Мектепалды даярлық тобы.
Қарттарым –асыл қазынам!
Жүргізуші: Құрметті балабақшамызда талай жыл еңбек етіп зейнетке шыққан ардагер апалар! Сіздерді 1-қазан Қарттар күні мерекесімен және қос тойың қатар болсын дегендей 2-қазан
ұстаздар күнімен балабақшамыздың бала тәрбиесінде қажымай-талмай еңбек жасап жүрген қызметкерлерімізді де құттықтаймыз!
Сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық, береке, бірілік, көңілдеріңізге қуаныш тілейміз!
Бүгінгі мерекелік іс-шарамыздың тұсау кесер сөзін балабақшамыздың меңгерушісі: Ү. Аширбекова апайға береміз!
Жүргізуші:
Қарттар жүрсін ортада
Өткенді көрген шежіре
Аман-сау болсын әрқашан
Сыйлаған бақыт біздерге, - деп балабақша қызметкері Б. Махамбетжанның орындауында
«Қарттарым» әнін қабыл алыңыздар.
Немеренің бар қылығы сүйкімді
Қуанышқа бөлер әркез қартыңды
Қарақат қыз «цыган» биін сыйласын
Гүлдендіріп, нұрға бөлеп бүл күнді. - деп ардагер апаларға арнап «Мектеп алды даярлық» тобы
бүлдіршіні Бітімбай Қарақатты «Цыган»биімен ортаға шақырамыз!
Жүргізуші:Ардагер апаларды мерекелерімен құттықтап, марапаттау үшін келесі сөзді Кәсіподақ төрайымы П. Әлібаеваға береміз!
Асыл жандар тәрбиеші ұстаздар
Шын шебер де өнерпаз бір тұлғалар
әр баланың жүрегінде туы бар сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!- деп ендігі кезекте балабақша педагог мамандарын марапаттау үшін ортаға меңгеруші Ұ. Аширбекованы шақырамыз.
Жүргізуші:
Бар тілегін арнаған балаларға,
Тәрбиеші ұстаздай пана бар ма?
Әр ісіне баланың баға беріп
Қиялдарын самғатқан армандарға - деп балабақша қызметкерлеріне арнап «Әнім сен едің» әнін
балабақшамыздың ән жетекшісі П. Әлібаева мен тәрбиеші П. Адигулова тарту етеді.
Жүргізуші:
Қазағымның шежіресін шертіп
Күй ойнатқан күмбірлетіп санаңа
Ұлтымның ұлылығын ұққызған
Қасиетіңнен айналайын домбыра, - деп «Би күйімен» өнерпаздарды шақырамыз.
Келесі кезекте ансамбльдің сүйемелдеуімен К. Алпысбаеваның орындауында қырғыз халық әні «Жылқышы»
Термелетіп берейін
Сөз маржанын терейін
Қошеметке бөлейін
Көмекейдің көмейін. -
Деп термеші ағайымыз Тоқтыбаев Қарғабай ағайды шақырамыз
Жайнаған қызғалдақтай қыр гүлімін
Кіші жүздің ішінде жиенеймін
Айта беріп созбалап не етпекпін
Еркелеткен анамның бір қызымын - деп балабақша өнерпазы Айтас Радамирді «Бала тілегі» әнімен
шақырамыз.
Жүргізуші: Бүгінгі қос мерекеге арналған мерекелік іс-шарамызды аяқтай отырып қортынды сөзді балабақша меңгерушісіне береміз және балабақшамыздың ардагер анасы Үрімхан ападан бата тілек
қабыл алсақ деген ниеттеміз.
Қарттарым –асыл қазынам
Мектепалды даярлық тобы.
2024年3月4日681 浏览

#балабақша#ашық тәрбие сағаты#қарттар күніне
推荐阅读
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
17 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
17 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
37 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

