ашық па?
- Жоқ.
- Көрме есігі ашылу үшін, мына тапсырманы орындайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге «Пейзаж» тақырыбына өз бетінше сурет салып келу.
- Жарайсыңдар, сабаққа өте жақсы суреттер салып келіпсіңдер, тамаша!
(суреттер тақтаға ілінеді)
- Пейзаж деген не?
- Пейзаж бейнелейтін қандай суретшілерді білесіңдер?
- Жарайсыңдар, енді қараңдаршы көрме есігі ашылды ма?
- Ия.
- Олай болса, көрмеге қош келдіңіздер!
- Балалар, көрмеде қандай суреттер ілулі тұр?
- Портреттер
- Дұрыс айтасыңдар портреттер.
- Портреттер туралы білгілеріңіз келе ме?
- Ия.
- Олай болса сабаққа қатысып мұқият тыңдап отырайық.
ІІІ Жаңа сабақ:
- Біз өткен сабақта пейзаж түрімен танысқанбыз. Пейзажда табиғат бейнесін бейнеледік, ал бүгін біз портрет түрлерімен танысамыз, соның ішінде салтанатты портрет түрімен танысамыз.
- Балалар, қараңдаршы көрмедегі портреттерден қандай бейне көріп отырмыз?
- Адам бейнесі.
- Дұрыс айтасыңдар, портрет өнерінде адамды бейнелейді. Портрет өнері өте ертеде бірнеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ең көне портреттердің бірін, өте ертедегі Египет фараондарының мүсіндерінің бейнелерін айтуға болады. Оны бейнелейтін адамдарды суретші дейміз. Сендер қандай қазақ суретшілерін білесіңдер?
- Қастеев Әбілхан (1904 - 1973) – Қазақстанның бірінші халық суретшісі. Екі мыңнан астам кескіндемелік пейзаждар мен портреттері бар суретші. Осы кісінің атына ашылған Алматы қаласында музейі бар. Мынау Қастеев Әбілханның шығармалары қарап танысайық.
- Балалар, біздің осы Маңғыстау суретшілерінен кімді білесіңдер?
- Білмейміз.
- Біздің осы Ақтау атақты суретшіміз, ол Айтбай Құлбаев. Оның «Арт» галереясы бар. Көптеген шығармалары, жетістіктері көп кісі. Ол осындай жетістіктерінен кейін тоқтап қалмай, өз өнерін жастарға үйретуде. Оның шығармалары:
- Міне, біз көріп отырғандай портреттердің түрлері бар екен. Портреттер бірнеше түрге бөлінеді.
- Кәне, тақтаға қарайық;
1. Камералық портрет: Адамның ішкі дүниесін көрсететін, көлемі шағын портрет түрі. Камералық портреттегі модель суретшіні байқамайды, олардың назары мүлдем басқа жақта, табиғи қалыпта тұрады.
2. Топтық портрет: Екі немесе бірнеше адамның суреті бейнеленген портрет.
3. Жұптық портрет: Екі адамның, ерлі-зайыптылар, жақын достар бейнеленген портреттер.
4. Автопортрет: Суретшінің өзін бейнелеуі.
5. Салтанатты портрет: Модельдерді салтанатты, мерекелік түрде бейнелейтін портрет түрі. Модельдердің суретшінің алдына арнайы салтанатты киініп, ұстамды қалыпта тұруы.
- Бүгін біз осы портрет түрлерінің бірі - салтанатты портретпен жақынырақ танысамыз. Салтанатты портреттердің алғашқыларына Мысыр патшаларына - перғауындардың мүсіні жатады. Ал мынау сол замандағы ең сұлу әйел Мысыр патшайымы Нефертитидің кескіні. Ежелгі портреттер көбіне атаусыз табылған.
Сол кездегі суретшілер өз тапсырыс берушілеріне жағымпазданып, портреттерін әдемілеп жіберген.
IV Оқулықпен жұмыс:
- Балалар, мен сіздерге оқулықтан өте қызық тапсырма берейін, тыңдаймыз ба?
- Жақсы, оқулықтарымыздың 125 бетін ашып мұқият тыңдайық. (оқушыларға түсіндіріп, жауабын тыңдату)
- Балалар, мына сурет бізге көрінбей тұр, ол көріну үшін мына сиқыр сөзді пайдаланып, серігіп алайық.
V Сергіту сәті:
Алдым қолға қарындаш,
Бейнеледім суретті.
Бояуларды аламын,
Қыл қаламмен саламын
Суретімді болған соң,
Үлкен бестік аламын.
- Суретіміз көрінді ме?
- Ия.
- Бұл сурет қандай портретке жатады?
- Салтанатты портретке.
- Олай болса, біз қазір осы суретті бейнелейміз.
VІ Сарамандық жұмыс:
Салтанатты портрет
Ұлттық киім киген қыздың бейнесін бейнелеу
VІІ Қорыту:
1. Портрет көрмесі ұнады ма?
2. Портрет дегеніміз не?
3. Портрет нешеге бөлінеді?
4. Көрмедегі суреттерге қараңдаршы, портреттердің қай түріне жатады?
5. Сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
VІІІ Бағалау:
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Көп - көп
рахмет! (сабаққа қатысып, жақсы бейнелеген балаларды бағалау)
ІХ Үйге тапсырма:
1. Суретті аяқтап келу.
2. Суретшілер туралы мәлімет жинап келу.
Портреттер түрлері. Салтанатты портрет
Бейнелеу өнері пәнінен өткен ашық сабақ жоспары
2024年3月5日546 浏览

#бейнелеу өнері#портрет жанры#порттреттер түрлері#салтанатты портрет#бейнелеу өнері пәнінен өткен ашық сабақ жоспары
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
9 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
29 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
29 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

