Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің кітапханашысы
Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары - халықтың мәдени мұрасы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет - ғұрыптарын, салт - санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы:
1. Ұйымдастыру:
- оқушыларды топтарға бөлу
- топ басшысын сайлау
2. Негізгі бөлім.
- мұғалімнің кіріспе сөз
Биыл біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейміз. Елбасы Жарлығымен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланды. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» биылғы ел мерейтойының ұраны болмақ. Тәуелсіздік күнін атап өту кездейсоқ емес. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстанның жоғары кеңесі республиканың тәуелсіздігі мен егемендігі туралы Заң қабылданған болатын. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан Советтік Социалистік Республикасы соңғылардың бірі болып өз егемендігін алды. Бұл құжат тәуелсіз мемлекеттің конституциялық - құқықтық негізін қалады және осы уақыттан бастап оның жаңа тарихы басталды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды – Заң қазақ ұлтының өзін - өзі билеу құқығын нақтылап берді. Біздің мемлекет азаматтардың еркіндігі мен құқығы сақталған азаматтық қоғам құруға нық сеніммен жол тартып келеді.
Тәуелсіздік тұғыры ғой ұл елдің,
20 жасың құтты болсын нұр елім.
20 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім!
Осы атаулы мерекеге орай «Тәуелсізідктің 20 шыңы - 20 жұлдызды күн» аясында мәдени мұра бағдарламасына сәйкес 5 – сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» тақырыбында сайыс өткізілгелі отыр.
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8 - ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М. Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В. Н. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.
Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т. б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін
таныстыру)
2. Жамбы ату.
3. Аударыспақ
4. Ұшты - ұшты
5. Теңге алу
6. Асық ойыны
7. Білектесу (қол күрес)
8. Мыршым - мыршым
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.
Сайысқа қатысқалы отырған 2 топты ортаға шақырамыз. Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. 1. Б. Карчалова - мектеп директорының тәрбие жұмысының орын 2. А. Дауылова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
3. А. Пшанова - тәлімгер.
1. «Тұлпар» тобы (өздерін таныстырады)
2. «Қыран тобы» (өздерін таныстырады)
Сайысымыздың 2 - ші туры «Жамбы ату»
Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады. Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру. Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек. Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады. Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі турымыз «Аударыспақ» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол – қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жекке шығып, бірін - бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4 - туры «Ұшты - ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез - тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
1 - топқа Ұшты - ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты - ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты - ұшты – үкі ұшты
Ұшты - ұшты – түлкі ұшты
Ұшты - ұшты – бүйрек ұшты
Ұшты - ұшты – үйрек ұшты
2 - топқа. Ұшты - ұшты – кекілік ұшты
Ұшты - ұшты – кекілің ұшты
Ұшты - ұшты – іркіт ұшты
Ұшты - ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты - ұшты – ебелек ұшты
Ұшты - ұшты – көбелек ұшты
Ұшты - ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты - ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты - ұшты – тырна ұшты
Ұшты - ұшты – тырма ұшты
Ойынымыздың келесі туры «Теңге алу»
Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге алу». Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 6 - туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады. Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама - қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін екі топты ортаға шақырайық. Екі топтан бір - бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым - мыршым».
«мыршым - мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын - сауық кештерде ойналатын ойын. Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады. Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ. Ойын жүргізуші айтқан Мырым - мырым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1 - ші топты шақырамыз. Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мырым - мырым деп айтып отырады. Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. Екі топ кезекпен ойынға шығады
Тәуелсіз тойға арналған,
Бүгінгі бәйге қандай - ды!
Кім келеді екен алдыда,
Жарыс пен жүйрік таңдайды.
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Мәдени мұра бағдарламасының бір бөлігі аясында өткізіліп отырған «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Қазақтың ұлттық ойындары - халықтың мәдени мұрасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
2024年3月4日728 浏览

#қазақтың ұлттық ойындары#халықтың мәдени мұрасы
推荐阅读
阿拉木图一毕业生在颁发仪式上撕毁毕业证(视频)
阿拉木图商业与传播学院毕业证书颁发仪式上,一名毕业生当众假装撕毁毕业证,实际撕掉的是提前准备好的假封皮,真证书完好无损。视频在社交网络疯传,引发两极评论:一些人赞赏其创意和幽默,另一些人认为在庄重仪式上此举不尊重教师和学生成就。仍有网友呼吁以玩笑视之。事件起因于毕业典礼,由当地媒体报道。该事件引发广泛关注。
23 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
23 分钟前
哈萨克斯坦将强制追缴卡沙甘股东2.3万亿坚戈罚款
哈萨克斯坦要求卡沙甘油田外国公司7月20日前支付2.3万亿坚戈生态罚款,否则强制追缴。ICSID仲裁庭审理中,预计7月底组成。卡拉恰甘纳克项目仲裁同时进行。罚款源于2022年发现违规堆放约170万吨硫磺。NCOC股东包括多家国际石油巨头,总投资约600亿美元。法院判决已生效。此案涉及生态违法,持续数年。
43 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

