Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Менің Отаным
Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы алған білімдерін жинақтау.
Дамытушылық: жаңа сөздер мен мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, отанын қорғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ әдебиеті, география.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сұхбат, іздену, жаттығу орындау.
Оқыту формасы:. жеке – дара, жұптық, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, мемлекеттік рәміздер, туған жер, Отан туралы қанатты сөздер, аударма сөздіктер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, ән ұранды орындау.
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
б) Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
үй тапсырмасын қорытып, өткен сабақты қайталау.
IIІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:- Бүгінгі сабағымызды қазақ ақыны М, Мақатаевтың өлеңімен бастайық. Мұқият тыңдаңдар.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның қасиетті үнін сүйем...
Мұғалім:- Бұл өлең не туралы?
Оқушы:- Туған жер, отан туралы.
Мұғалім:- Отан деген не?
Оқушы:- Отан деген адамдардың туып - өскен жері.
Мұғалім:- Сендер қай жерде, Қай мемлекетте туып өстіңдер?
Оқушы:- Қазақстанда.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:”Қазақстан – Менің Отаным”
- Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі ай, күнін және сабақтың тақырыбын жазыңдар.
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым.
а) Жаңа сөздерді бірнеше рет оқыту, аудармасымен таныстыру.
ә) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
а) Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару арқылы мазмұнын түсіндіру.
ә) Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беру.
3. Сөйлесім. 2 - жаттығуды орындау.
а) Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуын және интонацияны дұрыс сақтай алуын қадағалай отырып, оқулықтағы 2 - жаттығу арқылы жұптық жұмыс жүргізу.
4. Оқылым. Жазылым. 4 - жаттығуды орындау.
а) Берілген мақалдардан өзге де мақалдар ұсынып, баламасын табу.
ә) Оқушыларға дұрыс құрастырылған сөйлемдерді дәптерге жазғызу. Мысалы:
Туған жер – алтын бесік.
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отанды сүю отбасынан басталады..
5. Сабақты қорытындылау.
1. Тірек - сызбамен жұмыс.
Отаным
↓
Тәуелсіз
Қазақстан
Менің
Туған жерім
Мемлекет
Елім
2. Берілген сөздерді жуан, жіңішкеге бөліп жазу.
Жуан:----------
Жіңішке: --------
Отан, жер, қазақ, ел, ата - ана, кіші, үй, аула, көше, мектеп, достар, көрші, тау, өзен, табиғат, орман, жануар
Сөзжұмбақтарды шешу:
Ақ---------------1. Белый
Алма------------2. Яблоко
Заман-----------3. Эпоха
Қарындаш-----4. Карандаш
Қала------------5. Город
Ас---------------6. Пища
Тіл---------------7. Язык
Нан--------------8. Хлеб
Ана--------------9. Мама
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
а) жаңа сөздермен мақал – мәтелдерді жаттау.
ә) «Менің Отаным»тақырыбына шағын шығарма жазу.
Қазақстан – Менің Отаным
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – Менің Отаным
2024年3月5日721 浏览

#Қазақстан#менің отаным#тәуелсіздік туралы
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
20 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
20 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
40 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

