Тақырыбы: Қасиетті Рамазан айы
Мақсаты: Мұсылманның бес парызының бірі, оразаның қадір - қасиетін білдіру,
салауаттылық өмір салты жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Барысы:
Кіріспе
Тәубешілік айы
Кешіріммен кеңшілік айы
Қайырымдылық пен жомарттық айы.
Құран оқу айы
Рамазан айының негізгі сауаптары.
Қорытынды:
Кіріспе
Әрбір мұсылман баласы өмір бойы жаратушы Аллаға құлшылық етіп, әу баста Алла белгілеп берген тура жолмен жүру керек. Ол ғана емес, қасиетті Құранда, пайғамбарымыз
Мұхаммедтің хадистерінде көрсетілген қағидаларды басшылыққа алып, міндетті бес парызды мүлтіксіз орындаса, екі дүниеде бірдей абыройға кенеледі. Алла тағала өзінің пенделері үшін құлшылық етудің ерекше кезеңдерін белгілеп берген. Осы кезеңде атқарған
Құлшылықтардың мән - мағынасын зор, айрықша сауапты болады. Соның бірі - қасиетті Рамазан айы. Бұл турасында Құранда айтылған:
« Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын.» (Бақара сүресі)
Біздің баршамыз аман - есен осындай ұлық айдың жүзін көргеніміз үшін кеудеміз шаттыққа толып, жаратушы иемізге алғыс айтуымыз керек. Осы ұлық айдың жүзінде кеудемізді күнәқарлық пен пендешіліктің тұтқынынан босатып, Исламның нұрлы жарық жолына бағыттауымыз керек.
Тәубешілік айы. Қасиетті Рамазан айында әрбір күнакар пенде бұл өмірде жасаған неше қилы орынсыз әрекеттері үшін - әуел бастан жаратушы Иеміз тиым салған жолмен жүрмей, аяқтарын бұрыс басқан жаңылыстарына кешірім сұрап, тәубеге келуді есінен шығармағаны жөн. Өйткені сен жаратқан Иенің мейірім - шапағаты ерекше мол. Қандай күнәңді кешіремін, жеңілдік жасаймын десе де ықтияры өзінде.
Бірақ Алла қандай күнә жасасам да кешіре береді екен деп, әсте қамсыз қалуға болмайды. Шын ниетімен тәубешілікке келген әрбір мұсылман мынандай үш шартты сақтауы тиіс:
1. Тура жолдан шығуды тоқтату.
2. Істеген күнәларынан опық жеу.
3. Қайталамау.
Егер осы көрсетілген шарттардың біреуі бұзылса, сіздің тәубаңыздан түсетін пайда екіталай болуы мүмкін.
Пайғамбарымыздың айтқан Хадисі бар:
«Құдіретті күшті ұлық Алламыз құлдарының жаны алқымға келгенге дейінгі тәубасын қабылдайды.»
Қазақтың: «Садақаңды сауыңда бер» деген нақыл сөзінің мағынасы да осыған саяды.
Қасиетті Рамазан айы - тәубаға келудің ең қолайлы кезеңі екенін ұмытпайық.
Кешірім мен кеңшілік айы.
Өзі сияқты өзгеге әрдайым жақсылық жасау, қайырым көрсету - шын мұсылман адамға тән қасиет. Сондай - ақ біреу саған зайыр қиянат көрсетіп, көңіліңді қалдырса да, оған кешірім жасап, қиянат жасаушы Алла алдында жауап бермейді, жазаға тартылмайды деген қорытынды шықпайды.
Өзгелерге қайырым жасаушыға, кешірімшіл болғанға, құдайдың қаһарынан қорыққанға Алла тағала бұл дүниеде жаннаттан жайлы орын дайындап қоймақ. Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көретіні Құранда айтылады. Пайғамбарымыздың Хадисінде де:
«Егер кешірімшіл болсаң, Алла сенің мәртебеңді өсіреді»деген сөзі бар.
Өзіңе қиянат жасаған адамнан кек қайтаруға ұмтылу - мұсылманшылыққа жат мінез. Әсіресе Рамазан айында мұндай теріс мінезге жол жоқ.
Қайырымдылық пен жомарттық айы.
Ең қайырымды, ең мейірімді, ең жомарт Иеміз өзі жаратқан пенделерінің де қайырымды әрі жомарт болғанын қалайды. Қасиетті рамазан айында мұсылман баласы бір - бірімен қайырымдылық, жомарттық жөнінде жарысқа түссе жарасады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедтің ерекше қайырымды, асқан жомарт адам болғандығы сунналарда жиі айтылады.
Ораза ұстаған мұсылмандарға құрмет көрсетіп, соларға қызмет істегендер - ораза істегендермен бірдей сауапқа батады. Мәселен ауыз ашарға шақыру, сәресі дайындап беру - осындай істерге жатады.
Рамазан айында мешіт айналасында, әйтпесе өзгеде де оңтайлы жерлерге( алаңдарға, асханаларға) мол дастарқан жайып, ауызы берік кісілерді кешкі асқа шақыру - көптеген мұсылман мемлекеттерінде кездесетін жақсы дәстүр.
Рамазан айының соңына таман зекет(Пітір, садақа) беру рәсімі басталатыны мәлім. Осы зекеттен дүние мен қаржыны, малды кедей - кембағалдарға, қаріп-қасірлерге бөліп берудің маңызы зор. Бұл әрі қайырымдылыққа, әрі жомарттыққа жатады.
Қасиетті рамазан айында әрбір мұсылман:
1 Аш - арық кедейді тойдырып тамақ беруге;
2 Жетім - жесірдің маңдайынан сипап, көз жасын құрғатуға;
3 Әлсіздің қолтығынан демеп жіберуге;
4 Қапалының жүзіне күлкі ұялатуға міндетті;
Қайырымдылықтың бұдан басқа да түрлері жеткілікті.
Құран айы.
Рамазан айында мұсылман баласы жаппай Құран оқумен айналысса болады. Өйткені;
«рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын, жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай.»
Жәбірейіл періште осы рамазан айында күн сайын түн мезгілінде пайғамбарымыз Мұхаммедке Құран аяттарын алып келіп, үйретеді екен. Рамазан айы туғаннан жомарт, көңілді болып кетер еді.
Егер мұсылман күндіз ораза ұстап, түнде Құран оқумен айналысса, қиямет күні оны екі түрлі қорғаушы қамқорлыққа алады. Ораза мен Құран осындай пендеге кешірім жасалып тамұқтан құтылу үшін тілек тілейді. Әрі бұл тілекті Алла қабыл көреді.
Рамазан айының негізгі сауаптары
Бұлар бірнешеу;
1 Рамазан айында жұмақтың есіктері ашылып, тамұқтың есіктері жабылады.
2 Ораза ұстағандардың бұрынғы істеген күнәлары кешіріледі.
3 Осы айда болатын Қадір түнінде ғибадат етудің сауабы мың ай бойы құлшылық етуге барабар деп саналады.
Қасиетті Рамазан айы
Тақырыбы: Қасиетті Рамазан айы
2024年3月5日782 浏览

#тәрбие сағаты#дінтану#қасиетті рамазан айы туралы түсінік#ораза туралы
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
15 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
15 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
35 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

