Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Шамуратова Куралай
Сабақтың мақсаты; міндеті; Оқушыларға қағаздан гүл шоғын дайындау әдісін үйрету.
Эстетикалық ойлау, көзбен көру қабілетін, қол шеберліктерін және жұмыс орынды дұрыс ұйымдастыруды дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дайын гүл шоғы.
Сабақты қажетті құрал жабдықтар: гипс, қатырма қағаз, қайшы, жіп, сым, бояу, қылқалам.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Ой шақыру.
3. Мағынаны тану.
4. Теория бөлімі.
5. Сарамандық жұмыс.
6. Сергіту сәті.
7. Бағалау.
8. Қорытынды
9. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сабақ бастауға дайынсыздар ма?
- Құралдарың жинаулы ма?
- Көршің дұрыс отыр ма?
- Бәрі мені мұқият тыңдайсыңдар ма?
- Бүгінгі біздің өте ерекше сабақтың көмекшілері өздеріңе таныс гүлдер. Ия біз бұл гүлдермен таныспыз. Олар бүгін бізге қонаққа келді (гүлдердің суретін көрсету).
ІІ. Ой шақыру, жұмбақ жасыру.
ІІІ. Мағынаны тану.
Ендеше, бүгін біз қағаздан «Көктікен» гүлін жасаймыз. Оқулығымыздың 35-ші бетін ашамыз. Балалар, гүлдер ежелден сәндік қызмет атқарған. Гүлдерді әр түрлі әдіспен жасайды. Ал, мереке, туған күн кештеріне гүл сыйлау қалыптасқан дәстүріміз. Гүл жасағанда бізге шыдамдылықпен шеберлік керек.
ІV. Теория бөлімі.
V. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтайық.
1. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.
2. Қайшыны қасыңдағы оқушығаа сілтеме.
3. Қайшыны ашық тастама.
4. Сабақ соңында жұмыс орнын жинау.
Ал, қазір біз мынадай гүл жасаймыз. (дайын гүл шоғын көрсету) Ол үшін: көк, жасыл түсті қатырма қағаз, қайшы, гипс, сым, акварель немесе гуаш, қылқалам қажет.
- Жұмыс орны дайын ба?
- «Көктікен» гүлі бес бөліктен тұрады.
1.- Гүл күлтесі.
2 - гүл ұрығы.(аталығы)
3 - сабағы.
4 - жапырағы.
5 - гүл.
Көктікен гүлін дайындаудың реті:
1. Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.
2. Дөңгелектерді суреттегідей етіп әрлейміз.
3. Өсімдіктің аталығын жіңішке сым темірден жасаймыз.
4. Аталық табиғи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс ерітіндісіне саламыз.
5. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының төменгі ұшы жағынан кигіземіз.
6. Сабақты жұқа жасыл түсті қағазбен ораймыз.
7. Жапырақ сабаққа жіңішке сыммен бекітіледі.
Міне, дайын болған «Көктікен» гүлінің үлгісі. Көрсетілген рет бойынша мұғаліммен бірге қайталап жасау. Жасап болған соң мұғалім берген қағазға қасындағы көршісіне 1-2 сөзден тілек жазу.
VІ. Сергіту сәті
VІІ. Бағалау
Оқушылардың жұмысы сыныпқа көрсетіліп бағаланады. Мадақтап, ескертулер айтылады. Содан соң тілегі оқылып тақтаға ілінеді.
VІІІ. Қорытынды
Таяқшаны бір - біріне беру арқылы сабақтан нені меңгергенін айтады.
ІХ. Үйге тапсырма.
Гүл туралы мәлімет жазу. Әкелетін құрал; қатырма қағаз, фломастер, желім, сым.
Қағаздан гүл құрастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
2024年3月5日869 浏览

#технология#бастауыш#ашық сабақ#қағаздан гүл құрастыру
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
19 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
39 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
59 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

