Өзін - өзі тану 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қанағат, рақым ойлап қой!
Құндылығы: Парыз.
Қасиеттер: қанағатшылдық, рақымшылық, сабырлылық.
Сабақтың мақсаты: адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдарының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділігі: - қанағат, қанағатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып, ұғындыру;
Дамытушылығы: - еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс - әрекетіне сыни көзбен қарауын дамыту;
Тәрбиелілігі: - оқушылардың өз қанағат сезімдерін басқара алуын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: тыныштық сәті, әңгімелесу, топпен жұмыс мәнерлеп оқу, талдау.
Ресурстар(құралдар): интерактивті тақта, үнтаспа, бейнетаспа, мәтін, нақыл сөздер т. б.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру жұмыстары.
Тыныштық сәті. Үнтаспадан баяу әуен ойналады.
Оқушылар денелерін тік ұстап, қолдарын тізелеріне қойып, ыңғайлы отырады. Жан - жаққа көңілдері бөлінбеу үшін көздерін жұмғаны дұрыс. « Балалар, қысқы сая - бақты көз алдарыңа елестетіңдерші! Жан - жағымыз теп - тегіс аппақ, ақ жамылғы жамылғандай, ағаштар ақ күміс көйлек киген қарша қыздар секілді. Ағаштардың арасымен ұлпа қарды кеше, тап - таза ауаны жұтып терең демаламыз, аздап аяз да бар, бетімізді шымшылайды. Күн мен ақ күміс қар көзімізді шағылыстырады. Қандай керемет, таза ауа! Терең демаламыз. Тынысымыз ашылды. Қысқы бақтың әдемі көрінісі біздің көңілімізді көтерді. Көңіліміз шат, жағдайымыз жақсы, жанымыз рахатқа бөленді. Біз көзімізді ашып, сыныпқа ораламыз»
Үй тапсырмасын тексеру. Ш. Құдайбердіұлының «Талап пен ақыл» өлеңін оқып, мазмұнын талдау.
Дәйексөздің мәнін түсіндіру.
«Қанағат – қарын тойғызар, қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызар.»
Топтық шығармашылық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтарға «Қанағат», «Рақым» деп жазылған аттардың біреуін таңдап алады.
1 - тапсырма. «Сіздер кімдерсіздер?» Өз топтарының атауының мағынасын айту.
2 - тапсырма. «Ой қозғау» Сұрақтарға жауап беру.(2 сұрақтан)
1. Қанағат, қанағатшылдық деген ұғымды қалай түсінесіздер?
2. Қанағатшылдық сезімі адамды қандай жағдайларға жетелейді?
3. Рақым, рақымшылдық деген ұғымды қалай түсінесіздер?
4. Рақымшылдық адамдарды қандай жағдайларға жетелейді?
3 - тапсырма. «Кім жылдам?» Адамгершілік, ізгі қасиеттерін сипаттайтын сөздерді жазып, ақ сандыққа, керісінше адамның жағымсыз қасиеттерін сипаттайтын сөздерді жазып, қара қоқыс жәшігіне салу.
4 - тапсырма. «Ұлылардан ұлағат» Тақтада көрсетілген өлең шумағының авторы кім?
Түйіндеу. Бүгінгі сабағымызды қорыта келе, ізгілік пен рақымшылыққа, қанағатшылдыққа ұмтылу барлық адамзатқа тән қасиет. Бірақ бұл қасиеттер адам бойында туа біткеннен бола бермейді. Ізгілікке, адамгершілікке, қанағатшылдыққа өз болмысын шектей алатын адамдар ғана қол жеткізе алады. Барға қанағат, тәубе ете білу – әсіресе, бізге қазақ баласына тамыры терең жатқан ата - бабаларымыздың ұлағатты сөздері ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарымыздан қалған тамаша адамгершілік мұрамыз.
Тақтада «Даналардан қалған сөз» Нақыл сөздер көрсетіледі.
«Қанағат - табиғаттың төл перзенті,
Тағы да денсаулықты ол күзетеді» /Әль - Фараби/
«Тапшылықта азға қанағат еткенің,
Өзіңе - өзің патша боп, еркін өмір сүргенің» /Хорезми/
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз. /Абай/
Азға қанағат қылыңыз - дәулетті боласыз,
Кішіпейіл болыңыз - досыңыз көп болады. /халық мақалы/
Қорытындылау, белсенді оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: «Үш ана» мәтінін оқып келу
Соңғы тыныштық сәті. Үнтаспадан баяу әуен қосылады. Бүгінгі сабағымызда білген - түйгендеріміз біздің көңіл күйімізге, жанымызға жайлы әсер қалдырады деп сенемін. Көңіліміз шат, жанымыз тыныштықта болсын. Тыныштық, тыныштық. Тыныштық барлық жерде, тынышытық бүкіл әлемде!
Қанағат, рақым ойлап қой!
Өзін - өзі тану 10 сынып
2024年3月5日714 浏览

#нақыл сөздер#қанағат#өзін өзі тану 10 сынып#қанағатсыздық ұғымдарын салыстыру
推荐阅读
阿斯塔纳一男子因将脚搭在座椅靠背被罚款8.6万坚戈
阿斯塔纳警方对一名28岁男子处以罚款,原因是在足球比赛期间,他脱鞋并将脚搭在前排座椅靠背上。罚款金额为86,000坚戈。
13 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
13 分钟前
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
33 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

