Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білімдік аймағы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Қысқы ағаш
Мақсаты: Б.м: Қысқы ағаштарды бұтағына, діңіне қарап ажырата білуге, ағаштар мен бұталарға қамқор болуды үйрету.
Д.м: Жұлмалап қию әдісін үйрету. Бейнені қағаз бетіне әдемі орналастыру тәсілдерін жетілдіру.
Т.м: Қоршаған ортаның әдемілігін сезімталдықпен түсіне білуге тәрбиелеу
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Бала әрекеті
Мотивациялық оятушылық № 10 «Жүрек жылуы» Далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық мейірімге толы. Достарымыз бен жақын адамдарымызға өзіміздің жылуымызды бере аламыз. Балалар шеңберде қыстың ерекшелігін естеріне түсіреді, екі алақандарын алдымен жүректеріне қойып, соңынан жан-жақтарына жаяды
Ұйымдастырушылық ізденушілік - Тәрбиеші балалардан серуен кезінде не көргендерін сұрайды. Ағаштардың қысқы тіршілігіне назар аудартады.
(ағаштардың бұталары мен бүрлерінің орналасуына, түсіне қарайды)
- Ағаш қандай бөліктерден тұрады?
- Мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астына ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі. Діңінен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке, майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды.
- Көрдіңдер ме, табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.
- Бұл ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
- Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?
- Серуен кезінде ағаштардың түбіне қар үйінділерін үю керек.
- Табиғаттағы қыс кезіндегі өзгешеліктер жайлы әңгімелеседі.
- Олар қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Тәрбиеші ағаштың бұтағын суға салып қояды, кейін ағаштың бүр жара бастағанын балалармен бақылайды.
- Балаларға жұмыс барысын түсіндіреді. Қағазды жұлмалап және қайшымен қию әдістерімен ағаш, бұтақтарды қиып жапсырады.
Балалардың жауаптары
- Тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы
- Ағаштар сән береді, көлеңке береді, ауаны тазартады
- Жоқ, болмайды
- Ағаштың бұтақтарын қырау басқан. Дала аппақ. Күн суық.
- Бақылайды
Мақтадан қар, аспан бөліктерін әзірлеп жұмыс мазмұнын толықтырады.
Рефлексивті түзетушілік Ұ.о.іс-әрекеті соңында балалар өз жұмыстарын қызықтап, бір-біріне өз бағаларын береді.
Дидойын: «Тұқымына қарап ағашты тап»
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білді
Білуі керек: Бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуі керек
Түсіне біледі: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі
Қысқы ағаш
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
2024年3月4日740 浏览

#бала бақша#жапсыру сабағы#қысқы ағаш бейнесі
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
15 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
15 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
35 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

