Ақтөбе қаласы,
№33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің
Тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көрнекті ғалымдар жайлы кеңінен мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілдікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру, топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мақал – мәтелдердің жалғасын табу, тірек – сызба, тест, семантикалық карта.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, Әл - Фараби, М. Қашқари, Ж, Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауидің портреттері, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сынып оқушыларын топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ - жауап әдісі.
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы қашан қабылданды, неліктен?
2. Тың игерушілерге қандай жағдайлар жасалды?
3. Тың игеру қазақ халқының рухани өміріне қалай әсер етті?
4. Қазақстанның қай облыстарында тың игерілді.
5. Тың және тыңайған жерлерді игерудің қандай теріс жақтары болды?
6. Қазақстанда қанша гектар жерге егін егілді?
7. Алғашқы тың игеруші механизатор, еңбек ері кім?
8. Камшат Байғазықызы Дөненбаева қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
9. «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспары қай жылы қабылданды? 1954ж
10. Тың игерудің алғашқы жылы Қазақстанда қанша гектар жер жыртылды? 6, 5 млн
11. Мемлекет тұрғын үй салуға қанша сом несие берді? 10 сом
12. Молдавиядан қанша жұмысшы көшіп келді? 650 мың
13. Қазақстанға тың игеру жылдары қанша ұлт өкілдері келіп қоныстанды? 2млн
14. Топырақтың құнарлы бөлігі қалай аталады? гумус
3. Жаңа сабақ
Жоспар.
1. Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым, академик.
2. Қазақстан ғылымы.
3. Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті.
І. Қызығушылықты ояту.
Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы.
Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
Ілім – бұлақ, білім шырақ.
Ердің атын аты шығарар, ғалымның атын хаты шығарар.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
білім арзан, білу қымбат.
байлықтың кілті - ғылым.
наданмен қос болғанша, кітаппен дос бол.
ІІ. Мағынаны тану.
І топ Семейдегі ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдарға баға беру.
ІІ топ Мәдениет пен өнерге үлесін қосқан ғұламалары туралы мағлұмат беру.
ІІІ топ Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлері туралы баяндау.
ІІІ. Толғаныс.
І топ.
Тест.
1. Шығыстың аса көрнекі ғалымы Әбу Насыр әл – Фараби шығармаларын қандай тілде жазды?
А) Түрік В) Парсы + С) Араб Д) Грек
2. Өз еңбектерінде адам дүниесі және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен ақыл – ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым:
а) М. Қашқари
в) Әл - Фараби
с) Ж. Баласағұри
3. Махмуд Қашқаридың шын аты:
а) Махмуд Хусейн ибн Махаммед+ в) Мұхаммед Қазы Бахадүр
с ) Әдіб Ахмет Махмұдұлы.
4. Қазақтың әйгілі ғалымы Қыдырғали Жалаиридың Шығармасы:
а) «Жүсіп – Зылиқа»
в) «Шежірелер жинағы»+
с) «Хусрау – Шырын»
5. «Тарих - и Рашиди», «Жаһаннаме» шығармасын жазған кім?
а) Мұхаммед Хайдар Дулати
в) Махмуд Қашқари
с) Жүсіп Баласағұри
6. Махмұд Қашқари жасаған саяси - этностық тарихи карта қай ғасырда жарық көрді?
а) ІХ ғасырда
в) ХІІ ғасырда
с) ХІ ғасырда+
7. Қожа Ахмет Иассауидің әкесі, атақты ғұлама адам:
а) Ибраһим
в) Мұхаммед Қанапия
с) Мәті би
8. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада салынған?
а) Баласағұн
в) Сауран
с) Йасы
9. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
а) 30 жасында
в) 35 жасында
с) 25 жасында
10. «Қазақ шежіресін «кім хатқа түсірді?
а) Ян Вансина
в) М. Ж. Көпеев
с) В. Радлов
ІІ топ
Семантикалық карта
№ Ғұламалар
Туған жылдары 870 - 950 ж 1873 ж 1806 - 1879 ж 1103 - 1167 жж. 1103 - 1167 ж 1866 1835 ж
1 Құрманғазы Сағырбайұлы
2 Махмуд Қашқари
3 Әбу Насыр Әл - Фараби
4 Ахмет Байтұрсынов
5 Ахмет Иассауи
6 Шоқан Уәлиханов
7 Әлихан Бөкейханов
ІІІ топ:
А) 1. Мұхаммед Хайдар Дулати -----«Манас» жыры
2. Қыдырғали Жалаири ------------«Жаһаннаме»
3. Қожа Ахмет Йассауи -------------«Түрік тілдерінің сөздігі»
4. Әл - фараби --------------------------«Шежірелер жинағы»
5. Махмуд Қашқари ------------------«Даналық кітабы»
6. Шоқан Уәлиханов -----------------«Данышпандық інжу - маржаны»
Б) 1. Махмуд Қашқари ------------------ Семей облысы
2. Қожа Ахмет Иассауи -------------- Отырар
3. Әл - Фараби ---------------------------- Қашқари
4. Әлихан Бөкейханов ---------------- Сайрам
5. Ахмет Байтұрсынов ---------------- Құсмұрын бекінісінде
6. Шоқан Уәлиханов ------------------ Қостанай облысы
1. Тірек – сызба. Ғылымның даму
2. Тірек – сызба.
Тіл білімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар.
3. Тірек – сызба. Әдебиеттің көрнекті өкілдері.
Бекіту:
1. Ғылыми жетістік деп нені айтады?
2. Қазақстанда ғылымның дамуы қандай дәрежеде болды?
3. Мәдениет пен өнердің дамуына баға бер.
Үйге тапсырма. 54 - параграфты оқу, мәнжазба жазу.
Бағалау.
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
№33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің
2024年3月4日618 浏览

#тарих#қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы#тарихтан сабақ жоспары
推荐阅读
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
13 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
33 分钟前
扎列玛·哈米杜林娜:“纳乌鲁兹和梅拉姆古丽有何快乐?他们的生命以特别残忍的方式结束”
阿特劳州法院判处杀害妻子亲属的苏丹·萨尔谢马利耶夫终身监禁。法官扎列玛·哈米杜林娜在宣判后发表动情讲话,质问纳乌鲁兹和梅拉姆古丽又享过什么福,指出他们身患残疾,生命以特别残忍的方式结束,未留下后代,所有梦想被犯罪打断,并拒绝被告母亲‘我儿子没享过福’的开脱理由。法官还强调,法院不认为这一理由可以成为开脱情节。
33 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

