Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Құрастыру сабағы
Тақырыбы: Қақпа құрастыру
Мақсаты: Б. м: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен
таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту. Д. м: Ойлау қабілетін дамыту арқылы қақпа құрастыра білуге үйрету. Т. м: Балаларды
ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтиежесіне жетуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қақпа
Қостілдік компонент: қақпа – ворота, қақпадан кіру - въехать в ворота Керекті құралдар: Әр балаға жеткілікті мөлшерде құрылыс материалдары, кубиктер таратылады
Мотивацияқ оятушылық. Тәрбиешінің әрекеті. Бала әрекеті
Шаттық №27
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен
Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
1) Қақпа туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.
Балалардың серуенде жүргенде қақпа көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен. Қақпадан балалар, үлкендер, тіпті машиналар аулаға кіре алатынын айтады.
- Қазір сендер қандай қақпа тұрғызасыңдар, оны кубиктерден құрастыру.
- Алдымен кубикті кубикке қою қажет. Жоғары жағына кірпіш қоямыз. Міне, әдемі биік қақпа құрастырдық.
- Енді сендер де осындай биік қақпа құрастырып көріңдер. Тек түзу қою керек, әйтпесе әдемі қақпа болмайды, тіпті ол сынып қалуы мүмкін.
(Машина өтетін қақпа құрастыру )
2) Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке - жеке балаларға көрсетіп, жауап алады. Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады.
Балалар құрастырып болған соң, ойнатуға және өздеріне ұнайтын құрылыспен толықтыруға болады.
3) Жұмыс барысы түсіндіріледі:
Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны ары - бері бірнеше рет өткізеді. Тәрбиеші үлгісінен соң, балардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады. Балаларға көмек беруге асықпау қажет.
4) «Қақпа құрастыру» ойыны Балаларға, жеке жұмысқа, дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады.
5) Қорытынды: Бірнеше рет өздері қойып, үлгіні қарап, соңында қақпаны жасап шығады. Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі.
Егер балалар машинамен кішкене құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе тәрбиеші оны толықтырады. Негізінен балалар ойынды толық меңгергенше жүргізген дұрыс
Өз беттерімен жұмыс істейді. Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады.
Рефлекивтік - түзетушілік
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылау
Жақсы қатысқан балалар мадақталады
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Құрылыс материалдарымен жұмыс істеуді білуі керек
Нені игереді: Кубикті, кірпішті қақпа пішінде орналастыруды меңгерді
Нені біледі: Ұйымшылдықпен жұмыс істей алады
Қақпа құрастыру
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
2024年3月5日652 浏览

#балабақша#құрастыру сабағы#қақпа
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
14 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
14 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

